Пятница, 19.04.2024, 10:14
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 947
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Февраль » 25 » «Л дыбысы және әрпі»
14:38
«Л дыбысы және әрпі»

Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Сауат ашу»
Тақырыбы: Л, л дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру..
Білімділік:Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты - дауыссыз дыбыстарды бір - бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Ойын арқылы тілдерін, ой-өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, сергіту, қорыту,мнемотехнология.
Сөздік жұмыс: л дыбысы кездесетін сөздер.
Көрнекіліктер: Л әрпінің баспа түрлері, суреттер, текшелер, карточкалар. «Сауат ашу. Әліппе-дәптер».
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивация-лық қозғаушы

Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі Жылулық шеңбері:
-Балалар қәнекей бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын бір-бірімізге жылы лебізімізді білдіріп,көтеріңкі көңіл күй сыйлайықшы.
Бақыт деген осы шаттық шеңбері
Қол ұстасып тұрайықшы, кел бері
Бақыт деген көрмей қалса сағынып,
Мен іздейтін адал жүрек сендегі.
-Балалар бүгінгі келген қонақтармен сәлемдесейік.
-Балалар бүгін бізде сауат ашу оқу іс-әрекеті.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Өтілген дыбыстарды еске түсіру.
Ойын: «Сөз ойла – тез ойла!»
А – ата, апа, алма, асқабақ, алмұрт...
Т – тауық, ата, тырма...
Н – нан, ана, науа...
П – парта, апа, піл...
Ғ – ғарыш, ғарышкер, аға...
Р – рауан, ара, зымыран...
Біз өткен оқу іс-әрекетінде.қандай дыбыспен танысып едік есімізге түсірейікші
-Дұрыс айтасыңдар.(Р-дыбысын тақтаға ілу)
-«Р» дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз дыбыс па?
-Дұрыс айтасыңдар.
«Р» дыбысын қандай текшемен белгілейміз?
«Р» әріпінен,және кездесетін сөздерді маган кім айтып береді?
Алдымен қазақ алфавитінде неше әріп бар? -Балалар, дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты, дауыссыз дыбыстар деген не?
Сөз неден құралады?
Буын деген не?
Сөйлем деген не?
Жаңа сабақ:
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар, жауабын шешуге маған көмектесіңдер
«Мә-мә»деген әні бар
Секірер ор, жары бар
Селтеңдейді құлағы
Секіргіш бір жануар
Ол не екен балалар?
1 видеоШөре-шөре лағым
Тентек болма шырағым
Секетемей деміңді ал
Селтеңдемей құлағың
Өлең не жайында айтылған?
Дұрыс лақ жайында
«Лақ»сөзін айтып көрейікші
-Балалар «Лақ» сөзінде бірінші қандай дыбыс естіп тұрмыз?
Слайд:«Л»дыбысын айнаға қарап тұрып қайталайықшы
-«Л» дыбысы қалай айтылып тұр?
Езуімізді жиырамыз, тістерімізді бір-біріне жақындатамыз. «Л» деп айтамыз
Л дыбысына дыбыстық артикульяция жасау. Кедергімен бе ,әлде кедергісіз бе?
-Дұрыс, тіліміз тісімізге тиіп Дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр.
-Өте жақсы, олай болса «Л»дыбыс қандай дыбыс екен?
-«Л» дыбысы дауыссыз дыбыс болса онда оны қандай текшемен белгілейміз?
Тіл ұстарту жаттығулары:
1.Ла, ла,ла-бұл әдепті бала,
Лу, лу, лу-біздің Нұрай сұлу.
2.Ра-ра келді ара
Ла-ла араның усті ала
2 слайд.Лдыбысы неге ұқсайды
-Балалар мынау «Л» дыбысының әріп таңбасы, мынау баспа түрі,ал мынау жазба түрі
д/о «Менің орным қайда?»
-дұрыс, балалар л-дыбысы сөздің басында ортасында аяғында да кездеседі.
- Мысалы: лақ сөзінде л дыбысы сөздің басында келеді ал, бал сөзінде сөздің аяғында , балапан сөзінде сөздің ортасында келеді.
1. Тапсырма «Дыбыстық талдау»
Тал,алға,лала
( үтел-үстінде)
2.Тапсырма.«Олар не істеді?»
Сөйлем құрау.
3.Тапсырма. Буындарды оқы
4.Тапсырма..
(Жаңылтпаш жаттау)
-Балалар, «л»-дыбысына жанылтпаш айтайық (барлық баламен)
«-Ләйлік лайға лайланды, Лайланған ләйлік, лайда отырып жайланды.»
(Сыбырлап, орта дауыспен, қатты дауыспен айтқызу)
Жарайсыңдар.
Сергіту сәті:
Жалт-жұлт етіп лақ,
Жағалайсың бұлақ,
Секірем деп бірақ,
Қала көрме құлап. (2рет)

5.Тапсырма. «Сөздік лото»
6.Тапсырма. «кубик»
(лақ, лото, лимон,люстра)
-Балалар, «Л»-дыбысын, кәне ауада жазып көрейік.
Дәптерімізді ашайық
Әдемі етіп жазайық.
Дәптермен жұмыс:
Қаламды дұрыс ұстап,
жазу кезіндегі отыру ережесін еске түсіріп, нүктелерді бастыртып жаздырту.
Дәптердегі үлгіге қарап «л»-дыбысын баспа түрін жазады
7.Тапсырма «Қай әріп жоғалып қалды?»
А...ма. Ап...а. Та...а. Н...н.
-Л дауысты ма әлде дауыссыз ба?Неге?
д/о«Дауысты-дауыссыз» дыбыстар
Л дыбысын тиісті киіз үйдің біреуіне апар.
Балалар шаттық шеңберінде бір-бірлеріне деген ізгі тілектерін айтады.

Саламатсыздарма апай
лар!


-«Р»дыбысы


-«Р»дыбысы
Дауыссыз дыбыс

-Р дыбысын көк текшемен белгілейміз

Радио, ара, зымыран,т.б.

балалар жауап береді

-лақ


-лақ, (Суреттен көрсетеді)
Лақ

л л л .
-Л дыбысы кедергі мен айтылып тұр.
-Л-дыбысы дауыссыз
-Көк түсті текшемен



Балалар бірнеше рет қайталайды


-балалар сөздерді қайталайды
-текшемен белгілейді.
Дыбыстық талдау жасап

-Балалар жаңылтпаш айтып тілдерін жаттықтырады.
сыбырлап, орташа, қатты айтады

Балалар сергіту сәтін орындайды.

-Л әріпін ауада жазады



Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі Қорытындылау -Балалар біз қандай әріппен, қандай дыбыспен таныстық?
Л-дыбысы қандай дыбысқа жатады?
-Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
-Жарайсындар балалар, осымен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз, кәне келген апайлармен қоштасайық

Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бүгін келген қонаққа
Сау болыңыздар деп айтамыз -
Сабаққа жақсы қатысқан балаларға сыйлық таратады.
Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. Балалар сұрақтарға жауап береді.

Өзін-өзі бағалау.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Л л дыбысы мен әрпі туралы түсінді, білді.
Игеруі керек: Дауысты - дауыссыз дыбыстарды бір - бірінен ажыратуды, л дыбысы дауыссыз дыбыс екенін игерді
Меңгеруі керек: сұраққа жауап беруді, баспа түрде жазуды меңгерді.

Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: «Л дыбысы және әрпі»
Мектепке даярлық тобы



Тәрбиеші: Абдинова Үміт Даутқызы

2014-2015 оқу жылы
№23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназия
Екібастұз қ

Просмотров: 1822 | Добавил: adik2225 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика