Менің сүйікті пәнім - 22 Апреля 2015 - Сайт творческих учителей Казахстана

Воскресенье, 04.12.2016, 23:25
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 317
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Апрель » 22 » Менің сүйікті пәнім
16:01
Менің сүйікті пәнім
Қазақ тілі пәні бойынша сабақ жоспары
Сыныбы: 5 «Е»
Күні: 13 наурыз 2015ж.
Оқытушы :Курмангалиева К.О.
1.Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті пәнім
2.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
3.Сабақтың мақсаты:
Білімділік: дыбыстар мен әріптер тақырыбы бойынша өтілген материалдарды қайталау, жуан және жіңішке ажыратып алуға машықтандыру.
Дамытушылық: сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын байыту, ауызекі тілін дамыту
Тәрбиелік: кітапқа, сабаққа, білімге қызығушылықтарын арттыру.
4. Сабақты жабдықтау: интерактивті тақта, кеспе қағаздар, тақта, оқулық, бейнетаспа
5.Оқыту әдіс – тәсілдері: «Адасқан әріптер» ойыны, «Сатылай сөйлем құрастыру» әдісі, «Полиглот» ойыны, деңгейлік тапсырмалар
6.Пән аралық байланыс: гуманитарлық, жаратылыстану -математикалық

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу
II Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру
III Үй тапсырмасын тексеру__5_ сөз септеу
IY Мотивация кезеңі
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын «Адасқан әріптер» ойыны арқылы анықтайық: ирахт, идетәеб, ақзақ ілті, неде нықшыутры
Y Жаңа сабақ:
-_Бұларды бір сөзбен қалай атауға болады?
- Пәндер.
- Пән атауларын қай жерден көруге болады?
- Сабақ кестесінде, күнделікте, журналда.
- Дұрыс, ендеше әрқайсысың ұнататын пәндерден сабақ кестесін бүгінге құрастырыңдар. Және не себепті оны жақсы көретіндіктеріңді айтыңдар. Мысалы: математиканы есеп шығару ұнайды.

Сергіту сәті: «Қара жорға» музыкасына би қимылдарын жасау

Сөздік жұмысы: -Сендер үш тілд пәндер оқисыңдар.Ендеше, «Полиглот» ойынын бастаймыз. Экранда суреттер беріледі, сендер оның атауын қазақша, орысша және ағылшынша атауларын керек.
Мектеп – школа- school
Мұғалім- учитель- teacher
Сабақ- урок- lesson
Оқулық- учебник- a book
Тақта- доска- a board

Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту _Деңгейлік тапсырмалар:
3- деңгей. 31- беттегі 2- тапсырма. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасайды: мұражайда, бұйымдар, құттықтады.
2- деңгей. 31- беттегі 1- тапсырма. Керекті сөздерді жіктеу (өткен шакта, ауыспалы осы шақ): тақтаға шығу, сурет салу, қол көтеру, дұрыстап жауап беру, тапсырма беру.
1-деңгей. 31- беттегі 1- тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Қосымша кеспе қағаздарда тапсырмалар беру. Жіктеу: Мен қазақша сөйлей аламын. Менің сүйікті пәнім әдебиет. Мен Қазақстан тарихын оқып білгім келеді.
YI Бекіту: «Сатылай сөйлем құрастыру» әдісі «пән» не «сабақ» сөздерімен
1 Зат есім
2 Сын есім- зат есім
3 Үстеу- сын есім- зат есім
4 Есімдік- үстеу- сын есім- зат есім
5 Есімдік- үстеу- сын есім -зат есім- етістік

YII Қорытындылау кезеңі
- Бүгін сабағымыздың тақырыбы қандай?
- Сенің сүйікті пәнің қайсы?
YIII Рефлексия кезеңі - Смайликтары бар парақтарға сабақ қалай қткенін түртіп көрсетіңдер: өте жақсы өтті, түсіндім, ештеңе түсіндедім.
IX Үй тапсырмасы: Оқу білім туралы мақал мәтелдер тауып жаттау

Х Бағалау
Просмотров: 709 | Добавил: Жанна3231 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика