|
Главная » 2015 » Январь » 27 » Ми. Ми бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі. Биологиядан сабақ жоспары 8 сынып.
12:09 Ми. Ми бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі. Биологиядан сабақ жоспары 8 сынып. |
Биология пәнінен қысқа мерзімді жоспар Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы Ми. Мидың бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі 1. Мақсаты мен күтілетін нәтижелер Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметін анықтап білу Оқушы: • Ми бөлімдерін атай алады; • ми бөлімдерінің құрылысын сипаттай алады; • ми бөлімдерінің құрылысын қызметімен байланыстыра отырып,түсіндіре алады 2. Ұйымдастыру кезеңі 1. Сәлемдесу 2. Психологиялық кіріспе 3. Сабақтың тақырыбы, мақсаты және күтілетін нәтижелері айтылады. 3. Үй тапсырмасын тексеру 1. Дұрыс немесе бұрыс • 1. Жүйке жасушасы-нейрон • 2. Ұзын өсінділер ақ затты түзеді. • 3. Рефлекс доғасы жұмыс мүшесінен басталады. • 4. Шеткі жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады. • 5. Сомалық жүйке жүйесі ішкі мүшелер қызметін реттейді. • 6. Жұлынның салмағы 35-39г, ұзындығы 42-45 см. • 7. Жұлынның сұр заты көбелек пішінді. • 8. Жұлыннан 12 жұп жүйкелер тарайды. • 9. Жұлын рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады. • 10. Әрбір рефлекс доғасы жұлынның белгілі бөлігінің орталығы-жүйке орталығы арқылы өтеді Дұрыс жауаптары: 1 Д 2 Д 3 Б 4 Б 5 Б 6 Д 7 Д 8 Б 9 Д 10 Д Өзін-өзі бағалау Бағалау шкаласы: 0-3 –«2» 4-6- «3» 7-8- «4» 9-10- «5»
4. Қызығушылықты ояту Сұрақ: «Сан мың жұлдызы сәуле шашқан ғарыш пен ми өздерінің күрделілігі жағынан бір-бірінен кем түспейді» дегенді қалай түсінесіңдер? 5. Мағынаны тану
Сергіту сәті Оқушылар санау арқылы 4 топқа бөлінеді Топтық тапсырма: (Мидың нақпішіні және оқулықпен жұмыс) • 1 топ- §14 (50-51 бет - сопақша ми, көпір) • 2 топ- §14 (51- 52 бет- ортаңғы және аралық ми ) • 3 топ- §14 (52 бет- мишық ) • 4 топ- §15 (53 бет- үлкен ми сыңарларының құрылысы Әр топ баяндаушы арқылы жұмысын қорағайды Топтар 2 жұлдыз бір ұсыныс арқылы бір-бірін бағалайды. «Ұлытау» 6. Ой толғаныс Қызықты мәліметтер «Ми» тақырыбына синквейн жазу Критерий бойынша өзара бағалау Бағалау критерийлері: 1. Тақырыпқа сәйкестілігі-1 ұпай 2. Мазмұны ( қарама-қайшылықтардың болмауы) 1ұпай 3. Жазу сауаттылығы -1 ұпай 7. Үйге тапсырма §14, §15 (53 бет) Ми бөлімдеріне семантикалық кесте құрастыру. 8. Ресурстар 1. Интерактив тақтасы 2. Презентация 3. Маркер, қағаз 4. Тапсырмалар 5. Бағалау парағы
Бағалау парағы Оқушының аты-жөні Дұрыс немесе бұрыс Синквейн Жалпы ұпай 5 4 3 2 3 2 1 Ұпайды бағаға айналдыру шкаласы: 7-8 – «5» 6 –«4» 3-5 – «3» 0-2 – «2»
|
Просмотров: 3787 |
Добавил: Айкен
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|
|