Открытый урок(С) - 18 Февраля 2015 - Сайт творческих учителей Казахстана

Воскресенье, 04.12.2016, 15:12
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 732
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Февраль » 18 » Открытый урок(С)
20:14
Открытый урок(С)

Ислямова Бану Балгашевна бастауыш сынып мұғалімі
Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы,
Ақжар негізгі мектебі

Тақырыбы: «Жапырақ күзде неге сарғаяды?»
Мақсаты: Өсімдік мүшелерінің ішінде жапырақтың атқаратын қызметі мен, сыртқы
құрылысы және түрлерімен таныстыру, түсінік беру. Оқушылардың өсім-
дік туралы білімдерін кеңейту, дамыту өздігінен ізденіске салу, ойын тұжырым-
дау, өсімдіктерді қорғауға үлес қосу, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арт-
тыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдістері: Сұрақ-жауап, иллюстративті түсіндірмелі, жартылай ізденісті, СТО техрология-
Сының әдістері, ойын элементтері.
Пәнаралық байланыс: ана тілі.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1) Оқу құралдарын дайындау, түгендеу.
2) Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
- Мен оң қолымды жайып, жүрегімнен қуаныш алып сендерге сыйлаймын.Жер бетіндегі ең ақылды, ең күшті кім? (Адам)
- Ал сендер де ақылды, күшті, зерексіңдер. Ендеше біз өз білімімізге сеніп, сабағымызды «Миға шабуыл» деген ойыннан бастайық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1) (Ауызша тез жауап беретін сұрақтар қою)
- Өсімдіктер нешеге бөлінеді?
- Жер асты мүшесі?
- Тамыр түрлерін ата. Олар қандай қызмет атқарады?
- Сабақ қандай қызмет атқарады?
2) «Ой қозғау»
(кесте бойынша жауаптарын жүйелеу)
- Балалар, біз өсімдіктердің қандай мүшелерін білеміз? (кесте бойынша жұмыс)
Тұқым
Тамыр


Өсімдік мүшелері

Сабақ
Жапырақ


ІІІ. Жаңа сабақ: 1.Түсіндіру
-Біз бүгін жапырақ туралы айтамыз, ол неге сарғаяды, түсетінін білеміз, атқаратын қызметімен танысамыз. Жапырақсыз сидыйып тұрған өсімдік туралы Абай атамыз Қалай айтқан?
Оқушы: Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай.
- Ағаш көркі жапырақ демекші, жапырақ өсімдікке сән береді. Жапырақ шаң тозаңды жұтып, ауаны тазартады, шуды бәсеңдетеді. Оның пішіні әр түрлі болады. Өсімдік бойында қант пен крахмал бар. Оны өсімдік қайдан алады? Бұл топырақта жоқ. Өсімдік жапырағы сондай шебер-аспазшы екен. Күннің жарығы мен жылуы арқылы жасалады. Жапырақ неге жасыл? Оған жасыл түс беретін «хлорофилл» деген зат. Салқын түскен кезде жапырақтағы «хлорофилл» жойылады. Өйткені күннің жылуы азаяды. Жапырақтар бозарады, құрғап, сарғаяды, түседі.

2) Оқулықпен жұмыс. (62-63 бет)
3) Сабақты пысықтау.
- Жапырақ өсімдікке не береді?
- Артық су не қылады?
- Қандай қызмет атқарады?
- Оның бойында нелер бар?
- Жапырақтағы жасыл бояу қалай аталады?
- Оны қайдан алады?
4) Өлең құрастыру. «Жалғасын тап»
Мені ешкім . . . (жемейді)
Тәтті екен . . . (демейді)
Сарғайып . . . (пісемін)
Үзіліп . . . (түсемін)
5) «Өсімдік дәрігерлері» ойын жүргізу.
6) Сергіту сәті. «Мозаика құрастыру»
7) «Күздегі жапырақтың түсуі» ойын.

ІV. Сабақты қорытындылау.
Біз бүгін өсімдік туралы айттық. Олар адамға, жан-жануарларға да қажет. Табиғат пен адам өзара байланысты. Сондықтан әркім туған жерінің табиғатын аялар, қорғай білуі керек. Табиғатты қорғауға сендер қандай үлес қосасыңдар? Ол үшін кішкентай ғалымдардың пікірін тыңдайық.
(оқушыларға жүрекшелер таратылады, соған балалар өз ойларын, пікірлерін жазады)
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: 62-63 беттер, түсініп оқу. 6 тапсырманы орындау.

Просмотров: 352 | Добавил: Бану | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика