Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс. 5 сынып - 30 Марта 2015 - Сайт творческих учителей Казахстана

Воскресенье, 11.12.2016, 03:16
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 736
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Март » 30 » Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс. 5 сынып
12:58
Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс. 5 сынып
Жамбыл облысы, Меркі ауданы
№20Т.Рысқұлов атындағы орта
мектебінің информатика пәнінің
мұғалімі Малдыбаева Бағила


Сабақтың тақырыбы: Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үзінділерді белгілеуге және олармен әр түрлі әрекеттер орындауға, үзіндіні көшіруге, жылжытуға және жоюға үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: аралас сабақ
Сабақ көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, PowerPoint слайдтары, тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: Сурет, бейнелеу
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
2) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
3) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Аңшылар» ойыны
1. Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?
А) 1 Б) 2+ В) 3 С)4

2. «Дұрыс» фигураны салу үшін қай пернені жібермей ұстап тұру керек?
А) Alt Б)Ctrl В)Shift+ С)Delete

3. Өшіргіштің қандай режимдері болады?
А) Қарапайым және түрлі түсті + Б) Қарапайым және күрделі
В) Стандарттық және стандарттық емес С) Жұмсақ және қатты

4. Көпбұрышты пайдаланып, шеңбер сыза аламыз ба?

А) Сызуға болады Б) болмайды + В) Shift пернесінің көмегімен ғана сызуға болады? С) Адамның мүмкіндігіне байланысты.

5. Paint графиктік редакорында қанша құрал пайдаланылады?
А) 15 Б) 16+ В)17 С) 18
ІІІ. Білімдерін жан жақты жетілдіру. «Кім жылдам?»ойыны
I. «Жұмбақтар» шешу
Сол аяқ пен оң аяқ
Кезек оны тебеді,
Ол тынымсыз домалап
Зыр жүгіре береді ./Доп/

Әрі қызыл, әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты. /Алма/

Жұрттың бәрі сүйеді
Бірақ қарай алмайды / Күн/

Сырт –сырт соғады
Уақыт озады /Сағат
Қақаған қыста,
Өседі тыста.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста. (Шырша)
ІІ. «Графикалық диктант»
................. графикалық редактор. Ол .................................... бағдарламаға жатады. Paint .................. салуға, ........................ бояуға, ..................... енгізуге, салынған суретті ...................... шығаруға мүмкіндік береді. Программаны іске қосу үшін ..........................- ........................-..........................-.................. командасын орындау керек. Сурет салғанда .............құралды пайдалануға болады.
Салынған суретті ............................. командасы арқылы сақтаймыз.

ІҮ. Жаңа сабаққа даярлық
Семантикалық карта
V. Жаңа сабақ
Үзінді- бұл суреттің белгіленген бөлігі.
Бұл құралмен ерікті түрдегі үзіндіні белгілейді.

Бұл құралмен төртбұрышты үзіндіні белгілейді

Үзіндіні көшіру үшін:
1.Үзіндіні белгілеу
2. Правка – Копировать командасын орындау
3.Правка - Вставить командасын орындау

Үзіндіні жылжыту үшін:
1.Үзіндіні белгілеу.
2. Правка → Вырезать командасын орындау.
3.Правка - Вставить командасын орындау

Үзіндіні тышқанмен іліп алып, қажетті орынға апару керек. Үзіндіні «көбейту» дегеніміз – экранда тышқанның нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелерінің тізбегін жасау. Ол үшін «Shift» батырмасын басып тұрып суретті көбейту.

Компьютермен жұмыс
«Paint» графикалық редакторын іске қосып төмендегі тапсырмаларды орындаңдар:
1-тапсырма
1. Соқпақ жолға шырша отырғыз.
2. Көшіру арқылы осындац үш шырша отырғыз.

2- тапсырма.
1. Үй мен көше сал.
2. Көшіру арқылы тағы үш үй, содан кейін осындай үш көшеде тұратын ауыл сал.
3. Ортаңғы көшені кішірейіт.

VI. Жаңа сабақты бекіту.
1. Суретті жылжыту үшін, қандай команда орындаймыз.(Копировать).
2. Суретті көшіру үшін, қандай команданы орындаймыз?(Вырезать)
3. Суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге арналған құрал? (масштаб)
4. Сызықты әр-түрлі қалыңдықта сызуға арналған құрал қалай аталады?(Қарындаш)
5. Shift батырмасын баса отырып, тышқанның нұсқағышы жылжыту арқылы не істеуге болады? (Көбейту)

Қорытындылау.
Не білмедім? Не білдім? Не білгім келеді?

VIІ. Үйге тапсырма беру.
1.Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс /оқу/
2.Еркін тақырыпта сурет салу.

VII. Бағалау.
Просмотров: 561 | Добавил: bagilamaldybaeva82 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика