Суббота, 20.04.2024, 12:01
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 947
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Ноябрь » 30 » Сын-қимыл үстеуі
07:01
Сын-қимыл үстеуі
Сабақтың тақырыбы: Сын-қимыл (бейне) үстеуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға үстеудің мағыналық түрлерін, сөйлемдегі қызметін, емлесін меңгерту. Алдыңғы сабақта алған білімдерін кеңейту. Үстеудің түрлену ерекшеліктерін ұғындыру.
Дамытушылық: Ауызша және жазбаша жаттығулар, үлестірмелі қағаздар, сабақта пайдаланатын мәтіндер арқылы үстеуді табу, талдау, ойын дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Сабақта пайдаланылған мәтіндер, мысалдар, мақал-мәтелдер арқылы оқушыларды адамгершілікке, елін сүюге, адалдық ізгілікке баулу, ғылым-білімді меңгерген, көкірегі ояу азаматтарды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, АКТ, СТО стратегиялары (топтастыру, ЖИГСО,
Көрнекілігі: тірек-сызбалар, АКТ, суреттер, үлестірмелі парақшалар, шарлар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. (оқушыларды тексеру, сыныпты сабаққа даярлау)
Үй тапсырмасын тексеру (4 минут)
1. Үстеу дегенімізді қалай түсінеміз? Сұрақтары қандай?
2. Құрамына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтір.
3. Тұлғасына қарай нешеге бөлеміз? Мысал келтір.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Оқушыларды ортаға шығарып шар таратамын. Шарды үрлеп, тілек жазамыз. Оқушыларды әртүрлі шарлармен топқа бөлемін.
1. Әр топқа қыс, жаз, күздің суретін таратып беремін. Сол сурет бойынша мәтін құрады, мәтінде үстеуді қатыстыру керек,мәтінді оқиды. (3 минут)
2. Осы мәтін бойынша семантикалық картаны толтырады. (Тапсырмасы үстеуді тауып, талдау).(2 минут)
Үстеу Дара Күрделі Негізгі Туынды






ІІІ. Мағынаны тану. Оқушыларды тағы үш топқа бөлемін. Жаңа сабаққа байланысты үш топқа мәтін таратылады. (15 минут)
І топ.
Үстеудің мағыналық түрлері туралы түсіндіру. (мезгіл үстеу, мысал келтіру).
ІІ топ. Мекен үстеу, жасалу жолдары, мысал келтіру.
ІІІ топ. Қимыл-сын (бейне) үстеуі.
1) Мәтінді оқиды, кластер жасап, қорғайды. Мәтінге байланысты жаттығу жұмысын орындайды.
2) 281-жаттығу. Әр топ 2 сөйлемді алып, берілген тапсырмасын орындайды. (3 минут)
1) Топтанып – қалай? Туынды
2) Емін-еркін – қалай? Күрделі
3) Шамша – қалайша? Туынды
4) Етпетінен – қалай? Негізгі, дара
5) Көлденең –қалай? Негізгі, дара
6) Мықтап – қайтіп? Негізгі, дара
7) Жоғары – қалай? Негізгі, дара
8) Бір-бірлеп – қалай? Күрделі
9) Зорға – қалай? Негізгі, дара
3) Үлестірмелі парақшаларды 3 топқа таратамын. Берілген мәтіннен үстеулерді тауып, талдау. (3 минут)
Жоғары-төмен үйрек-қаз,
Ұшып тұрса сымпылдап,
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап. (Абай)
Міндетті түрде күн сайын аз да болса міндет борышын атқарып отыру – тамаша іс. (Э. Делакруа)
Бандылар күшігін алдырған қасқырша кезіп, елдің тағы да үрейін ала бастады. (С.Сейфуллин)
4) Үстеулерді пайдалана отырып, «Қыс қызығы» тақырыбына эссе жазу. (7 минут)
Сабақты бекіту: бес жолды өлең құру (синквейн)
Үстеу
Қиын қызық
Ойландырады үйретеді толғандырады
Үстеу тақырыбы маған ұнады
Сөз табы (5 минут)
Бағалау:
Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы Сурет бойынша мәтін құру Семантикалық картаны толтыру Жаңа сабақ жаттығу Үлестірмелі парақша Бес жолды өлең Қорытынды баға
Мадина
Мөлдір
Ерболат
Шыңғыс
Алихан
Бекарыс
Алия
Айдана
Ерболат
Аида
Просмотров: 3455 | Добавил: Сара | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика