Пятница, 19.04.2024, 06:42
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 947
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Март » 19 » “Тәрбие отбасынан басталады”
20:50
“Тәрбие отбасынан басталады”
Ашық сынып сағаттың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың бойында сат-дәстүрлерге, тілге деген құрмет, ата-анаға және ұстазына және ұлы ғалымдарды білуге, отанға деген сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту;
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, жауапты тез ойланып, тиянақты жауап беру;
Тәрбиелік: топпен жұмыс істеуді қалыптастыру, өзара көмектесуді дамыту, еркін сөйлеуге, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сынып сағаттың түрі: Ой-толғау
Сабақтың жабдықталуы:
1. Спортық құрал-жабдықтар.
2. Слайдтар
3. Билер
Сабақтың эпиграфы:
“Адамның басшысы-ақыл, шолушысы -ой, жетекшісі-талап, қорғаушысы-сабыр, сынаушысы-халық, таусылмайтыны –арман, ең қымбаттысы-ар сақтау, бәрінен ардақсысы-өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі –сыйластық!”
Төле би
Ұйымдастыру: а) сыныппен амандасу
Топтарға бөліну
1. Құлагер
2. Қыран
3. Отан

Әділ қазыларды ортаға шақырайық:
1. Хабар агентігінің бас директоры:
Казкеева А.Б.
2. Совет үкіметінің көп еңбек сіңірген халық әртісі: Абсалямова А.К.
3. LG Компаниясының бас төрағасы:
Жумалинов Д.Е.
Білген жүйрік:
“Білген жүйрік ” сайыста,
Өткірлеу бол, майыспа.
Кемел ойлап жауап бер,
Қиналма да қайыспа.

Құлагер командасына:
1.Тіл туралы заң қанша баптан тұрады?
2. “Ел боламын десең, бесігіңді түзе” кімнің сөзі? М.Әуезов
3.Әйелдің күші аз, несі көп?
4.Ең тәтті не?
Қыран командасына.

1.Тіл мерекесі қай кезде аталынып өтеді?
2.”Сұлу ” сөзінің синонимі.
3. Айнаға әйелдер көп қарайма, жоқ әлде ерлер ме?
4.”Киіз басу” ісін шатыстырмай ретімен айтып бер.
Отан командасына.
1. Сәндік бұйым жасайтын адам
2. Б.Майлиннің әйел бостандығы тақырыбына арналған әңгімесі?
3. Шашқа тағатын сәндік бұйым?
4. “Ерулік” деген сөзді қалай түсінесіз?
II кезең.
“Мен жаңылмаймын”

. Әйтеке сұрағы:
Мына жаңылтпашты тез айт.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім.

Төле би сұрағы:
1. Мына өлеңді кім жазған.
Жүректен кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй
Төле би сұрағы:


Қазыбек би сұрағы:
Мақал-мәтелдің жалғасын тап.
Қонақ келсе------
Жақсы туса –ел ырысы,---------
III кезең.
“Өлеңдер сайысы”
Өнердің сырын білмесең,
Өз ісіңді сүймесең.
Өнегелі атанып,
Өмірде мынау жүрмесең.
Әр топ наурызға, елімізге, жерімізге байланысты ән айту керек.
IV кезең.
“Кездейсоқ жағдайлардан шығу”

Өмір жол емес тақтайдай,
Боласың кейде батқандай.
Қиналған кейбір сәттерде,
Ақылың болсын ақ таңдай.
Құлагер
Сұрақ:
Сіздің жетекшілік ететін сыныпта мерекелік шара өткелі жатыр. Сіздің сол кешті жүргізетін оқушыңыз келмейтінін хабарлады.
Сіз не істейсіз?

Қыран:
 Қызыңыз мектептен мұғалім дұрыс бағаламады деп ренжіп келді. Осы жағдайда қызыңызға қандай ақыл айтасыз?

Отан:
Сыныптастармен жиында отырғанда сынып жетекшіңіз кіріп келді. Сіздер сынып жетекшілеріңізге ескертпеген едіңіздер. Сіз қандай жағдайда болар едіңіз?

V кезең.
“Ойындар сайысы”
Спорт – біздің досымыз,
Әдетке оны қосыңыз.
Айналыссақ бәріміз,
Жөн болар еді осымыз.
Ойындар сайысына қыз қуу, арқан тарту, бәйге.

Қортынды: Әділ қазыларға сөз берейік.
Ал балалар, ата-аналар, ұстаздар міне бүгін сендердің мұндай өнерлі,таланты екендеріңді көріп отырмыз, талаптарыңа нұр жаусын.
Осымен ашық сынып сағатымыз аяқталды.
Просмотров: 1367 | Добавил: ular | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика