урок казахского языка в 11 классе - 29 Декабря 2014 - Сайт творческих учителей Казахстана

Среда, 07.12.2016, 21:15
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 320
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Декабрь » 29 » урок казахского языка в 11 классе
07:06
урок казахского языка в 11 классе
Нұрмақанова Зайра Әбікейқызы- қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
«Рузаев орта мектебі»
2 санатты мұғалім

11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Компьютер және денсаулық Салалас құрмалас сөйлемдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Салалас құрмалас сөйлем түрлерін ажырата білу.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін сыни тұрғыдан оқу мен жазу арқылы қалыптастырып, сауатты жазуларын, сөйлеу мәдениетін, ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелілік: Компьютерге тәуелді болмай, денсаулықтарына сақтықпен қарау.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.Кесте .Суреттер.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, информатика.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Балалармен сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ Үй жұмысын тексеру.
Компьютердің атасы кім?
Компьютердің құрылымы.
Салалас құрмалас сөйлемдерді қайталау.
ІІІ Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
1.Сөздік жұмысы
құрылғы-оборудование
жүйке – нерв
жүйе- система
зақым-вред
омыртқа- позвоночник
қисаяю- кривиться
Осы сөздермен сөз тіркестерін жасау.
2. Суреттер көмегімен мәтін бойынша жұмыс жүргізу.
Компьютер– ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз - ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарату болып табылады. Сондықтан компьютердің пайдасы өте көп.
Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жай сиямен жазылған және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. Сөзімді қорытындылап келіп,айтарым: «Компьютер – уақыт талабы» .Біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.
Ақпарат- ғасыры аталып жүрген ХХІ ғасырда бар шаруаны мойнына алған бесаспап бұл құралдың жақсы жақтарымен бірге, қазірдің өзінде тигізіп отырған залалдары да аз емес. Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, компьютердің зиянды жақтары қазірдің өзінде бой көрсетіп, оның салдарының адамзат үшін оңай болмайтындығын анық аңғартқан сыңайы бар. Бірақ, таяқ басымызға қашан тигенше бейқам жүрмей, бесаспап құралдың залалдарына бүгіннен бастап назар аудару қажет.

Комьютердің пайдалы жақтары: ВЕНН диаграммасын құру.
1. Тиімді. 2. Ұқсас. 3.Тиімсіз.
1. Қажетті материалдарды тез табамыз, өңдейміз, таратамыз.
Тапсырыс бере аламыз.
Кез келген төлемдерді төлейміз.
Бір-бірімізбен хабар алысамыз.

2. Комьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынындай:
Көздің көру қабілетін төмендетеді.
Омыртқаның қисаюына әкеліп соғады.
Жүйкеге салмақ түсіреді.
Шаршағыштық, әлсіздік басады.

Мұғалім сөзі: бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады".Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті, бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады.

Жазба жұмыс:Берілген жай сөйлемдерден салалас құрмалас сөйлемдер құрастырып жазу және синтаксистік талдау жасау. Денсаулығыңды, мәліметтерді сөздеріне морфологиялық талдау жасау.

Комьютердің пайдасы көп. Көздің көру қабілеті төмендейді.
Комьютерге көп қадалып отыру зиянды. Компьютерде көп отырма.
Күндіз-түні мониторға үңіліп отруға болмайды. Оны дұрыс қолдана біл.
Денсаулығыңды сақта. Омыртқаның қисаюына әкеліп соғады.
Алтын уақытыңды жоғалтпа. Керек мәліметтерді жылдам аласың.
Жұптық жұмыс: Компьютердің пайдасы мен зияны. Диалог.
Мақал-мәтелдерді оқу, орыс тіліндегі баламасын табу
1.Дені саудың- жаны сау.
2.Тазалық - саулық негізі,
Саулық - байлық негізі.
3.Аурудың алдын ал.
Қорытынды: Тест сауалын орындау
1.Салалас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
А) Себеп.
В) Мезгіл.
С) Мекен.
D) Қарсылықты.
Е) Мақсат.

2. Құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
Театрға бармаймын, өйткені әжеме көмектесуім керек.
А) Кезектес.
В) Ыңғайластық.
С) Талғаулы.
D) Түсіндірмелі.
Е) Себеп-салдар.

3.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем жалғаулықтарын анықтаңыз.
А) Өйткені, себебі.
В) Жалғаулығы жоқ.
С) Сол үшін, себебі.
D) Сөйтсе де, әйтсе де.
Е) Әйтпесе, немесе.

4. Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Комьютер пайдалы, дегенмен зияны да жетерлік.
А) Қарсылықты.
В) Ыңғайлас.
С) Кезектес.
D) Талғаулы.
Е) Түсіндірмелі.

5.. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) Себебі
В) Және.
С) Немесе.
D) Әлде.
Е) Сөйтсе.


6.Кезектес салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) әйтпесе.
В) бірақ.
С) бірде.
D) немесе.
Е) және


7.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) әйтпесе.
В) сонда да.
С) біресе.
D) өйткені
Е) бірақ

8 Кезектес салалас құрмалас сөйлем шылауларын көрсетіңіз.
А) Сондықтан.
В) Өйткені.
С) Бірде.
D) Әйтсе де.
Е) Немесе.

9. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз.
А) Кейде.
В) Бірде.
С) Сондықтан.
D) Жалғаулықсыз.
Е) Сөйткенмен.

10. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Биыл мектеп бітіремін және Астанаға жоғарғы оқу орнына түсемін.
В) Күз түсті де, де, күн суыды.
С) Қоңырау соғылды, сабақ басталды.
D) Кейде қатты жел тұрады,кейде жаңбыр жауады.
E) Жиналысқа не әкем келеді, не анам келеді..

Жұмысты алмастырып, оқушылар бір-бірін тексереді.

Үйге тапсырма: «Мен компьютерді пайдаланамын» тақырыбында қысқаша әңгіме жазып келу
Бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділіктеріне қарай бағалау.
Просмотров: 616 | Добавил: Речной1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика