Пятница, 19.04.2024, 05:23
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Февраль » 10 » Жұлдызды сәт
13:01
Жұлдызды сәт
Жұлдызды сәт
Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, та-рихы мен өнерін қастерлеп, халықтық салт-дәстүрлерді аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: нақыл сөздер жазылған плакаттар, жұлдызшалар.
Мұгалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар бүгін сіздер 3-сы-нып оқушылары даярлаған «Жұлдызды сәт» деген тәрбие сағатын керіп тамашалайсыздар. Бүл негізінен ана тілі, ән-саз сабақтары бойынша алынып, жарыс түрінде өтіледі.

1. Терме. 2. Айтыс. 3. Ырымдар, тыйымдар.

Осы бөлімдердің бәріне дерлік бабаларымыздың бізге, кейінгі ұрпаққа айтып кеткен өсиеттері, өнегелі, өшпейтін, өлмейтін мұралары айтылады. Қазақта артында асыл мұра, өлмейтін сөз қалдырған ақындар, жыршылар, термешілер, суырып салма ай¬тыс ақындары аз емес. Келер ұрпаққа үлгі, онеге болатын сөздерін асыл мұраларын сөз, өлең арқылы артына тастап кеткен аталарымыз Ыбырай, Абай, Сәкен, Мағжан, Базар жырау, Бұхар жырау, Нұртуған т.б. Олар қазақ даласының мәңгі сөнбейтін жарық жұлдыздары. Енді бүгінгі сабақта сол аталарымыздың өсиетін кейінгі ұрпақ қаншалықты орындап, бойына сіңіріп жатқанын көрейік. Сондықтан бүгінгі тақырыбымызды «Жұлдызды сәт» деп қойдық.
Тақтаға ілінген өнер-білім туралы нақыл сөздермен таныстырып, мағы-насын түсіндіру.
Оқушылар екі топқа бөлінді. Әр топта 8 оқушыдан. Әр окушыға 3 тапсырма беріледі. Ең көп 3 жұлдызша алған оқушы бірінші орынды жеңіп алады. Қай топта жұлдызша көп болса, сол топ бірінші орынды жеңіп алады.

I бөлім. Терме (үзінділер).
Терме дегеніміз ақылы мен нақылы бар тақпақ сазды әуен. Терме - қазақ поэзиясының және вокалды ән музыкасының жанры. Терме балаларды ата-бабасының өсиетін, өмірлік қағидасын қадір тұтуға үйретеді.
Халық термесі:
Біріншіден не жаман ?
Ұрлап жиған мал жаман.
Екіншіден, не жаман ?
Еркелеп өскен қыз жаман.
Үшіншіден, не жаман ?
Үлгісіз пішкен тон жаман.
Бәрін айт та бірін айт,
Бәрінен де, - ей,
жоқ жаман, жоқ жаман.

II бөлім. Айтыс.
Айтыс - атауы «айтысу» деген сөзден шыққан. Ол өлең сөзбен жа-рысу, сайысу, дауласу, тартысу, сынасу мағынасында қолданылады. Хал-қымыз үлкен жиын-тойларда бір-біріне өлең түрінде тез жауап қайтаратын сөз жарысын ұйымдастырған. Кейінірек келе ол жарыс өнер жарысына, айтысқа айналған. Айтыстың бірнеше түрі бар, солардың бірі: Құлманбет пен Жамбылдың айтысы.

Құлманбеттің айтқаны:
Құлманбет менің атым, құлан аяқ,
Менің құлан екенім Тәңірге аян.
Албан, Дулат жиылып бата берсе,
Кеңес айтып жырлайын етіп баян
Біреуді Жамбыл деген ел мақтайды.
Еркек қойдай құйрығын салмақтайды.
Ақын болса қайда отыр ол немесі
Көрелік оны неге ардақтайды.

Жамбылдың айтқаны:
Шүу десе, жүйрік озар мынау жолдан,
Демей көр, есікті аруақ, алып қолдан!
Қарасай, дем бере гөр, менің бабам,
Сөйлейін будақтатып оң мен солдан.
Құлманбет сен жақсы да, мен жаман ба,
Ақын да сен жүйрік те, мен шабан ба ?!
"Қарасайлап!" қосылам бір бүйірден,
Ақырында кетерсің бас аманға!..

III бөлім. Ырым-тыйымдар.
Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдары, наным - сенімдерінің алатын орны ерекше. Өйткені оларда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі сақ-талған, ұлттық рухани байлықтың қайнар көзі мен мүмкіндігі көрініс тапқан. Енді адамның іс-әрекетіне, сүт тағадамдарына, нанға, жерге, қару-жараққа байланысты тыйымдар мен ырымдарға кезек берейік.
1-окушы: Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды, бұл әдепсіздік белгісі.
Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды, бұл басына қайгы-қасірет тускен адам ғана екі қолын төбесіне қойып отырады.
2-окушы: Біреуге қарап ерін шығаруға, үлкен адамның алдында аяқты созып отыруға, адамға қарай түшкіруге, түкіруге, үлкен кісінің жолын кесіп өту¬зе болмайды, бул қылықтардың бәрі де әдепсіздік.
3-окушы: Кемтар адамга күлуге бол¬майды. Кемтар адамға қарап күлсең, өз басыңа келеді.
4-оқушы: Пышақ қауіпті зат болғандықтан, онымен ойнауға, жүзін жалауға, адамға кезенуге болмайды. Сол себепті де оны сыйға бермейді және сұрап, қалап алмайды.
5-окушы: Тойға немесе асқа қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалу керек.
6-оқушы: Сауылған сүттің бетін ашып қоюға болмайды. Беті ашық қалса, шаң-тозаң немесе улы жәндіктер түсіп кетіп, сүтті бүлдіреді.
7-окушы: Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады.
Жерде жатқан нан болса, алып, адам баспайтын жерге қою керек.
8-окушы: Нанды төңкеріп қоюға бол¬майды. Нан - қасиетті дәм. Онымен ойнауға болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен сындырады.
9-оқушы: Қолды жумай тамақ жеуге болмайды. Тамақ жеудің алдында және соңында қонақтардың қолына жылы су құйылады.
10-оқушы: «Нан қатты екен», «шала піскен», «күйіп кеткен» т.б. сөздерді айтып, нанды, тамақты сынамайды. Нанды, тамақты сынау - ашаршылықты шақыратын жаман ырым.
11-оқушы: Дастарқан басында мағынасыз әңгімелер айтуға болмайды. Тамақтану кезінде әрбір адам өзін-өзі ұстай білуі, мүмкіндігіше аз сөйлеуі тиіс.
12-оқушы: Тамақты, нанды қалдырмай, тауысып жеп қою керек. «Жаманнан жарты аяқ ас қалар» деген сөз бекер айтылмаган.
13-оқушы: Тамақ ішіп болғаннан соң тұрып кетуге болмайды. Өйткені тамақтану соңында ас қайырылып, бата беріледі. Үй иесіне жақсы тілек айтылады.
14-оқушы: Отты шашуға болмайды, аттауға және басуға болмайды. Отты шашса, аттаса немесе басса, отбасының берекесі кетеді.
15-оқушы: Күл төгілген жерді басуға болмайды. Барлық жаманшылық күлмен кетеді. Оны басу сол жаманшылықты үйіңе әкелгенмен бірдей.
16-оқушы: Егінді, шалғынды бейсауыт баспайды, обал болады. Көкті жұлса, «Көктей соласы» деп жамандыққа жориды.
Әр бөлімнің соңында қазылар алқасы оқушыларға жеке-жеке баға кой-ып отырды. «5» деген баға алған оқушылардың кеудесіне кішкене жұлдызшылар кадалды. Сол бойынша жеңімпаз оқушылар тобы анықталды.
Просмотров: 1126 | Добавил: Шанигметовна | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика