Пятница, 19.04.2024, 13:13
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 947
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Февраль » 18 » «Жаңа технология - жаңа шығармашылық ізденіс»
17:00
«Жаңа технология - жаңа шығармашылық ізденіс»

Батыс Қазақстан облысы,

 Бөкейорда ауданы,

Сайқын ауылы

«Ер Төстік» ясли-бақша әдіскері

Зайнуллина Нургуль Сериковна

 

«Жаңа технология - жаңа шығармашылық ізденіс»

Эссе

      Біздің келешегіміз жас ұрпақ. Жас ұрпақтың тәрбиесі –адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ал балабақшадағы тәрбие ата-анадан берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғастырып жандандырады. Ұлттық тәрбиенің негізі ана сүтімен, ана тілімен, ең алғашқы бесік жырының әлдиімен беріледі. Ал бүлдіршіннің тілегі, білімге деген қызығушылығы, оның ойлау қабілеті, танымдық қажеттіліктері балабақшада қалыптасады.

      Қазіргі   заманда  алға  қойылып  отырған  маңызды  мәселердің  бірі -  жан - жақты  дамыған  өнегелі, рухани  ізденісі мол жас  ұрпақ  тәрбиелеу.  Отбасы,  балабақша  және ата-ана ұшбұрыш болғандықтан тығыз байланыста  болу керек. Сол арқылы  жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Біздің  міндетіміз  әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жетілдіріп және жаңа инновациялық білім технологиясын меңгерту.

Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жанаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе. Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де күрделі маңызды. Өйткені бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті мойынымызда. Барлық кедергілерді жеңу табысқа талпыну өз қолымызда деп білемін. «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпайды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп көрсетілген. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсатын айқындалуда, яғни «берілген үлгі бойынша өнім алу», оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру.
Инновациялық технологиялар мен әдістемелерді меңгеретін тәрбиеші тұлғасының моделі. Білім  берудің алғашқы деңгейі балабақшадан басталады. Біз жаңа  «Step by step» технологиясының элементтерін пайдалана отырып, орталықтарға бөліп оқу іс-әрекеттерімізді ұйымдастырамыз, бұл технологияның тиімділігі балалардың қай салаға жақын екендігі айқындалып, ата-анамен байланыс нығаяды. Сонымен қатар Бөкейорда ауданы Сайқын ауылының  «Ер Төстік» ясли-бақшамызда М.Монтессори технологиясы бойынша заманауи  құрал-жабдықтарымен жабдықталып, балалармен жұмыстануда. М.Монтессоридің «Өзіме істеудің мүмкіншілік бер», «Өзім жасаймын» деген ұраны бойынша  баланы еркін дамыту технологиясы болып саналады. М.Монтессори технологиясын қолдану арқылы балалардың қол моторикасын дамиды, өз беттерінше жұмыстар атқарып, қиыншылықтарды жеңе біледі,  еркін ойлауға тәрбиеленеді.
     Жаңа технологияның тиімділігі  баланың  жан-жақты құзіреттілігін дамытып, білімді ұрпақ тәрбиелейді.
     Қазіргі заман талабына сай, балаға саналы да сапалы білім берсе ғана, біздің бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқан болмақ. Бала отбасында дұрыс тәрбие  алса, тәрбиелеудің нәтижесі жоғары болмақ. Еліміздің ертеңгі болашағы өсіп келе жатқан жас ұрпақ болғандықтан ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау баршамыздың жауапты міндетіміз.

 


 

Просмотров: 3307 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика