өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспарлары (5 сынып) - 2 Декабря 2014 - Сайт творческих учителей Казахстана

Воскресенье, 04.12.2016, 23:24
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 733
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Декабрь » 2 » өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспарлары (5 сынып)
21:47
өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспарлары (5 сынып)
Хасенова Аягоз Бельгибаевна
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Зеленобор мектеп-гимназиясы
Бурабай ауданы, Ақмола облысы
5 сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

Берілген сабақтар топтамасында 10 сабақ жоспары ұсынылған. Сабақ жоспарлары мемлекеттік стандартқа, деңгейлік курстар талаптарына сай құрастырылған. Өзін-өзі тану пәнін жүргізетін мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.

Мерзiм____________ Сынып _______________ №1

Тақырып: Өзімді-өзім танумен өсіп келемін

Құндылық: ақиқат құндылығы
Қасиеттер: шыдамдылық, парасаттылық, жауапкершілік

Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретінде түсініктері кеңейеді. Өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығын түсінеді.
2. Дамытушылық: Өздерін жеке тұлға ретінде сезінеді.
3. Тәрбиелік: оқушылар өзін-өзі тәрбиелеуде рухани құндылықтардың қайнар көзі-халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге үйренеді. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Проектор, музыка, әл-Фараби суреті, плакаттар мен маркерлер
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу.
Топқа бөлу (түстері түрлі шарлар арқылы) - 3 мин

Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену» - 3 мин Сабақ барысын талқылау:
Жуан, жіңішке сұрақтар арқылы балалардың ойлау қабілеттерін ояту
Дәйек сөз. Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту,
Ең қиын нәрсе – өзіңді-өзің түсіну. Әл-Фараби
1. Әңгiмелеу (сұхбат).

1 сұрақ: Неге ақыл айту оңай іс?
2 сұрақ: Өзіңді түсінуді неге ауыр іс деп біледі?
3 сұрақ: Неліктен адам өзін түсіне білуі қажет? Талдауда біреудің бойындағы кемшілікті көріп, ақыл айту оңай, адамның ең жақсы қасиеті – өз бойындағы кемшіліктерді өзі байқап, соны болдырмауға тырысу, адамның өзін-өзі түсінуі, түсіне отырып өзін-өзі тәрбиелеуі өмірлік үдеріс. Өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесі жемісті болады.
2. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Өзін-өзі тану

Адамның бүкіл өзін-өзі тәрбиелеуге, өзгелерді түсініп, өмірден өз
ғұмыры жетілдіруге бағалауға негіз орнын
бойына жалғасып мүмкіндік береді болады табуға
отырады көмектеседі

Абайдың қара сөзін оқытуды сұрау. Түсінгендерін сұрақ қою арқылы анықтау:
1 «Өзіңнен өзің әр күн сайын есеп ал» деген сөзді қалай түсіндіңдер?
2 Есті болу үшін адамға қандай қасиет керек?

3. Үй тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс
2 тапсырма: өлең жаттау
3тапсырма: криптограмма шешу Криптограмманы шешу нәтижесінде «Өзін-өзі тану» туралы Сократтың нақыл сөзі оқылады.
4. Топпен ән айту.
«Мен де өсіп келемін» - Ә. Орманшина
Желдей жүйткіп жылдармен Үйренемін, ұғамын,
Мен де өсіп келемін. Өмірдің жинап керегін.
Отанымды сүйемін, Керек болса көмегім,
Қадірін оның білемін Қол ұшымды беремін.
Мектепке де барамын, Адал туған Отанға
Білімнің бойлап тереңін Ұлы болсам, деп едім.
Топтар бірлесе отырып әнді әуенге қосылып орындайды.
5. Соңғы тыныштық сәтi.
«Нұрға бөлену»
6. Рефлексия
Кері байланыс парақтарын толтыру Сабаққа белсенді қатысқандары үшін ризашылық білдіру
Мерзiм____________ Сынып _______________ №2

Тақырып: Адам мінезімен танылады

Құндылық: ақиқат, қиянат жасамау
Қасиеттер: адамгершілік, толеранттылық, жан жылуы

Сабақ мақсаты:
1. Білімділік:оқушылар адам мінезі, оны жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінеді,
2. Дамытушылық:жақсы/жаман мінез-құлықты ажырата білуге үйренеді және жақсарта алуға ықпал ете алатын болады.
3. Тәрбиелік: балалардың бойында өзін құрметтеу, өзіне деген сенімділікке дағдыланады. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Компьютер, презентация, музыка әуені, карточкалар
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу психологиялық ойын арқылы топқа бөліп отырғызу.

Тыныштық сәтi. «Су астына саяхат» - 3 мин

2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Бір-бірінен жұптасып өлеңдердін тексереді, әр топтан ең жақсы мәнерлеп оқитын балалар шығады да өлеңдерін оқиды.
- Криптограмманың қорытынды сөзін анықтау, бір бірінен тексеру. Сабақ барысын талқылау:

-Сабаққа келгенде қандай күйде болып едіңдер?
Музыканы тыңдай отырып қандай сезімдер пайда болды? Не елестеді?
Дәйек сөз.
Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы.

Х. Досмұхамедұлы

1. Әңгiмелеу (сұхбат).

1 сұрақ: Сарқылмас байлық дегенді қалай түсінесіңдер?

2 сұрақ: Жақсы мінез қандай болады?

3 сұрақ: Осы нақыл сөзден қандай ой түйіндеуге болады? Берілген нақыл сөзінен түрлі қабілеттер және мүмкіндіктермен қоса, жақсы мінез де адамның өмір жолын, тағдырын белгілеуге үлкен әсер ететінін ұғындыру.
2. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Мәтінмен жұмыс «Әлім мен Жанар» Б.Тұрсынбаев
Жеке, жұптық, топтық жұмыс жүргізу
(мәтіннің мазмұнын ашу, меңгеру)
Карточкалармен жұмыс жүргізу
Әр топқа тапсырмасы бар карточкалар таратылады, орындалады, ортаға салынады Адамның мінезі қайдан және қалай танылады?
Мінез-құлық адамдардың қарым-қатынасына әсер етеді ме? Қалайша?
Адам өз мінезін өзгерте алады ма? Қалай?
3. Үй тапсырмасы.
Дат суретшісі Херлуф Бидструптың адам мінезіне байланысты салған суреттеріне қатысты әңгіме, ертегі немесе көрініс дайындап келу.
Темперамент түрлері презентация көрсету, талқылау жүргізу
4. Топпен тізілу.
Топтағы балалар бір-бірлеріне бетпе-бет тұрып бойларындағы жақсы қасиеттерді тізбектеп (оң жақтап бастап өзінен кейінгі балаға) атып шығады. Жанындағы адамдарға жақсылық жасау, жақсы сөз айта білуге баулу
5. Соңғы тыныштық сәтi.
«Су астына саяхат» - 3 мин
Сабақтан алған білімдерін, ақпаратты жинақтау, бір жүйеге келтіру, бойларындағы негативтен арылу

Мерзiм____________ Сынып _______________ №4

Тақырып: Адам мінезімен танылады

Құндылық: ақиқат, қиянат жасамау
Қасиеттер: адамгершілік, толеранттылық, жан жылуы

Сабақ мақсаты:
1. Білімділік:оқушылар адам мінезі, оны жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінеді,
2. Дамытушылық:жақсы/жаман мінез-құлықты ажырата білуге үйренеді және жақсарта алуға ықпал ете алатын болады.
3. Тәрбиелік: балалардың бойында өзін құрметтеу, өзіне деген сенімділікке дағдыланады. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Компьютер, әуен, постерлер, маркерлер, магнит тақтасы, карточкалар
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу. Мақалдарды құрастыру арқылы жұпқа бөлу. Орын ауыстыру.

Тыныштық сәтi. «Орманға саяхат»

2.Үй тапсырмасын тексеру.
Дат суретшісі Херлуф Бидструптың адам мінезіне байланысты салған суреттеріне қатысты әңгіме, ертегі немесе көрініс дайындап келу.
Сабақ барысын талқылау:

Сабақ жоспарымен таныстыру. Қалаулары бойынша өзгеріс енгізу.

Сахналық көріністерді тамашалау, топтық бағалау жұмыстарын ұйымдастыру.
Дәйек сөз.
Адам мінезімен көрікті.
Адамның сыртқы келбетімен қатар ішкі жан дүниесі де сұлу болу керек. Ішкі жан дүниенің сұлулығы көбіне мінез арқылы көрініс береді.
1. Әңгiмелеу (сұхбат).

1 сұрақ: Мақалды қалай түсінесіңдер?
2 сұрақ. Неліктен мінез адамды көркейтеді?
3 сұрақ: Шынымен мінезі жақсы адамдарды атап берші.

Түсініктерін бекіту мақсатында жағдайаттарды талқылау.
2. Жағдайаттарды шешу.
1 жағдайат:«Кім Қыз Жібек болады?»
2 жағдайат: «Жылы бауырсақ»
Толық еркіндік беру? Салыстырмалы мысал келтіруге бағыттау
3. Топтық жұмыс
1 топ: Мінез-құлықты сөз жүзінде емес, іс жүзінде шыңдау арқылы іске асыруға болады.
2 топ: Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде, бұлар – адамшылық қасиеттер болып табылады.
3 топ: Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Әр топ әл-Фарабидің сөздерін оқып постер бетіне суретпен салып түсіндіреді.
Мақсаты- жақсы мінез адам өмірін нәрлендіретіндігінғ шынайы бақытқа қол жеткізуіне, адами қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретіндігін ұғындыру

4. Шығармашылық жұмыс
«Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында шағын әңгіме жазуға тапсырма беріледі.
Тақырыпты бекіті мақсатымен қалаулары бойынша дауыстап оқып береді.
5. Түйіндеме
Сыйлы, қадірлі болуға септігін тигізеді
Жақсы мінез адамдардың сенімін туғызады
Өзіңнің, өзгелердің өмірін қуанышқа бөлейді.

Түйіндеме шығару
6. Топпен ән айту. Қ.Нақысбеков
Жақсы мінез, жылы сөз-жан дәруі,
Жігіттің мұны керек аңғаруы.
Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның
Тіптен оңай адасып, сандалуы.

Мінездер бар жақсы-жаман, әр алуан.
Әдептілік әділдіктен нәр алған.
Кең болғанның кем болғанын көрмедім,
Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.
Сабақтан алған әсерлерін өлең жолдарымен түйіндету
7. Соңғы тыныштық сәтi. «Орманға серуен» 1-2 мин
8. Рефлексия
Әр топқа бес жолды өлең жазғызу
Постерді тақтаға ілу

Мерзiм____________ № 4
Cынып___________ Оқушылар саны_____

Тақырып: Адамның жан сұлулығы

Құндылық: жан тыныштығы
Қасиеттер: кішіпейілділік, имандылық, адалдық

Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: Балалардың адам жанының сұлулығы туралы түсініктері кеңейеді.
2. Дамытушылық: жанындағы адамдардың жан сұлулығын көре білуге үйренеді.
3. Тәрбиелік: адамдардың жақсы қасиеттерін бағалап, құрметтеуге дағдыланады. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Бейнеролик, музыка, сахналық көрініске қажетті заттар
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу. Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу, орналастыру.

Тыныштық сәтi. «Демалу» сазды әуенді қосып балаларға тыңдату. 2 мин

2. ББҮ кестесін толтыру
Білемін Білгім келеді Үйрендім

Сабақ барысын талқылау:
Адамның жан сұлулығы туралы түсінік. Адам жанының сұлулығын көрсететін жақсы қасиеттерін дамыту. Адамды тек сыртқы келбетіне ғана емес, оның адамгершілігіне қарап бағалай білуге үйренеді.
Дәйек сөз.
«Сыртқы сұлулық толық болуы үшін
ішкі сұлулықпен жандануы керек»
Виктор Гюго Адамның сыртқы сұлулығы толық болуы үшін адалдық, мейірімділік, сезімталдық, сыйластық сияқты адамгершілік қасиеттерден бастау алатынын ұғынады
1. Әңгiмелеу (сұхбат).

1 сұрақ: Ішкі сұлулық дегенді қалай түсінесіңдер?

2 сұрақ: Сыртқы сұлулық пен ішкі сұлулықтың қандай айырмашылығы бар?

3 сұрақ: Ішкі сұлулықты қалай көруге болады? Жаны сұлу адамның бойында қандай қасиеттер болуы қажет екенін түсінеді.
2. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Дәптермен жұмыс:
1 топ: 1 тапсырма «Жаны сұлу адамды сипаттау»
2 топ: 2 тапсырма: «Сұлулық», «Жан сұлулығы» түсініктеріне анықтама беру
3 топ: Берілген сөздерден адамның жан сұлулығын көрсететін құндылықтар мен қасиеттерді таңдап бөліп алу

Топта жұмыс істеуге дағдыланады, ойларын еркін ортада талқылауға ашылады, басқалардан кем болмауға тырысады.
3. Бейнеролик көрсету:
«Барлық әлемді жылатқан бала »
Сабақтан алған білімдерін бейнероликпен байланыстыра отырып тұжырымдау
4. Топпен ән айту. «Бақытты балалық шақ»
Сөзі: Ж.Тұрбековтікі
Әні: Ә.Есбаевтікі Музыка қосылады, балаларға ыңғайланып отыруға мүмкіндік беріледі.
5. Соңғы тыныштық сәтi. 1 мин «Хрустальная композиция» әуеніне демалу
Ойларын жмнақтау, ой түйін жасауға уақыт беру.
Мерзiм____________ № 5
Cынып___________ Оқушылар саны_____

Тақырып: Жақсы көңіл күй – жан шуағы

Құндылық: жан тыныштығы
Қасиеттер: мейірімділік, шаттық, қуаныш сыйлау

Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: жақсы көңіл күйдің адами қарым-қатынаста алатын орны туралы түсініктері кеңейеді;
2. Дамытушылық: өз көңіл күйн, эмоцияларын және сезімдерін басқара білу қабілеттері мен дағдылары дамиды;
3. Тәрбиелік: өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге, адамдарға тек жақсылық нұрын себе білуге үйренеді. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:
3. Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу.

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену». Балалар негативті көңіл-күйден арылуға үйренеді. Жылы сезімге бой алдырып, жарқын көңіл күйге түседі - 2 мин
Сабақ барысын талқылау:
Жағымды/жағымсыз эмоциялар, сезім күйі және ішкі сезімдерін түсіне білуі.
Дәйек сөз.
Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы.
Уильям Гэзлит

6. Әңгiмелеу (сұхбат).

1 сұрақ: Жақсы мінез бен жаман мінездің айырмашылығын қалай көреміз?

2 сұрақ: Неге сарқылмас байлық деп айтылған?

3 сұрақ: Жақсы мінездің өміріңде қандай көмегі болады? Басты бағыт адамның өз көңіл күйін билей білуіне, өзінің ішкі сезімін пайымдай білуіне негіздеу. Сұрақтар арқылы адамның өзін жақсы ұстауы өзгемен қарым-қатынасының жақсы болуына, өзгенің көңіл күйін дұрыс қабылдай білуіне, өзінің әрекеттерін дұрыс бағалай білуіне жетелеу.

7. Шығармашылық жұмыс. Сахналау.
Карточкалардағы тапсырмалар:
1. Сыйлаған гүл шоғын қабылдау кезіндегі қуаныш;
2. Достарыңмен қоштасу кезіндегі мұң;
3. Жақын адамыңмен кездесу кезіндегі шаттық;
4. Өз досыңның жеңісіне мақтаныш;
5. Өзіңнің жіберіп алған қателігіңе реніш. Оқушылар адамның көңіл күйі, түрлі сезімдері іс жүзінде қалай көрініс беретіндігін, оның өзге адамдарға қалай әсер ететіндігін терең түсіне біле түседі.
8. Ойын ойнату
«Менің сырымды ұғып ал» Мұқият әрі сезімталдыққа үйренеді
9. Өзіндік жұмыс Суретпен жұмыс жасау
Күннің көзіне көңілін көтерер жағдайлары, ал бұлттың үстіне көңіліне қаяу салатын жағдайларды жазу. Өздерін түсіне білуге жаттығады.
10. Үй жұмысы: дәптердегі 15 бетке
«Менің көңіл күйіме әсер еткен оқиға» тақырыбында шағын эссе жазып келу. Ой толғай алуға, ішкі сезімдерін талдай алуға дағдыланады.
11. Соңғы тыныштық сәтi.
«Демалу» композицияның әуені қосылады. Ой түйін жасайды, алған білімдерін, әсерлерін жүйелейді.

Мерзiм____________ № 6
Cынып___________ Оқушылар саны_____

Тақырып: Жақсы көңіл күй – жан шуағы

Құндылық: жан тыныштығы
Қасиеттер: үйлесімділік, қанағаттанушылық, сезімталдық

Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: жақсы көңіл күйдің адами қарым-қатынаста алатын орны туралы түсініктері кеңейеді;
2. Дамытушылық: өз көңіл күйн, эмоцияларын және сезімдерін басқара білу қабілеттері мен дағдылары дамиды;
3. Тәрбиелік: өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге, адамдарға тек жақсылық нұрын себе білуге үйренеді. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Проектор, ноутбук, карточкалар, стикерлер, гүл шоғыры? Ақ парақтар, маркерлер мен постерлер
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу.

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену». Балалар негативті көңіл-күйден арылуға үйренеді. Жылы сезімге бой алдырып, жарқын көңіл күйге түседі - 2 мин
Сабақ барысын талқылау:
Жағымды/жағымсыз эмоциялар, сезім күйі және ішкі сезімдерін түсіне білуі.
Дәйек сөз. Жақсыны асырып,
Жаманды жасыр.
Басқалардың кемшілігіне назар аудармай тек бойындағы жақсы қасиеттерді аңғаруға үйренеді.
1. Әңгiмелеу (сұхбат).

1 сұрақ: Мақалдың мәнін қалай түсінесіңдер?

2 сұрақ: Неліктен жақсыны асыр деліеген?

3 сұрақ: Неге адамның жамандығын айтпа дейді? Ойлау қабілеттері дамиды, талдау жасауға дағдыланады. Жаман мен жақсыны айыра білуге үйренеді.
2. Мәтінмен жұмыс.
1. Қандай нәрселер адамды қуанышқа бөлейді?
2. Өзіңді қай уақытта қуаныш сезімі билейді?
3. Анаңды қуантқан кездерің болды ма?
4. Досыңның қуанғанын қалай білдің?
«Қуаныш» мәтінін оқып, ой түйін жасау. Адамның өз өміріне риза болып, қуаныш сезіміне бөленуі үшін көп нәрсе қажет емес, қанағатсыздық қуанышты тұншықтырады, адамның толыққанды бақытқа қол жеткізуіне кедергі болатындығын бойларына сіңіреді.
3. Топтық жұмыс «Таза бұлақ»
«Автобус аялдамасы» әдісі арқылы оқушылар бір біріне мәтіндегі сөздердің мағынасын ашып береді. «Көңіліңді, бойыңды бұлақтай таза сақта», «Адамның мінезіндегі «шөп-шалам», «лай-қоқым» деген сөздер
4. Шығармашылық жұмыс:
Парақтарға өздерін елестетіп аңға немесе құсқа, затқа ұқсатып салу, түсінік беру.
Логикалары дамиды, креативтілікке дағдыланады.
5. Жағдаяттарды шешу
2 жағдаят. Абзал мен Аян, әжесі мен немересі Оқушы өзін қоршаған адамдардың көңіл күйіне аса көңіл бөліп, елгезек бола түседі.
6. Топпен ән айту.
«Ертегі Сарай» сөзі: С.Қалиевтікі
Әні: Б. Дәлденбайдікі Сабаққа белсенді қатысқандары үшін ризашылық білдіру.
7. Соңғы тыныштық сәтi.
«Нұрға бөлену» әуені Демалады
8. Өзара кері байланыс парақтарын толтыру Пікірлерін білу

Мерзiм____________ № 7
Cынып___________ Оқушылар саны_____

Тақырып: Жақсылықпен жаным дос

Құндылық: қиянат жасамау
Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық, риясыз жақсылық жасау

Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктері кеңейеді, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғады.
2. Дамытушылық: «Жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдері кеңейе түседі.
3. Тәрбиелік: мейірімді, қайырымды бола түседі. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Постерлер, маркерлер, стикерлер, карточкалар, музыка
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу. Шығармашылық топтарға бөлу (түсті карточкалар арқылы 4 топқа бөлінеді).

Тыныштық сәтi.
«Нұрға бөлену» Сабақ барысын талқылау:
Жақсылық жасау. Әлсіз, сырқат, жәбір көрген адамдарға қатысты мейірімділік, жанашырлық көмек
Дәйек сөз. Жақсы сөз – жарым ырыс
Халық мақалы

1. Әңгiмелеу (сұхбат).
1 сұрақ: Мақалдың мәнін қалай түсінесіңдер?

2 сұрақ: Қандай жақсы сөздер білесіңдер?

3 сұрақ:жарым ырыс дегенді түсіндіріңдер.
Жақсы сөз, жақсы тілек айтудың өзі адамға жақсылық жасау екендігінің маңызын түсінеді.
2. Шығармашылық жұмыс. Сахналау.
«Қарлығаш пен дәуіт», «Арыстан мен тышқан» ертегілерін топтарға бөліп беру.
Өз ойларын айту барысында жақсы мен жаманды айыра білуге, өмірде жақсылық жасаудың маңыздылығын түсінеді.
3. Мәтінмен жұмыс
«Жақсылыққа - жақсылық» - халық ертегісі Риясыз жақсылық, жақсылық жасамағанына өкіну ұғымдарын меңгереді.
4. Қорытынды ой түйіндеу.
1. Жақсылық сөзінің мағынасын ашу.
2. Жақсылық жасау деген не?
3. Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
4. Жақсылық жасау адамның парызы дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушылар жақсылық жасаудың не екенін және адамның бойында қандай қасиеттер болғанда ғана жақсылық жасай алатынын түсінеді.
5. Үй жұмысы: Жақсылық туралы мақалдар жазу, өлең шығарып келу.
Ізденуге дағдыланады
6. Бес жолды өлең арқылы сабақты қорыту
4 топ постерлерге жазады, құрастырады
. Тақтаға шығып топпен қорғайды
7. Соңғы тыныштық сәтi.
«Демалу» композицияның әуені қосылады. Теріс сезімдерден арылады.
8. Кері байланыс парақтарын толтыру Өзара байланыс жасау.

Мерзiм____________ Сынып________ №8

Тақырып: Жақсылықпен жаным дос

Құндылық: дұрыс іс-әрекет
Қасиеттер: мейірімділік, кішіпейілділік, имандылық

Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктері кеңейеді, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғады.
2. Дамытушылық: «Жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдері кеңейе түседі.
3. Тәрбиелік: мейірімді, қайырымды бола түседі. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Түсті карточкалар, ашық хаттар, стикерлер, мақал-мәтелдер жазылған карточкалар, музыка
Сабақ барысы:
2. Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу. Шығармашылық топтарға бөлу (түсті карточкалар арқылы 4 топқа бөлінеді).

Тыныштық сәтi.
«Нұрға бөлену» композициясы Сабақ барысын талқылау:
Жақсылық жасау. Әлсіз, сырқат, жәбір көрген адамдарға қатысты мейірімділік, жанашырлық көмек
Дәйек сөз. Жақсылық істеуден жалықпа,
Істеген жақсылығыңа өкінбе!
Кабуснамадан Адамдар бір-біріне жақсық жасаудан жалықпаса, өмірде сыйластық, қамқорлық, достық, сүйіспеншілік қарым-қатынаста болатынын, ал қоғамда татулық, бірлік, ынтымақ орнайтынын тусінеді.
1. Әңгiмелеу (сұхбат).
1 сұрақ: мақалдың 1 жолын түсіндір.

2 сұрақ: мақалдың екінші жолын қалай түсінесің?

3 сұрақ: неліктен жақсылық жаш шуағы делінген?
Мақалды өз сөзімен дәйектеуге, сондай-ақ оқушылардың бойында жақсы қасиеттер қалыптасады.
2. Шығармашылық жұмыс.
22 бет, дәптермен жұмыс.
Аталған құндылықтарды топтарға бөліп алғызу және өмір шыңына шығу жолын елестете отырып суреттеу.
3. Ашық хаттар жасау, тілектер жазу.
Тілектер жазылған ашық хаттарды қиып алып сыйға тарту. Жақындарына ізгі тіллек білдіруге дағдыланады.
4. Мақалдарды талқылау, мағынасын ашу.
1. Жақсы адам жолдасына белгілі.
2. Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.
3. Бітер істің басына, Жақсы келер қасына.
4. Жақсы адам – елдің ырысы,
Жақсы сөз – жанның ырысы.
Көзқарастары мен пайымдауларын дәйектей білуге дағдыланады.
5. Үй жұмысы: Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» атты өлеңін оқып талқылау, қасиеттерді топтарға бөлу. Балалардың бойында жақсы қасиеттерд қалыптасады, жаман қасиеттер болмайды, әр істен өздері қорытынды жасай білуді үйренеді.
6. Соңғы тыныштық сәтi.
«Нұрға бөлену» композицияның әуені қосылады.
7. Кері байланыс парақтарын толтыру
Балалардың түсінген және түсінбеген ұғымдарын анықтау
Мерзiм____________ № 9
Cынып___________ Оқушылар саны_____

Тақырып: Махаббат өмір өзегі.

Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: махаббат, қарым-қатынас, сыйластық

Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: оқушылар махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретінде мәнін аша біледі;
2. Дамытушылық: сүйіспеншілік қарым-қатынастарын дамыта алады;
3. Тәрбиелік:өз Отанын, туған жерін, ата-анасын суюге дағдыланады. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу. Шеңберге тұрғызып бір-бірлеріне тілек айтқызу.

Тыныштық сәтi. «Демалу» композициясы қосылады Сабақ барысын талқылау:
Жағымсыз сезімдерден арылып, сабаққа ынталары оянады.
Дәйек сөз:
«Бәрінің бастауы – Махаббат!» Әрбір адам өзіне, ата-анасына, Отанына, туған еліне сүйіспеншілікпен қарайды. Ықылас, шынайы сүйіспеншілік махаббат сезімін тудырады. Әлемдегі бар жақсылық махаббат арқылы келеді.
1. Әңгiмелеу (сұхбат).
1 сұрақ: Неліктеп осылай айтылған?
2 сұрақ: Сүйіспеншілік түрлерін атаңдар.

3 сұрақ: Махаббат неліктен адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді? Махаббаттың өмірде қандай орын алатынын түсінеді. Өмірде барлығы да Махаббаттан деген асыл сезімнен бастау алатынын ұғынады.
2. Шығармашылық жұмыс. З.Воскресенскаяның «Ана» деген әңгімесін оқи отырып, аналарына деген ыстық сезімдерін білдіріп қағаз бетіне түсіреді. Ата-аналарына деген сүйіспеншілік сезімдері теңдей түседі.
3. Өздігінен жұмыс жасау.

1 2 3 4 5 6 7 8 - 9 10
11 12 13 14 15 16 17 18 .
1. Отанға, ата-анаға, туған жерге, адамдарға деген сүйіспеншілік, ыстық ықылас – 1,2,3,4,5,6,7,8.
2. Нағыз сөзінің синонимі- 9,10.
3. Орасан зор, үлкен сөзінің синонимі – 11,12,13.
4. Адамның сезіну, байқау, қабылдау қабілеті – 14,15,16,17,18. Криптограмманы шешу арқылы А.С.Макаренконың «Махаббат» туралы айтқан сөзін оқу
4. Үй жұмысы: Сүйіспеншілік сезімін кескінінде бейнеле. Гүл күлтешелеріне өз сүйіспеншілігіңді кімге, неге арнайтыныңды жаз. Суреттіңді қиып алып, жақсы көретін адамыңа сыйла.
Оқушылар ата-анасына, жақын адамдарына сүйіспеншілік сезімдерін білдіре алуға үйренеді
5. Соңғы тыныштық сәтi. «Демалу» композициясының музыкалық әуені қосылады, балалар еркін отырып демалады. Ой түйін жасау
6. Кері байланыс парақтарын толтыру Балалардың сабақтан алған әсерлерін анықтау

Мерзiм____________ № 10
Cынып___________ Оқушылар саны_____

Тақырып: Махаббат өмір өзегі

Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: қайырымдылық, жанашырлық, сыйластық

Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: оқушылар махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретінде мәнін аша біледі;
2. Дамытушылық: сүйіспеншілік қарым-қатынастарын дамыта алады;
3. Тәрбиелік: өз Отанын, туған жерін, ата-анасын суюге дағдыланады. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу. Бір-бірлеріне жақсы сөздер айту, жүректерінің жылуын сыйлау.

Тыныштық сәтi. «Орманға саяхат», армандау,
жан дүниелерін тыңдау Сабақ барысын талқылау:
Оқушылардың «махаббат», «сүйіспеншілік» ұғымдары туралы ойларын тыңдалады, оның адам өміріндегі мәнін түсінеді.
Дәйексөз Өзінің елін сүйе алмайтын адам
ештеңені де сүйе алмайды.
Байрон
1. Әңгiмелеу (сұхбат).
1 сұрақ: Неліктен адам өзін-өзі сүйю керек?
2 сұрақ: Не себептен өзін сүйменген адам ештеңені де сүйе алмайды делінген?

3 сұрақ: Нақыл сөздің мағынасын түсіндіріп беріңдерші?
Оқушылардың бойында патриоттық сезімдері оянады, өз елін сүйе білуі мен құрмет тұтуының адам өмірінде қандай орын алатынын түсінеді.
2. Шығармашылық жұмыс.
«Махаббат» және «Сүйіспеншілік» ұғымдарын топтастыру
- Өзін-өзі, өзгелерді тануға жетелейді;
- Өзгелерді сыйлауға негіз болады;
- Ата-анаға сүйіспеншілікті білдіреді;
- Отанды, елді құрметтеуге үйретеді;
- Табиғаттың сұлулығын сезіндіреді. Бұл сезімдер адамның өзін-өзі, өзгелерді тануға жетелейтінін, өзгелерді сыйлауға негіз болатынын, табиғат сұлулығы мен әдемілігін сезінетінін, махаббат арқылы Отанды, елді, халықты құрметтейтіндерін түсінеді.
3. 1,3 топтар «Қайдасың, қасқа құлыным?»
2,4 топтар «Қасиетті туған жерді қастерле»
Мәтіндерді оқи отырып мағынасына қарай постерлер салады.
Табиғатқа деген сүйіспеншіліктері артыдал
4. Нақыл сөздерді талқылау, мағынасын ашу. Топтық жұмыс
- Сүйіспеншілік - жүректен (Ш.Құдайбердиев)
- Махаббатсыз жүректе мән жоқ. (И.Гете)
- Махаббатсыз дүние бос. (А.Құнанбаев) Даналық сөздердің мағынасын аша отырып, оқушылардың махаббат туралы түсініктері кеңейе түседі, махаббатсыз дүниенің мәні болмайтынын, сүйіспеншілік жүректен шығатынын ұғынады.
5. Үй жұмысы:
«Махаббат мәні» А.Самиғоллаұлы Өлеңді оқу барысында оқушылар өмірдегі бар жақсылықтың бастауы махаббаттан басталатынын ұғынады.
6. Соңғы тыныштық сәтi. «Сыған серенадасы» Тоқтар Серік Балалардың ішкі сүйіспеншілік сезімдері оянады.
7. Кері байланыс парақтарын толтыру Сабақтан алған әсерлерін анықтау.
Просмотров: 16575 | Добавил: Хасенова_Аягоз | Рейтинг: 3.5/50
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика