Четверг, 28.03.2024, 12:52
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Статьи

«Ар намысым,қасіретім,мақтанышым-Желтоқсан»
«Ар намысым,қасіретім,мақтанышым-Желтоқсан»

Мақсаты:
1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.
Тәрбиелік:
Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер:Слайд, бейнефильмдер
Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова,
Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері.
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты
слайд. Қанатты сөздер.

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар.Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен,еліміздің ерен ісімен,кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылған Тәуелсіздігімізді тойлағалы отырмыз. Осы мерекеге арнап салтанатты жиынымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. «Ар намысым,қасіретім,мақтанышым-Желтоқсан» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.(Слайд №1-7)
2-жүргізуші
Здравствуйте,дорогие преподаватели и студенты!16 декабря весь народ Казахстана отмечает праздник-День независимости.Наша родина-Казахстан.Любить родину-это значит,знать историю своей республики,природу своего края,беречь богатство родины и приумножать их своим трудом.

ҚР-ның Әнұраны айтылады.
Құттықтау сөз директордың оқу өндірістік іс-тәжірибе жөніндегі орынбасары Бексұлтан Шұғайбекович Жумартовқа беріледі.

1-жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын,көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі-Әнұраны!

Желтоқсанда Алматыда,ақ қарда,
Алма бақтар ақ қырауға батқанда.
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.

2-жүргізуші:
Красотой и мужеством, я знаю,
Каждая земля населена.
Но, отчизна, словно мать родная,
В целом мире у меня одна.
Жизнь её дала мне степь и горы,
Шумный день и тихую зарю,
Мать отчизна! Я ступаю гордо,
Гордо и молчу и говорю.

1 – жүргізуші:
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

2-жүргізуші:
Желтоқсан оқиғасы – ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Өйткені желтоқсан оқиғасы тек бүкіл тоталитарлық-коммунистік жүйенің күйреуінің бастаушысы болып қана қоймай, сондай-ақ ол бұрын бағынышты болып келген көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси-әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған еді.
Желтоқсан оқиғасының видеосы

1 -жүргізуші:
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.Слайд№11
Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.

2-жүргізуші:
Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды.

1-оқушы
Казахстан – это имя народа,
Казахстан – это имя весны,
Казахстан – это имя свободы,
Казахстан – это солнечный свет,
Казахстан – это имя побед,
Казахстан – это крылья народа.

2-оқушы
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын,айналайын жас Қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе,дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула,лаула,желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

1-жүргізуші
Қазір бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн,әрі қайғылы,әрі бақытты күн.1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да,әділетсіз көтерілістің бірі. Енді міне,осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымызбен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.

2-жүргізуші
В 1991 году 16 декабря был принят конституционный закон Республики Казахстан «О Государственной Независимости Республики Казахстан». Именно в этот день сбылась мечта всех поколений нашего народа, на древней казахской земле было провозглашено молодое государство.

4-оқушы
Мой край родной.
Республика свободных
Великих наций, разных языков.
И ценят здесь обычаи народов.
Советы мудрых стариков.
Ты выстрадал, мой Казахстан, немало.
Но стал свободным. и сейчас
Здесь равноправны все народы.
Народ - единственная власть!
Я прошлым Родины своей горжусь,
Истоки языков познать стремлюсь.
Хочу, чтоб в будущем мой Казахстан
Стал сильным и великим среди стран

1-жүргізуші:
Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік. Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін! Еліміздің, елдігіміздің белгісі – көгілдір туымыз, қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін!

2-жүргізуші:
Келесі сөзді оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кулиза Джусембаевна Махатоваға береміз.

1-жүргізуші:
Кеше колледжіміздің тарихында бірінші рет оқушылардың президент сайлауы өтті.

2-жүргізуші:
Осы сайлау туралы колледжіміздің жастар одағының жетекшісі Алтынбеков Е.К.- қа сөз береміз. Сайлаудың төрағасы Қәлібек Бауыржанға сөз береміз.

1-жүргізуші:
Осымен Тәуелсіздік күніне арналған жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші:
Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Категория: Статьи | Добавил: gulmira_bieva (13.05.2015) | Автор: Биева Гульмира Кабдырахымовна E
Просмотров: 2021 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
2 asemorazaieva  
0
Жиын өткізуге арналған өте керемет жоспар. Рахмет.

1 rasoldariya  
0
Жоспар жақсы жасалған.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика