Среда, 24.04.2024, 17:31
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Статьи

Сындарлы оқыту – сапалы білім негізі

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
«Сәтбаев қаласы әкімдігінің № 16 жалпы білім беретін орта мектебі»
Математика пәні мұғалімі
Баймаганбетова Лаззат Советовна


Сындарлы оқыту – сапалы білім негізі
«Адамды дәреже жеткізбейді, білім жеткізеді»
Әдбірахман Жәми


Үздіксіз дамып жатқан қоғамда еліміздегі білім беру саласында әлемдік жоғарғы деңгейге қол жеткізген оқытудың жаңаша тәсілі құрылды. Кембридж оқыту тәсілі негізінде ұйымдастырылған мұғалімдердің біліктілікті арттыру курсы өткізілуде. Осы курсты меңгеру үшін, өз білімімді жетілдіруге, жаңаша әдіс – тәсілдерді үйренсем деген оймен ІІ деңгей бағдарламасын оқуға жолдама алдым. Кембридж оқу әдістерінің мұғалімнің алдына қойған мақсаты: мұғалімдердің қарқынды өзгеріп жатқан заманда үздіксіз кәсіби дамуға,өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіруге дайын болу,оқыту үрдісінде тың идеялар мен жаңаша әдіс – тәсілдерді қолдану; өз әріптестерімнің тәжірибесін жетілдіру, коучинг пен тәлімгерлік үдерістерін іске асыру болып табылады.
Әлем өзгеруде, ендеше ұрпақ тәрбиелеп отырған әр бір ұстаз өзгере отырып, болашақтың іргесін қалайтын жас ұрпақтарды білім нәрімен сусындатушы ұстаздар қауымының алдында көп өзгерістер тұр. Заман ағымына орай курсты өткен әрбір ұстаз үнемі өз білімін жетілдіруге, іс-тәжірибесін өзгертуге, оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыруға, сабақ үрдісінде оқушылардың іс – әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуге міндетті.
Бұл біліктілікті арттыру курсында әлем мойындаған озық тәжірибе туралы мол мағлұмат алып, өз тәжірибеме өзгерістер енгізе отырып, жаңаша форматта орта мерзімді, қысқа мерзімді сабақтар топтамасын жоспарлаудан бастадым. І ші «Бетпе-бет» кезеңінен кейін толық ақпарат алып, алған білімімді іс-тәжірибеде жасауға кірістім. Біздің іс-тәжірибемізде оқытудағы үрдіс бойынша дәстүрлі оқытумен,сабақта мұғалімнің берген, түсіндірген дайын білімімен оқушылар біржақты білім алып келді. Ал, қазіргі сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының терең білімді түсінуі, оны өзі ізденіп алуы, алған білімді сыныптан тыс жерде қолдана білуін талап етеді. Сабақ үрдісінде мұғалімнің басты ролі ол сыныпты ұйымдастыру, оқушыға бағыт-бағдар беріп, топтық жұмыстағы оқушылардың жеке қабілеттерін байқап, жеке мүмкіндіктерін ашу. Оқытуды Кембридж тәсілі бойынша ұйымдастыру, 7-модульді басшылыққа ала отырып интербелсенді әдістерді қолдану болып табылады. Математика пәнін оқытуда сын тұрғысынан ойлау әдістерін: «Жигсо» әдісі, « Кубизм» әдісі, «Миға шабуыл» «INSERT», «Ой қозғау» әдісін пайдалана отырып, оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, тақырыпты талдауға,салыстыруға, сол арқылы есептердің шешімін табуға,өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыра отырып талдауға, жинақтауға, шешім қабылдауға ұйымдастырамын.
Әр сабақта ынтымақтастық атмосфера құру,шаттық шеңберін жасау,әр түрлі әдістермен оқушыларды топқа бөлу топ мүшелері арасында ынтымақтастық орнап, бір-біріне деген сыйластығы артады.
Топтық оқыту әдісін қолдану кезінде оқушылардың өзін-өзі басқару, өзін-өзі бағалау топта оқушылардың білім деңгейін, ынтасын көтереді, бір-біріне көмекке келу,бірінің білмегенін бірі толықтыру арқылы сенімділік артып, оқушының тақырыпты меңгерудегі олқы жерлерін бақылап,мұғалім мен оқушылар арасында бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнайды. «Математика сабағындағы топтық жұмыстар қолданылған жекелеген жобаларда толық топтарға қарағанда, шағын топтағы оқушылардың шығармашылық нағұрлым тиімді жұмыс істегені байқалды. Себебі тығыз ынтымақтастық пен қателіктер сындарлы әңгімелесу жағдайында математика есептерін шешуде өздерін сенімді ұстады» (МАН,56-бет)
СТО әдістерін, Блум таксономиясын сабақта қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген ынтасын, сабаққа деген белсенділігі артып, СТО әдістері арқылы логикалық ойлау, Блум таксономиясы арқылы өтілген сабақта оқушының білу,түсіну,қолдану деңгейлерін меңгеріп,таксономияның жоғарғы деңгейлеріне талдау,жинақтау, бағалауда балама шешім қабылдау кезінде оқушылардың қиналатындығын немесе қателіктерге кезігетінін байқадым. Оның себебі оқушылардың сыни ойлау дағдылары қалыптаспаған,олардың сол тақырып немесе тарау бойынша білімді игере алмағаны, есептер шығарудағы практикалық дағдылардың аздығы әсер етеді деп ойлаймын.Егер сыныпта дарынды және қабілетті балалар көп болса,таксономияның жоғарғы деңгейін жылдам меңгерер еді. Алдағы уақытта өз іс-тәжірибеме дарынды және қабілетті оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмын.
Сабақты бекіту немесе қорытындылау кезінде «Ыстық орындық», БББ маркировкасын, Венн диаграмасын қолдану арқылы оқушылардың сол сабақ бойынша алған білімдерін тиянақтау,нені үйренгенін, нені білмейтіні туралы, рефлексия жасау арқылы қорытындылауға үйретудемін. Сабақ үрдісінде қолданылатын 7-модульдің біреуі ол оқушылардың өзін-өзі бағалауы, формативті бағалау түрлерін сабақта қолдана отырып, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, бір-бірін бағалау кезінде әділдік, сенімділік пайда болып,сыныптағы ұйымшылдық қалыптасады. Әр сабақ сайын бағалау критерийлерін қолдану, смайликтер арқылы бағалау,топ басшылары арқылы бағалау және өзін-өзі бағалау арқылы, бағалау түрлерін өзгертіп отыру, ол сабаққа деген ынтасын арттырып, оқушылардың білім деңгейін көтереді. 7 модульді сабақта ықпалдастыра отырып дарынды және талантты оқушыларды оқытуда жаңашыл идеяларды тиімді пайдалана отырып, олардың жан-жақты ізденуі арқылы, өзіне деген сенімділігін арттыру арқылы, танымдық қабілетін ашып, шығармашылығын дамыту болып табылады.
Осы ІІ деңгей бағдарламасын меңгеруде курсты оқу барысында үлкен басшылық жасай отырып, бағыт – бағдар берген тренерімізге алғысым шексіз.
«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыратын білім дағдысы» деп, ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалімнен үлкен шығармашылықпен үнемі ізденісті талап етеді.

Категория: Статьи | Добавил: DIM (25.09.2014) | Автор: Баймаганбетова Лаззат Советовна E
Просмотров: 2971 | Рейтинг: 2.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика