Пятница, 29.03.2024, 10:08
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Статьи

ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.
Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие.Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.
Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың ақпараттық жүйелерінің кілті. Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген.
Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барысында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.
Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды колледж қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.
Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу сияқты мақсаттарын орындау үшінөз алдыма үлкен міндеттерді белгіледім:
1. Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.
2. Ауызекі сөздің жалпы міндеті - сөздің мағынасын түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану және сөз қорын молайту.
Ең тиімді программалардың бірі Microsoft Power Point.
Ол мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамсыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, автоматты және т.б.
Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Сонымен қатар ActivStudio да Флипчарт арқылы әр түрлі қызықты тапсырмалар орындауға болады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны және флипчартты пайдаланғанда:
• лексиканы меңгереді;
• сөйлеу ырғағын күшейтеді;
• диалог, монолог және рөлдік ойындарды өткізуге көмектеседі;
• хат жазуға үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға ықпалын тигізеді.
Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Мен өз сабағымда “English grammar for pupils», “Enjoy english” электронды оқулықтарын жиі қолданамын.
“English grammar for pupils” электрондық оқулығы ағылшын грамматикасы мен фонетикасын оңай әрі тиімді жолымен түсіндіруге көмектеседі.
Essential Grammar in Use. Raymond Murphy. Cambridge баспасы электрондық оқулығы ағылшын грамматикасына арналған. Бұл электронды оқулықтын ішінде әр түрлі қызықты, дамытушы тапсырмалар мен ойындар және тесттер бар. Әр тапсырма түрлі – түсті суреттер мен берілген.
Reader of Electricians электронды оқулығы кәсіби ағылшын тіліне арналған. Бұл оқулықта әр түрлі кәсіби мәтіндер мен сөздік жұмыстарына арналған тапсырмалар бар. Бұл оқулықтың авторы біздін колледжіміздін ұстазы Бондаренко Г.А.
“Enjoy English” электронды оқулығында оқушылардың ойлау, сөйлеу және олардың коммуникативті дамуына көп ықпал етеді.Бұл диск екі бөліктен тұрады.1-ойындар, жаттығулар және диалогтардан және караокелерден тұрады. 2-Мультфильмдерден тұрады. Мультфильмдерді текстпен, диалогпен, аудирование және дауыс ырғағына берілген жаттығуларда қолдануға болады.
Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:
• үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;
• оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
• сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
• оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
• пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;

Дербес компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта жиі қолданамын.Дербес компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік және жұмыс жасауды игеру мен білім алуын кеңейту.
Ең бастысы, белгілі бір нәтижеге жету үшін сабаққа үздіксіз дайындаламын, көп ізденемін, тиімді жолдарын тауып, оқушыларға дәріс беруге ынталанамын.
Сөздік жұмысын мультимедиялық презентациялар арқылы.
Ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі - сөздік жұмысын жүргізу.
Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады. Мысалы, мультимедиялық презентация арқылы
1. Оқушының күнделікті жиі пайдаланатын заттарын көрсету арқылы оны атату (киім-кешек, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары т.б.).
2. Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру (таныс емес заттарды көрсету, т.б.).
3. Сөздердің аудармасын мағынасына байланысты сәйкестендіру.
4. Жаңа сөздермен әр түрлі сөз тіркестерін құру.
1. Осы сөздермен лексикалық тақырыпқа байланысты сөйлем құру.
Ағылшын тілін оқытуда интернетті сабақта пайдаланудың негізгі артықшылығы жан-жақты ақпараттар алу. Интернетті сабақта пайдаланғанда шет тілінде электронды оқу курстарымен оқушы жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Шет тілін оқытуда бұл ел тану, әр түрлі энциклопедиямен танысуға мүмкіндік береді. Chat (ағылшын сөзі – «әңгіме») электронды поштаға шығу арқылы оқушылардың жүйеде басқа шет ел оқушыларымен сөйлесе алады. Олар сөз қорларын кеңейтіп, өз бетінше сабақ материалдарын таңдауға мүмкіндік алады.
Егер шетел тіліне оқытуда Интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге толығырақ тоқталсақ, келесілерді атауға болар еді: мысалы, студенттер Интернет тораптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат алысып, виртуалды қатынас клубтарына – телеконференцияларға қатыса алады және нақты уақыт тәртібінде мәтіндік хабарламалармен алмасуға, радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни ақпараттың қандай да түрлерін қолдануға мүмкіндіктері бар. Мұнда ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез арада жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі, интерактивтілік (жылдам кері байланыс пен сұхбат мүмкіндігі), іздеу жүйелері арқылы және өз бетімен іздеу, алынған материалдарды түрлі тасушыларға ауыстырып салу және т. с. с. Интернеттің артықшылықтары пайдаланылады.
Сөзімді қорытындылай келетін болсам жас маман ретінде өз білімімді үздіксіз көтеріп, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге үлес қосу, педагогикалық тәжірибе алмасу. үнемі ізденіс үстінде боламын деген үміттемін.
Категория: Статьи | Добавил: gulmira_bieva (14.05.2015) | Автор: Биева Гульмира Кабдырахымовна E
Просмотров: 2225 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 asemorazaieva  
0
Өте жақсы баяндама. Рахмет.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика