Пятница, 19.04.2024, 14:27
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 947
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Болашақ бірлікте

Тақырыбы: «Болашақ бірлікте ! »
Мақсаты: 1-ші мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу. Ынтымаққа, достыққа, өз отанын сүйюге , қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакат, нақыл сөздер, еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімдері, шарлар, гүлдер.
Баяндама: Атамекен әні орындалады оқушылар саппен залға кіреді. Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар сіздерді 1-ші мамыр халықтар достығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
(Әнұраны) орындалады.
«Бірлік бар жерде бақыт бар»
«Ынтымақ достық кепілі »дегендей.
Отан әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз . Адам жүрексіз өмір сүре алмайтындай, Отансызда өмір сүре алмайды. Отан біздің туған жеріміз өзіміздің туысқанымыз, дос жарандарымызбен тұратын еліміз.
Біздің Отанымыз Қазақстан. Бүгін Қазақстанды көптеген мемілекеттер таныған ел. Оның өз Ел таңбасы, Туы, Әнұраны бар. Еліміз өз егемендігін , тәуелсіздігін 1991жылы 16 желтоқсанда алды.
Тәуелсіздік кіндігін Кескен халық бірлігін Ынтымағы барша ұлттың Нұрын шашқан күн бүгін
Әнұранымыз біздің салтанатты үні өр үні, өміршең үні. Оның халықтай көтерілген әнінде туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді арманыңды аялай самғытады. (Ән ұранын орындау) Елтаңбасы қандай тамаша! Елтаңбамызға қарасақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтары шашырай шапағын шашқандай екі жақтағы қанатты пырақтары орынды да, қарымды да, жоғарыда бес бұрышты жұлдызы жарқырайды жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей. Елтаңбасы елімнің Неткен әйбат әдемі Тұнығындай көңілді Ортада аспан әлемі Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды көңілім қалықтайды жалауым жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр. Жырласа қазақ түркімен Молдаван тәжік үн қосқан Дос жүректер біріккен Мейірлері жарасқан. Әр қашан күн сөнбесін (Әні орындалады) Бақытты өмір сүргенін Туған елге еркелеп Қуанғанын күлгенін Сусынымыз қанады Өнер білім нәрімен Әлемдегі баланың Дос боламыз бәрімен. Би «Қазақ вальсі» Кім білген қазағымның қою шайын Жал-жая, қазы –қарта , құртпен майын Ақ тілекпен келген әрбір қонағына Құрметпен шығаратын төрі дайын Келіңіз ұсынамын төрден орын «Досым » деген адамға міне қолым Әр қазақтың жүрегінде осы тілек Адамзат оң сапарда болсын жолың Қазақ әні «Балдаурен» Тыңда, тыңда, тыңда мені Ұлы жұртым орыс халқым Сен тербетіп өсіргенсің Сенің даңқың менің даңқым Орыс ұлт өкіліне сөз. Много слов сказано Сколько песен сложено И стихов искренных На разных языках О степях ветренных Снегом запорошенных О тебя вечная Цветушая земля Орыс ертегісінен көрініс: «Бауырсақ» Своих детей хрони , земля Пусть ночи будет мирными У нас на всех одна , земля Своих детей , люби земля Ведь Родина у нас на всех одна Орыс биі. Украина ұлт өкіліне сөз беріледі. Туған тілім Туған жерім Ардақтаған айбыным Арманымсың арманым
Қадірменді бір досым өзбегім Қалтқысы жоқ демің өз демің Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің Өз көзімдей күлімдейді көздерің Дастархандар жайылады сәнімен Палауымен бесбармағы сыбайлас Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен. Өзбек ұлт өкілі сөз алады. Өзбек биі.
Көрініс. Сахнада шешеннің жаңадан көшіп келген жанұясы . Әйелдер киімі жүдеу, дастархандарыда жүдеу. Әйелі: Отағасы-ау! Балада ауру ішерге тамақ жоқ. Енді қайтып күн көреміз? Отағасы: Менің қолымнан не келеді? Ертен басқармаға барып жұмыс сұраймын. Оғанға дейін талға жаулыққа қазақ көршімізден біраз бидай ала тұрайық. Олай етпесе болмас . Әйелі: Жарайды мен барып келейін. Осы кезде қазақ көршісі кіріп келеді. Көршісі: Қоныстарың құтты болсын. Көрші ақысы тәңір қоқысы дейді біздің халық. Сіздерді Ерулікке шақыра келдім жүріңіздер әлі-ақ ел қатарына қосылып кетесіңдер. Сахынада шешен жанұясы. Отағасы. Біздің жанұяға қазақ жері құт болды. Төрт ұрпақтың бәрі тіс дәрігеріміз. Қазақ еліне мыңда бір рахмет. Қазақ қырғыз бір сананың егізі Ел жұрттың бірге еккен негізі Қазақ озса-ол қығыздың мерейі Қырғыз озса- ол қазақтың жеңісі Қазақ қырғыз туыссыңдар доссыңдар Бір тамырдан сендер өскен қос шынар Дос туыстар көп болсада дүниеде Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар
Біз балдырған тең басқан Дос құшағын елге ашқан Тілейміз бейбіт күн Ашық болсын кең аспан « Біз өмірдің гүліміз » әні орындалады. Жолым түсіп, тағдыр талап Грузин дос болдым қонақ Қазағымдай кең пейілің Дастарханды жайдым мол-ақ Би «Лезгинка» Татар ұлт өкіліне сөз беріледі. Туған жерім тірегім Сен деп өстім Бір сен деп үнемі Соғады жүрегім Ұйғыр ұлт өкіліне сөз беріледі. Асқарлы, қарлы шың Аялаған ән құсым Түған жер армысың Саған мың алғысым. Ойын: Қонақтармен «Хан талапай» 1. Қазақтың жаңа жыл мейрамы? 2. Ұлттық тағамдарын ата? 3. Қазақтың ұлттық тағамдары? 4. Ұлттық аспаптарды атаймыз?
Тақпақтар. Бейбітшілік деп салған Халықтардың ұраны Қара күшке жұмсалған Ең жеңімпаз құралы Таң шапағы атқанда Серпілмейтін түн барма? Әділеттік қашанда Жеңбей қалған күн барма?
Достық, тату өмірге Дүние жүзі сенеді Соғыс өртін өшірсе Бейбітшілік жеңеді
Жарасқан байрақтың мәні бар Көк аспан , күн-қыран сәні бар Көк байрақ ашық күн байрағым Ортада аспан әлемі Арқанның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің ұйқасы құнарлы. Жас қала, бас қалаға айналды. Келбетіне көрік қосты , оқтай түзү даңғылдары келешегіне сәнін қосты, зәулім үйлер көбейді, ұзарды шаңырағы биіктеп, шаттығын әуелеген қала күннен күнге өсіп келеді. Заман жаңа , ел жаңа Күлімдейді кең дала Өз Астанам өз ордам Сүйенерім мен саған Далам! Кең байтақ. Сондықтан ғой, кейбір күмбір көне күймен толғауы тоқсан жырларымызда «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады.» Атырау айшылық , Қаратау күншілік деп толғаған.
Көрікті өлкем қарашы Тізілген орман-тау қаласы Алтай мен Атырау арасы Қазақтың кең байтақ даласы.
Республика халқының саны 15 милн-дай жергілік ұлт қазақтарымен бірге басқа да 130 –дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына , нәсіліне қарамай барлық халық туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдиенетін дамытыуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып бірлесе еңбек етіп келеді. Сондықтанда 1-ші мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып аталады. (Қонақтармен таныстыру)
Ағайын туған бар адам Адалдық үшін жаралған Бар қымбат туыстық Баянды болсын тыныштық.
Ақ қара деп алдымен Елім бөлмес адамды Дәстүр өнер салтымен Таң қалдырған ғаламды.
Жеңген ұран жеңісі Рахаттанар адамзат Елмен елдер келісіп Бейбіт өмір-салтанат
Байлық шашқан сияқты Жер бетіне нұр толып Құшағы кең шуақты Қазақстан –Отаным .
Барлық халық біледі Даңқы жеткен алыс Қазақстан түлегі Ұшқан жұмбақ ғарышқа.
Тілегі бір, жұрегі бір Достармен біз біргеміз Туыс барда, құрыштанда Берік біздің іргеміз
Қортындылау: 1-ші мамыр дүние жүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні . Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы еліміз. Елімізде әр ұлттар тату- тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деп бүгінгі Қазақстан халқының достығы күні берік болсын қонақтарға сөз береміз.
Ән «Ақкөгершін» орындалады.

Категория: Уроки | Добавил: Nureke (07.04.2014) | Автор: Усабаева Кымбат Маликовна E
Просмотров: 1620 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика