Пятница, 26.04.2024, 01:53
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Тілім менің - менің мақтанышым

Сабақтың тақырыбы: «Менің тілім – менің мақтанышым».
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды қазақ тілінің қадір – қасиетін түсіне
білуге шақыру, мемлекеттік тілдің маңызы туралы
түсінік беру.
2. Ойлы сөздер, өлең – жыр, мақал – мәтелдер айту
арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл
туралы алған білімдерін дамыту.
3. Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін
арттыру, мемлекеттік тілді құрметтеугетәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, тіл туралы мақал- мәтелдер, қанатты сөздер, сөзжұмбақ, «Қазақстан жетістіктері» атты бейнетүсірілім, кітаптар көрмесі.

Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Әнұранды айту.Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Қазақ тілі –қазақ халқының ана тілі. Ол өзінің сан ғасырлық даму барысында рулық тіл, халықтық тіл дәуірін де басынан өткізді.
Әр тәуелсіз елдің басты белгілерінің бірі – тіл.
Қазақстан Республикасының Ата Заңының 7 – бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп көрсетілген. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 шілдесінде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заң қабылдап, онда қазақ тілі – өркендеген мәдениеттің тілі, ресми іс қағаздарының тілі деп айтылған. Тіл туралы ақын - жазушылар өлең-жырлар жазған. Сондай өлеңдерден үзінділер тыңдайық:
Серікбай Роза:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Победря Полина:
Өнер алды – қызыл тіл,
Ой толғаған сырлы тіл.
Қалауын тауып қар жаққан,
Тас тілетін алмас тіл.
Шалыгина Татьяна:
Туған тілім – бабам тілі, өз тілім,
Туған тілім – ана тілі, өз тілім.
Туған тілім – далам тілі, өз тілім,
Туған тілім – адам тілі, өз тілім.
Тихонова Елизавета:
Қазақ тілі - атаң, анаң,
Қуат алар Отан содан.
Дүниеде ешбір асыл,
Тең келмейді қатар оған.
Позднякова Ангелина:
Әр адамда өз анасынан басқа,
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада.
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы, айдыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы.
Мұғалім: Міне, балалар, тіліміз жайлы қандай тамаша өлең-жырлар айтылды. Ал, енді жұмбақтар шешіп көрелік.
Жұмбақтар
Сен оқуда қандайсың,
Менен жасыра алмайсың? (күнделік)
Ортасында «шегесі»,
Жіп-жіңішке денесі. (қарындаш)
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)
Із жол болып қалады,
Алтын жинап алады. (қалам)
Мұғалім: Қазақ халқының аңыз-әңгімелеріндегі кейіпкерінің бірі – Алдар Көсе. Ол әрқашан кедейлерді қорғап, байларды сынап,мінеген. Ел аузында Алдар жайлы, оның басынан кешірген талай хикаялары жайлы кең тараған. Сондай аңыздың бірі –«Алдар Көсенің сиқырлы тоны». Тамашалап көрелік.
Көрініс. «Алдар Көсенің сиқырлы тоны»
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Ал енді әсем биге кезек берейік. Ортада «Қарлығаш» биі.
Мұғалім: Қазақ тіліндегіауыз әдебиеті үлгісінің бір түрі – сөзжұмбақ. Қане,балалар, сендердің қаншалықты тапқыр, білімді екендіктеріңді тексеріп көрелік.
Сөзжұмбақ «Қазақ тілі» (аудармалы сөзжұмбақ)
1. Заяц
2. Дедушка
3. Линейка
4. Старший брат
5. Девочка
6. Петух
7. Книга
8. Звезда
9. Младший брат.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы бері, талай жетістіктерге қол жеткізді. Ғылымның қай саласы болмасын, өміріміздің қай саласы болмасын қазақстандықтар күн санап, жаңа белеске өтуде. Осының дәлелі ретінде «Қазақстанымыздың жетістіктері» атты бейнетүсірілімді тамашалайық.
Бейнетүсірілім «Қазақстанымыздың жетістіктері».
Мұғалім: Сонымен, еліміздің жетістіктері қандай екен? (балалардың пікірі, сөзі). Жарайсыңдар,балалар!
Қоштасу: Бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

Категория: Уроки | Добавил: Gulsara4179 (03.07.2014) | Автор: Шопанова Гүлсара Арманбекқызы E
Просмотров: 4625 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика