Среда, 24.04.2024, 06:45
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Абай және қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Абай және қазақ әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
• Қазақ әдебиетінің атасы, шырайлы ойдың шебері Абай шығармаларындағы жан-жақты шындықты оқушыларға таныту;
• Оқушының тіл мәдениеті мен сөздік қорын байыту, берілген сұрақтарға дәл, айқын жауап беруге, білік дағдыларын тереңдетіп, дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілетін дамыту;
• Оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа, имандылыққа, табиғатты қорғауға, Отанын сүюге, жаман әдеттен аулақ болуға, еңбекқор болуға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Танымдық ойын
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, СТО тәсілдері
Сабақтың көрнекілігі:
Ақынның портреті, шығармалары, рефераттар, бүктемелер, оқушылардың шығармалары, әлем зиялыларының Абай туралы сөздері, сөзжұмбақтар, карточкалар, ойын барысында қолданылатын күйме, асық, қоржын т.б.
Сабақтың барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі
Абай қазақ халқы үшін теңдесі жоқ құбылыс. Ол қуатты ақылдың адамы. Ауызекі тіл мен халық ауыз әдебиетінің құнарлы байлығын пайдалана отырып, ол қазақ поэзиясының көркемдегіш құралдарын биік дәрежеде жетілдіріп, ішкі жүйелік құрылымына сәйкес жаңа өлең пішіндерін өмірге әкелді.Жақсылық пен ақыл-сезімнің салтанатын Абай еңбек пен оқудан көрді.Абай атамыз бұқара халықты екіге бөлген: жарты және толық адамдар.Толық адамдар қандай болады деген сауалға мынадай сипаттама береді:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,
Сонда толық боларсың елден бөлек!
Ендеше, ақыл, қайрат, жылы жүректі пайдалана отырып, білім сарайына жеткізер кілтті ізделік.




ІІІ. «Алтын сақа» танымдық ойыны арқылы оқушылардың оқып білген білімдерін саралаймыз.
(Ойын 5 кезеңнен тұрады, сарапшылар ұпай санын жауап бойынша қадағалап отырады)
1-ші кезең «Табалдырық»
Оқушыларға сұрақ қою арқылы, бірінші болып жауап берген оқушыларды күймелерге (көк, қызыл, жасыл, сары) орналастырып отырғызу.
Сұрақтар:
1. Абайдың ғылым, білімді үйренуге шақырған өлеңдерін ата?
(«Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр»,
«Жасымда ғылым бар ескермедім», «Әсемпаз болма әрнеге»)
2. Абай өз өлеңдеріне ән де жазған, ақын әндерін ата?
(«Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем Қаламқас»)
3. Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған тағы бір үлгісі – табиғат лирикасы. Табиғат – адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Абайдың табиғат лирикасын ата? («Жаз», «Қыс», «Жазғытұры», «Желсіз түнде жарық ай», «Көлеңке басын ұзартып»)
4. Абайды біз тағы бір қырынан – аудармашы деп танимыз. Ол кімдерден аударды? (Пушкин, Лермонтов, Крыловтан)
2-ші кезең «Әудемжер»
1. Абайдан асқан бұрын –соғңы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.
«Абай - қазақтың бас ақыны» деп кім айтты? (Ахмет Байтұрсынов)
2. Қар жауса да, тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы
Абайдың қай өлеңінен үзінді? («Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай»)




3. 60 жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап оқыған орысшасын өз бетімен үйрену арқылы дамытады, орысша кітаптарды оқиды. Семей кітапханасына кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп, кітаптар алдырады. Қысқы айларда қалада ұзақ жатып, кітапханада отырып оқитын болады.
Сұрақ: Осы кезде жас төңкерісшіл досы кіммен, қай жылы кездесті? (1870 жылы Е.П.Михаэлиспен. Ол Петербург университетінің студенті болып жүріп пашта үкіметіне жақпайтын сөз-әрекеттері үшін осында жер аударылған)
4. Кішірек кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайды әкесі он жасында Семейге оқуға жібереді. Осыдан кейін Абай қандай білім алды, қандай медреселерде оқыды? (Ғабул-Жаппардың, кейін Ахмет-Ризаның)
3-ші кезең «Қозыкөш»
1. Абайдын 31-ші қара сөзінде:
Естілген нәрсені ұмытпастыққа 4 түрлі себеп бар делінген, ол қандай себептер?
(Әуелі, 1-ші көкірегі байлаулы берік болмақ керек;
2-ші сол нәрсені естігенде, я көргенде көңілденіп, ынтасымен ұғу керек;
3-ші сол нәрсені бірнеше рет қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек 4-ші ой кеселді нәрселерден қашық болу керек)
2. Абай мектепте жүргізілетін дін сабағын жеңіл меңгеріп, араб, парсы тілін үйренеді, бос уақытын кітап оқуға, өз бетімен ізденуге жұмсайды.
Сұрақ: Сонымен қоса шығыс классик ақындарынан кімдерді оқыды? (Низами, Сағди, Хафиз, Фзули)
3. Абайдың әкесі Құнанбай бірде баласының халықшыл мінездерін ұнатпай оған: «Сен жүрттың бәрімен күліп сөйлесесің, жайдақ су сияқтысың, жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісіге қадірің болмайды» - деп мін тағады.
Сұрақ: сонда Абайдың әкесіне жауап ретінде айтқан сөзі:
«Қолында құралы бар бірен-саранға ғана тиетін шыңыраудағы судан да қойшы-қолаң, жарлы-жақыбайдың бәріне пайдасы тиетін жайдақ су артық деп білемін»-депті.
4. Көркем сөздің асылы – поэзия деп жоғары бағалай отырып, бір кез Абай қазақ ортасында оның қадірін кетіріп жүрген ақындарды сынауға ауысады.


Сұрақ: Бұл қай өлеңінде, бір шумағын жатқа айт.
(«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінен

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап
Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көр – жерді өлең қыпты жоқтан қармап.)

4-ші кезең «Беласар»
1. Абай Лермонтовтан жалпы саны неше шығарма аударды?
Лермонтов өлеңдерін көп аударуының себебі неде? (27шығарма 90-шы жылдары Абай өмірінде көңіл құлазытар бірқатар келеңсіз оқиғалар болды. Көп жылдар араласып жүрген достарымен (Жиренше, Оразбай) біржолата ат құйрығын кесісіп, жауласып кетеді. Оның үстіне жақсы көретін інісі Оспан, сүйікті ұлы Әбдірахман қайтыс болады. Ақын осыдан қайғы тартып, жалғыздық азабын көп тартты. Осы тұста ол Лермонтовпен көбірек сырласты.
2. Абайға дейінгі қазақ өлеңдері буын жағынан алғанда неше буынды өлшемдерден тұрды?
Сұрақ: Ал, Абай қазақ өлеңіне қандай өзгерістер енгізді?
(11-7-8 буынды қара өлең, шұбыртпалы, ерікті, кезектес ұйқас түрінен 6-8 буынды, ұйқас жүйесіне шалыс, аралас, егіз ұйқас түрлерін енгізді.
3. Абайдан қалған неше поэма бар?
«Масғұт» поэмасы – осы аттас кейіпкердің іс-әрекетіне құрады. Ақылы мен парасаты мол адамның мінез-құлқын, адамгершілігін көпке үлгі етеді.
«Әзім әңгімесі» - «Мың бір түн» ертегісінен алынған бір уақиғаның өлеңмен жазылған түрі. Мұнда көпті алдап жүрген адамдардың аярлық мінезі сыналады. Поэма аяқталмаған.
«Ескендір» - Шығыс елдерінде «Ескендір Зұлқарнайын» деген атпен тараған Еуропаға Александр Македонский деген атпен танылған белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған.
4. Абай туралы жазылған қандай көркем әдебиет шығармаларын, өнер туындысын білесің, Абайдың қазақ әдебиеті тарихында алатын орны қандай?
(М.Әуезов «Абай жолы» роман эпопеясы
М.Әуезов, А.Құнанбаев «Мақалалар мен зерттеулер»
С.Мұқанов «Жарқын жұлдыздар» (Абай бөлімі)
Абай қазақ әдебиеті тарихында шындықты жан-жақты көркем суреттей білген суреткер ақын. Қазақ әдебиеті тарихында Абайға берілген ең алғашқы маңызды баға «Шырайлы ойдың шебері»)

5- кезең «Жолайрық»
1. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопеясының 1-ші томының,1-ші бөлімінде неше тарау бар?(7, «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Жолда», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда»)
2. Әкесінің Абайға айттырған қалыңдығы кім және кімнің қызы?
(Алшынбайдың баласы Түсіптің қызы- Ділдә)
3. Құдасының ауылына Ұлжан отыз шақты кісімен келген. Дағды бойынша Ұлжан бастаған үлкендер құданың ауылына күйеулерден бір түстік бұрын келіп түсті.Ұлжан Алшынбайдыкіне көп қазына әкелген. Сол қазыналарды ата? (Алшынбайға арналған киіт және күмістер)
4. Ал осыдан он жыл бұрын Алшынбай ауылына Құнанбай құда түсіп, Ділдәны айттырғанда бас құда Құнанбайға да киіт берген. Екі құданың киіттері де күміс. Енді осы күмістердің атаулары бар, аттарын ата? («Бесік жамбы», «Тай тұяқ»)

IV Сабақты қорыту
Сабаққа қатысқан ойыншылардың ішінен 5 кезең сұрақтарына дұрыс жауап берген ойыншы, ұпай саны бойынша «Алтын көмбе» қоржынында берілген «Абай жолы» сөзжұмбағын шешіп, «Алтын сақа» ойынының жеңімпазы атанады.
Категория: Уроки | Добавил: abish (11.04.2015)
Просмотров: 1987 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика