Айқындауыш мүшелерден өткенді қайталау. - Уроки - Материалы педагогов - Каталог статей - Сайт творческих учителей Казахстана

Суббота, 03.12.2016, 05:22
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 317
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Айқындауыш мүшелерден өткенді қайталау.

Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы

Т.Жароков ЖББОМ-нің қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Сексенбаева Жанаргүл Төлегенқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Айқындауыш мүшелерден өткенді қайталау.

Білімділік  мақсаты:  Оқушылардың оңашаланған және қосарлы айқындауыштан алған білімдерін тереңдету, мағынасы, жасалу жолы, құрылысына талдау жасау дағдыларын қалыптастырып, анықтауыштан айыра білуге үйрету;

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығуышылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту,синтаксистік талдау дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздің құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, өнерді құрметтеп сыйлауға баулу;

Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.

Әдісі: баяундау, талдау, сұрақ-жауап, салыстыру.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру бөлімі.

                             1. Сәлемдесу.

                             2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

 

2. Үй тапсырмасын тексеру.

 

                                 а) көркем әдебиеттерден құрамында айқындауыштары                         

                                   бар 4 сөйлем жазу.

                                 Бүгінгі сабағымыз айқындауыш мүшелерден өткенді                                                                                                                                                       

                                 қайталауға арналады.

 

 

І кезең.                     « Ой қозғау» стратегиясы.

1 топ. «Тілші - әдебиетші».

1. Айқындауыштың анықтамасы, түрлері, қызметіне тоқталады.

2. Мысал келтіреді.

2 топ. « Зерттеуші».

1. Айқындауыштардағы тыныс белгілерінің қойылу ерекшілігін мысалдар арқылы дәлелдеп, айтып түсіндіреді.

ІІ кезең. Мәтінмен жұмыс.

Берілген мәтіннен айқындауыштарды тауып, синтаксистік талдау жасау.

1 топ. Оңашаланған айқындауыштарды табады.   

2 топ.  Қосарлы айқындауыштарды табады.

ХІХ-ХХ ғасырдағы ақындардың бойынан ерекше дарын-қабілет байқалған.

Олар шығарған ән-күй де төлтума болмысымен дараланып отырған.

Сондай асыл ұлдарымыз –А. Құнанбаев, Ә. Найманбайұлы, К. Әзірбаев,

И. Байзақов, С. Сейфуллин - әндері дара саз – сарынымен ерекшеленеді. Қазақстанда, Арқадағы Көкшетау өңірінде, Біржан сал мен Ақан сері маңына бір шоғыр талантты жинап, ел аралап өнер көрсетті.Арқадағы үлкен әншілік орта Біржан сал, Батыс Қазақстандағы әншілік мектеп Мұхит ақын атымен тығыз байланысты. Олар әр өлкеге әншілік өнер мектептерін орнықтырды. ІІІ кезең.

1 топ. «Тілші-әдебиетші».

Көп нүктенің орнына оңашаланған айқындауыш мүшені қосып, қай сөйлем мүшесінен екенін анықтау.

1. Ақан сері әуел бастан,..............., өзіне ақындық, әншілік өнерді серік еткен.

2. Ол көркем шығармаларды,  нақты айтқанда............... бас алмай, оқиды.

2 топ. «Зерттеуші».

Берілген сөйлемдерге тиісті тыныс белгісін қойып, оңашаланған айқындауышты тап.

1. Бір үйден бір кісінің қасынан мұншалық көп кітап көргені осы.

 2. Халық арасында аты аңызға айналған Балуан Шолақтың анасы алып

күштің иесі болып табылады.

ІҮ кезең. Топпен жұмыс.

1 топ. Оқулықпен жұмыс. 78- жаттығу. Берілген қосарлы айқындауыштарды қатыстырып, сөйлем құрастыр.

Қарасай батыр, әнші Мейрамбек, Ғарышкер Талғат Мұсабаев, партизан Қасым Қайсенов, күйші Дәулеткерей, Мұқағали ақын, Тәуке хан, би-шешендер, Дамира келін, Әсет мырза, Гүлжан директор, Әлжан бәйбіше, Қамар сұлу.

2 топ. Қосарлы айқындауыштың сыңарын тап.

... Ыбырай,.... Мұса,...Күләш, ...Шара, Баян...., ...Міржақып, Шоқан..., .... Құрманғазы, Балуан...., Әйтеке....  .

Ү кезең. Суретпен жұмыс. Екі топ та айқындауыштарды қатыстыра отырып, мәтін құрастырады.

ҮІ кезең. Сәйкестендіру тесті.

1топ. Оңашаланған айқындауыш пен анықтауышты айқында.

Жүйрік ат.

Мұнда, біздің елімізде.

Жақсы ән

Көңілді күй                              оңашаланған айқындауыш

Мен, Сәкен Сейфуллин

Күзде, қараша айында            анықтауыш

Әсем әуен

Аптаның соңғы күні, сенбі күні

Қыран бүркіт

Досына, Ерболға

2 топ. Қос сөздер мен қосарлы айқындауыштарды тап.

Ашу-ыза

Батыр-ұшқыш

Дос-жаран

Өнер-білім                                    қос сөздер

Мінез-құлық                        

Ақын-сазгер

Тілші-ғалым                              қосарлы айқындауыш

Тәлім-тәрбие

Ой-түйін

Әдіскер-ұстаз

 

Қорытынды.

Венн диаграмма. Салыстыру.

 

Оңашаланған айқындауыш

Ұқсастығы

Қосарлы

 айқындауыш

1.

2.

3.

 

1.

2.

3.

 

Үй тапсырмасы.

  1. «Әнші-ақындар-қазақ ән-жырының шамшырағы» ойтолғау.(айқындауыш мүшелерді қатыстыру).
  2. Айқындауыш мүшелерге арналған тест құрастыру.

Бағаланады.

Категория: Уроки | Добавил: Kairat (22.11.2014)
Просмотров: 1752 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика