Суббота, 20.04.2024, 13:01
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 947
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Бастауышым-бақытты балалығым

Тақырыбы: Бастауышым-бақытты балалығым.

Зал безендірілген. Ортада стол, әр столда шар, гүл. Ата-аналар екі жағында отырады.
Жеңіл әуен ойналып тұрады.
Сынып жетекшісінің сөзі.
- Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қадірлі қонақтар! Бүгін үлкен мереке. Білім нәрімен сусындатқан,сауатын ашқан, алғаш қолына қалам ұстатып, оңы мен солын танытқан бастауышпен қоштасқалы отыр. Балалардың 4 жыл бойы үйренген өнерлерін тамашалаңыздар.
- Бүгінгі мерекенің иегерлерін ортаға шақырайық.
Оқушылар музыкамен келеді.
1-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар.
Білім іздеп инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Бастауыштың қоштасар бүгін тойында.
2-жүргізуші:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар!
Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
3-жүргізуші: Бүгін біз сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен - солымызды танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
4-жүргізуші:
«Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай ұстазымыз 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатты. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтамыз.
Хор «Ұстазым»
1-жүргізуші: Ғылым иесі ғалымда, ел қорғаған батырда, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшыда, егін салып, мал бағып терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкерде, бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
2-жүргізуші: Ия, бүгін бізде қуаныш, бүгін бізде үлкен той. Өйткені, 4 жыл бойы білім беріп, ой-санамызды дамытқан, адалдыққа, адамдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымға жол ашқан бастауыш сыныппен қоштаспақпыз.
3- жүргізуші: Шашу, шашу, шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық
(Шашу шашылады)
Біз қандай едік? Интерактивті тақтадан 5-6 минуттық көрініс.
1-оқушы: Өсті міне, бойымыз,
Өсті міне, ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз!
Той құтты болсын, халайық!

4-жүргізуші: Келесі сөзді той иелеріне береміз.

2-оқушы: Алдыңа келіп ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен
Мейірімі сезілген.
Сипадың да басымнан
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.

3-оқушы: Әлі есімде, мектепке алғаш барғаным,
Өз қолыммен Әліппені алғаным,
Ақтардым да Әліппенің парағын.
Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.

4-оқушы: Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат,
Оқулықпен достасып,
Бастауышпен қоштаспақ.
Бәрі хормен:
Құрбыласпыз,
Тұрғыласпыз,
30-ымыз
Күлімдейміз,
Бір бақшаның
Гүліндейміз
Таланттымыз,
Қанаттымыз,
Жақсы оқимыз сабақты біз.
Бір класпыз.

5-оқушы: 1 қыркүйек күні мен
Аңқыған жұпар гүліммен
Келіп ем, қарсы алды мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен.

6-оқушы: Оқытты ұстаз анамыз
Өсті білім санамыз.
Білгір ер боп өсетін
Біз бақытты баламыз.
Бойымызда бұла күш
Еркін өскен ұланбыз
Оқу-білім үйреткен
Хормен: Ұстаздарға мың алғыс3
Би «Учат в школе»
7-оқушы: Алғаш рет өзіңнен
Білім алар балалар.
Оқу сырын өзіңнен
Біліп алар балалар.
Жастың өсті санасы
Елжірейді жүрегі
Бастауышқа бар бала
Алғыс айтып жүреді.
Бәрі хормен:
Тал егеміз,
Гүл егеміз
Өзгелерге өнегеміз.
Құрбыласпыз,
Тұрғыласпыз.
Тату-тәтті
Бір класпыз.
Хор. «Қоштасуға арнау» (Құрдастар әніне салу)
Төрт жыл бұрын білім жолын бастап едік,
Босағасын алтын ұя ашқан едік
Бәрімізде кіп-кішкентай сәби болып,
Келіп едік құрдастар.
Енді, міне, бастауышпен қоштасамыз,
Қыркүйекте үлкендермен достасамыз.
Бал-бұл кезім қайда
Балғын кезім қайда.
Бал-бұл кезім, балғын кезім қайда екен!
Ұмытпаймыз мөлдіреген көзіңізді,
Ұмытпаймыз балам деген сөзіңізді,
Жүзің жылы, құшағыңыз кең ашылып,
Қарсы алдыңыз ұстазым.
1- жүргізуші:
Алғашқы ұстазымыз Бибізада Бердібекқызына өлең шумақтарын арнау.
8-оқушы.
Мейірімді жаны жұмсақ анамдайсың,
Шәкіртің түгілі туған балаңдай шын.
Жанарың жанға жайлы жүрігіңмен,
Келді күн қоштасатын, қала алмайтын.
Зырылдап төрт жыл уақыт өтті кетті,
Төліңнен бөлінетін уақыт жетті.
Анамдай алғашқы ұстаз өзіңізбен,
Қия алмай қоштасатын уақыт жетті.

1-жүргізуші Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп.
Шәкірттерін баулады тәртіпті қып.
Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен
Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып. –деп бүлдіршіндеріңіздің шын көңілінен шыққан әнін қабыл алыңыз.
Ән: Какимов Амир мен Асылбек Ақзеренің орындауында ән «Ұстазым»
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ықыласпен ынта қойып тыңдап,пән атаулыны зер салып оқып, үйреніп жүреміз. Әрбір пән мұғаліміне жан-жақты білім бергені үшін алғысымыздың шегі жоқ.
3-жүргізуші: Құрметті ұстаз апайлар мен ағайлар! Біз сіздерден үлгі аламыз, сіздерді мақтан етіп жырға қосамыз. Енді өздеріңіз туралы өзегімізден шыққан алғыс сөзімізді тыңдаңыздар.
1-жүргізуші: Біз 4 жыл ішінде тек өз ана тілімізде ғана емес, өзге тілдерді де үйрендік. Ия, сол тілдердің бірі, біз 1 сыныптан бері ана тілімізбен қатар оқып келе жатқан тіліміз, ол – орыс тілі.
9-оқушы: Слышишь песенку ручья?
Это – Родина твоя.
Слышишь голос соловья?
Это – Родина твоя.
Школа, где твой друзья,
Это – Родина твоя.

10-оқушы: Мы еще раз вспомним звонок весёлый,
Что прозвенел нам в первый раз?
Когда вошли с цветами в школу,
В самой лучший класс.
11-оқушы. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Жанат Абдібекқызына
Сабырлы да салмақты
Білімді ұстаз ардақты
Табыстырған орыс тілімен
Оқытып бізді жан-жақты
Рақмет сізге айтамыз
2- жүргізуші : Біз тек сабақ оқып қана қоймаймыз, біз жан-жақтымыз, музыка мектебінің 1-сынып оқушысы Пірназар Меруерттің орындауында «Метовский танец» әуенін тыңдайық.
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Шолпан Ракымжанқызына
Жағымды жайлы үнімен,
Үйретіп орыс тілінен
Оқып, жазып үйреткен
Шолпан апай біз сізбен
Қоштасамыз шынымен.
2- жүргізуші: Спасибо вам за все хорошее! Шамшидин Дәулет «Саржайлау»
11-оқушы: Мы знаем не только русский язык. Мы учили и английский язык. Мы легко переводим слова
Мама – mother, папа – father, Родина – Motherland
12- оқушы:
Ағылшын пәнінің мұғалімі Алтынкөз Беркиновнаға
Бір сатыға көтеріліп барамыз
Бірақ біздің алшақтамас арамыз
Менің бала жүрегімде орын ап
Алтынкөз апай сіз мәңгілік қаласыз.
Ән: Диас, Әлішер,Жандос «Қызылорда жастарының әні»
(Ортаға спорт формасын киген бала доппен шығады.)
3- жүргізуші:
-Күмісбек , сен неге спорттық киіммен шықтың ?
-Дене шынықтырудан үйренгенімді көрсетейін деп едім ғой.
3- жүргізуші: Осының барлығын сендерге кім үйретті?
- Әрине, денешынықтыру пәнінің мұғалімі Ержан ағай үйретті.
3-жүргізуші: Олай болса ағайға қандай тілек айтар едің?
- Ел намысын қорғайтын,
Тәртіпті қатал қолдайтын.
Ержан ағай мен сізге,
Осы жырды жолдаймын.
Би «Ковбойский танец»

Ортаға сурет дәптер, түсті қарындаш ұстаған оқушы шығады.
4-жүргізуші: Назым, сен неге альбом мен қарындаш ұстап жүрсін?
- Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Есенбек ағайға салған суретімді тексертіп, қалып қойған жерін бояйын деп едім.
- Назым сен қызықсын, бүгін дәл осы жерде тойдың үстінде тексертпексің бе?
- Ия, онда тұрған не бар?
- Оданда сен ағайға арнап өлең шумағын айтып берші.
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Есенбек ағайға
Айнытпай салар жер бетін,
Саласыз әр жан келбетін
Қылқаламмен бояуы
Суретін салар жер-көктің.
Есенбек ағай мен сізге
Алғысын айтам шын көптің.
Ән: Шаутай Бақбергеннің орындауында «Солдат болам мен ертең»
1- жүргізуші :
Екі шектің бірін артық,
Бірін сәл-пәл кем бұра
Нағыз қазақ ,қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра – демекші музыка сабағынан ән үйретіп, қасиетті домбыраның үнін , сырын біздің жүрегімізге сала білген Несібелі апайымыздың еңбегі де зор.
2-жүргізуші :
Әр мектептің мерекесінде , біздің әр тәрбие сағатымызда сыңғырлаған әсем үнімен , әнімен елді қуанышқа бөлейді. Біздің шын көңілімізден шыққан өлең шумағын қабыл алыңыз.
13-оқушы: Әуез пәнінің мұғалімі Несібелі Аханқызына
Сұлулықтың сәні бар,
Жақсы сөздің мәні бар.
Несібелі апайдың,
Бойында әсем әні бар.
Қуанышпен әр тойда
Несібелі апай табылар,
Тілегімді қабыл ал!
Ән: Нұртазақызы Назымның орындауында «Ұстазым менің» әнін қабыл алыңыздар .

14-оқушы:
Ырғақ пәнінің мұғалімі Салтанат Сұлтанғазықызына
Әсем ән мен тәтті күй,
Керемет қой жақсы би.
Мың бұрала билеткен,
Салтанат апай өзіңе,
Осы шумақ болсын сый.
Ән: Тапаш Данабек «Менің Отаным»
15- оқушы: Құрбылар, қараңдаршы апай маған мына әріптерді берді.
- Неге?
- Мен таптым.
16- оқушы: А дегенім – аналар ғой ардақты.
17-оқушы: Ә дегенім - әкелер ғой салмақты.
18-оқушы: Анадан жоқ аяулы әлемде
19-оқушы: Әкелер ғой сыйлайтұғын бар бақты.
20-оқушы: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген әке-шешеміз.
21-оқушы: Қиындықта әркез бізбен бірге болатын да ата-ана.
22-оқушы: Бұл өмірде бәріміз ата-анаға қарыздармыз.
23-оқушы: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген нақыл сөз бар.
24-оқушы: Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
4-жүргізуші:
- Бастауышпен қоштасу дегеніміз балалықпен қоштасу ма?
1- жүргізуші: -Ия, балалықпен қоштасу.
4- жүргізуші: -Сонда біз есейіп кетеміз бе?
1- жүргізуші: Дұрыс айтасың , есейеміз.
4- жүргізуші: Неге мұңайып қалдың?
1- жүргізуші : Енді бізді ата-анамыз еркелетпейді ме?
4- жүргізуші: Неге еркелетпейді. Ата-анамызға біз әрқашанда кішкентаймыз,еркелетеді, аялайды. Әйгерім сен неге көңілсізденіп қалдың? Ортаға Әйгерімнің анасын шақырайық . Ол кісінің баласын қалай еркелететінін тыңдайық. (Ортаға Әйгерімнің анасы шығады)
1-жүргізуші: Анашым мен сізді жанымдай жақсы көремін.
4-жүргізуші: Ата-анамыз бізді еркелете тәрбиелей отырып болашағымыздан зор үміт күтіп ақ тілегін, батасын беріп отырады.
3- жүргізуші: Қандай тамаша! Осы мезетте папасын ортаға шақырамыз. Ағай, сіз өз балаңызға және барлық бүлдіршіндерге қандай тілек айтар едіңіз? Әр парақ үстінде бір тілек айтасыз.
2- жүргізуші: Қанша тілек айтады екен тыңдайық балалар!
3-жүргізуші. Иә, тыңдайық,
2-жүргізуші: Айтқаныңыз келсін. Рахмет сізге.
3-жүргізуші: Біз бақытты баламыз.
2-жүргізущі: Иә, бақыттымыз.
3-жүргізуші: Ата-аналарымыз аман болсын.
2- жүргізуші:Әр үйде балалардың шаттық үні естілсін.
3-жүргізуші: Қымбатты біздің ата-аналарымыз сіздерге арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. Қалдыбаева Сымбаттың орындауында «Ана, әке» әні.
25-оқушы: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Жан ана сеніміңді ақтау үшін.
26-оқушы: Дүниеге әкелген ол да сенсің, анашым,
Ақ сүт беріп өсірген ол да сенсің анашым.
Тіл алмасам кешірген ол да сенсің анашым.
Мәпелеген баласын ол да сенсің анашым.
27-оқушы: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың,
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің,
Кең құшағың, аясындай гүл бақтың.
1-жүргізуші: Осы аяулы аналарымызға ән-шашуымызды жолдаймыз
Ән. Құрманғалиева Әйгерім «Апатайым анашым»
28-оқушы: Ыстық-ау кім-кімге де әке деген
Суыққа шалындырмай мәпелеген,
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
29-оқушы: Әкешім, тілеуіңді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен,
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,
Ақылды балаларың оны білген.
2-жүргізуші: Асқар таудай әкелерімізге арналған ән-шашуымызды қабыл алыңыздар!
Өмірзақ Азамат «Ұрпақ үні»
30-оқушы: Балғын бала-бастауым,
Сәтті қадам бастадым,
Біліп көрдім оқуды,
4 жылды артқа тастадым.
31-оқушы: Мен үйрендім білімді,
Төктім, бар ой, терімді,
Ұқтым, күліп, ойнадым,
Көтеріп әр сәт көңілімді.
Би. «Джаз»
Көрініс: Құрбылар, бізді болашаққа не бастайды?
Хормен: Ұстаздың көрсеткен жолы,
Ата-ананың ақылы.
Болашаққа деген сенім.
- Достар, бүгін бізде мейрам. Бастауышты бітіріп жатырмыз.
- Бір-бірлеріне қандай жақсы тілек тілер едіңдер?
1-оқушы: Құтты болсын, құрбыжан
Алға аттаған қадамың!
Білім деп соқсың жүрегің,
Жолыңа бестік шашамын. (бестік баға шашады)

2-оқушы: Жайнаса бұл-бұл бүлдіршін.
Бір сынып тағы өрлесін.
Жайқалып тұрған көктемгі
Өмірің сенің гүл болсын! (гүл шашады)

3-оқушы: Өмір деген сан-саналы қиыр жол,
Адаспасаң одан да аларың мол.
Ұстаз, ана, әкенің, құрбының да
Саған достым тілейтіні тек ақ жол! (күріш)
Ән. «Достық» Тұрар Толғанай
4-оқушы: Шақырып алыс арманға,
Асулар күтіп тұр алда.
Өмірге ұлы самғауға,
Жар бола көрсін бір Алла!
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз» Нұржігіт Айғаным
3-жүргізуші: Бүгінгі қоңырау үні біз үшін ерекше. Ол біздің бастауыш сыныппен қоштасып, сәби шақтан өмірдің келесі баспалдағына – оқу, білім, ізденіс жолдарына шығарып салатын қоңырау үні. (қоңырау соғу)
Хор: Бастауыш мектеп
4-жүргізуші:
Амалсыздан қоштасар кезімізде,
Нышаны қимастықтың көзімізде.
Арманның қанатында қиялдаймыз,
Сіздерді біз ешқашан қия алмаймыз.
1-жүргізуші:
Қош бол, қош бол бастауыш!
Жаңғырады сан дауыс
Ешқашанда біз өзіңді,
Ұмытпаймыз бастауыш!

2-жүргізуші:
Балалықтың бал дәурені
Аялады біздерді
Ұстаз – ана мейірімі
Саялады біздерді
Қимастықтан жүрегіміз
Елжірейді бүгінде
Ораламыз біз өзіңе
Ұмытпаймыз, Бастауышым!
4-жүргізуші:
Өзіңсің балауса көктемім,
Мен сенен нәр алдым көктедім.
Өмірде алғашқы өткелім,
Рахмет, саған, бастауыш мектебім!
Вальс
3-жүргізуші:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Болсын солай әрбір күнің, әр айың
Тойларыңыз құтты болсын, ата-ана
Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын!

Құттықтау сөздер.
Диплом тапсыру
Хор. Әрқашан күн сөнбесін!
1- жүргізуші:
Құрметті ата-аналар,ұстаздар, жақсы шәкірт азамат атанады.
Халқынан, ата-анадан бата алады,
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.

Категория: Уроки | Добавил: Бердибековна (12.11.2014) | Автор: Бибизада E
Просмотров: 2474 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика