Вторник, 16.04.2024, 11:24
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Қ дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Қ дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1.Қ дыбысы мен бас әрпін балаларға таныстыру. "Қ"
дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге
үйрету. Дәптерге Қ дыбысының бас әрпінің жазба
түрін жазғызып үйрету.
2. Ой-өрістерін кеңейту, сөздік қорларын, тілін дамыту.
3. Әсемділікке, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қ әрпі, суреттер, тірек-сызбалар
Әдіс-тәсілі: үйрету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Түрі: ертегі сабақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Амансыздар ма, қонақтар!
Сабағымызды бастайық.
Жамандықты тастайық.
-Жарайсыңдар балалар, көңіл-күйіміз жақсы болса, көңілді отырып
сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-62,63 бет оқу
ІІІ. Жаңа сабақ.
-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз жай сабақ емес, ертегі сабақ, яғни, «Шалқан» ертегісі. Бұл ертегіні барлығымыз білеміз бе?
-Бұл ертегіде қандай ертегі кейіпкерлері болады?
-Жақсы, балалар! Енді, біз атаға шалқанды жұлып алып беру үшін ертегі кейіпкерлерінің әр түрлі тапсырмаларын орындаймыз.
-Орындаймыз ба?
Атаның тапсырмасы:
Ойын: «Сиқырлы сандар»
Балалар қазір біз «Сиқырлы сандар» ойынын ойнаймыз. Біз білімді,
әрі тәртіпті болсақ сандардың бізге не жасырып тұрғанын білеміз
Ребусты шеш.

-Әр ребусты шешкен сайын сандар алынып астынан әр түрлі суреттер шығады.
-Балалар ненің суретін көріп тұрмыз? (Қасқыр, құлпынай, қоян, қалам)
-Жарайсыңдар, осы сөдердің басында қандай дыбыс естіліп тұр? (Қ)
-Қ дыбысын хормен айтқызу. -Қ дыбысы қандай дыбыс? –Қандай текшемен белгілейміз?-Қ дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.
-Жарайсыңдар! Ата шалқанды тартады-тартады, бірақ жұла алмайды. Енді ол көмекке кемпірін шақырады. –«Кемпірім, кемпірім, маған көмекке келші деп...»
Кемпірдің тапсырмасы:
-Тақтада берілген суреттерді ата, дыбыстық талдау жаса.
(касық, кесе, шанышқы, қазан)
-Балалар, бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атайды? (Ыдыстар)
-Шал мен кемпір шалқанды тартады-тартады, бірақ әлі де болса жұла алмайды, енді олар көмекке немересін шақырады.-«Немерем, немерем бізге көмекке келші деп...»
Немересінің тапсырмасы:
ІІІ. Сергіту сәті. «Арива» биі
-Шал,шалдан кемпір, кемпірден немересі ұстап, шалқанды тартады-тартады, бірақ әлі де болса жұла алмайды, енді олар көмекке итті шақырады.-«итім, итім бізге көмекке келші деп...»
Иттің тапсырмасы:
ІҮ. Оқулықпен жұмыс
-Мәтінді оқу, мәтін бойынша сұрақтар қою, әңгімелеу.
-Бұл суретте кімдерді көріп тұрсыңдар? –Олар не істеп отыр екен?
-Мәтінде Қ әрпінен басталатын адамның аты бар ма?-Ал, ыдыстардың ше?
-Олар қандай тамақ жеді? (қуырдақ) – Не ішті? (қатық)
-қуырдақ, қатық деген сөздерді буынға бөлу.
-«Ас-адамның арқауы» мақалдың мағынасын ашу.
-Бағыт бойынша сөздерді оқу, мағынасын ашу.
та – мақ дақ
та – ну қу - ыр
шат маш

-Шал,шалдан кемпір, кемпірден немересі, немересінен ит ұстап, шалқанды тартады-тартады, бірақ әлі де болса жұла алмайды, енді олар көмекке мысықты шақырады.-«мысық, мысық бізге көмекке келші деп...»
Мысықтың тапсырмасы:
-Сурет бойынша әңгімелеу.
-Бағыт бойынша сөздерді оқып, мағынасын ашу.
оқу аң
оқыту шы жылқы
жыр мал

-Шал,шалдан кемпір, кемпірден немересі, немересінен ит, иттен мысық ұстап, шалқанды тартады-тартады, бірақ әлі де болса жұла алмайды, енді олар көмекке тышқанды шақырады.-«тышқан, тышқан бізге көмекке келші деп...»
Тышқанның тапсырмасы:
Ү. Дәптермен жұмыс
Дәптердегі Қ дыбысының бас әрпінің элементімен таныстырып көркем жазуға үйрету. Қ әрпін ауада жазу.
ҮІ. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
-Тақтада Қ әрпінің кіші әрпін, бас әрпін жаздырту.
ҮІІ. Қорытынды
-Шал,шалдан кемпір, кемпірден немересі, немересінен ит, иттен мысық, мысықтан тышқан ұстап, шалқанды тартады-тартады, бір кезде шалқанды жұлып алады.
-Шалқан бізде қалай болып өскен?
-Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық ?
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Ендеше қонақтармен қоштасайық.
Аспанымыз ашық болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Деніміз сау болсын!
- Сау болыңыздар.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру
64, 65 бет оқу
ІХ. Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
Категория: Уроки | Добавил: Еркиновна (18.05.2015) | Автор: Мухамеджанова Сауле Дулатовна E
Просмотров: 2013 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Мака  
0
Тамаша жоспар

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика