Четверг, 28.03.2024, 11:18
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

физика әлеміне саяхат
№ 20 Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы:

Мұғалімі: Мамбетниязова М.Б.
Сыныбы: 8 «А»

-Меркі-
Тақырыбы: «Физика әлеміне саяхат»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сұрақтарға, жұмбақтарға жауап
беруде және физикалық тәжірибелер жасауда нақты тұжырымдама айтуға, қорытындылауға физика сабақтарынан алған білімдерін пайдалану мүмкіндіктерін бақылау.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін, логикалық ойлау
қабілеттерін, пәнге деген қызығушылықтарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқуышларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа,
тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Пән аралық байланыс: әдебиет, өнер, математика
Көрнекілігі:физикалық ұралдар, интерактивті тақта
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Оқушылардың назарын сайыс сабаққа аудару, мақсаты мен міндетін
түсіндіру.
ІІІ. Сайыс сабқтың өтілу кезеңдері:
І тур. Сан сұраққа саяхат (оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады)
ІІ тур. Физика мақал-мәтелдерде (оқушыларға бірнеше мақал-
мәтелдер беріледі, олар сол мақалды физикалық тілмен түсіндіру
керек)
ІІІ тур. Дұрыс таңда! (ұяшықтар беріледі, оқушылар таңдайды)
ІV тур. Жұмбақтар елінде (бірнеше жұмбақтар жасырылады)
V тур. «Ойлан, тап!» (ұяшықтар беріледі.Әр ұяшықтың артында
суреттер беріледі. Сол суреттерді физикалық тілмен түсіндіріледі)
VІ тур.Қызықты тәжірибелер (2 ұяшық беріледі. Ұящықтардың
артында тәжірибе болады)
IV. Марапаттау
V. Қорытынды

Сабақтың барысы:
Мұғалім:
Армысыздар бүгінгі «Физика әлеміне саяхат» атты физикалық кешімізге жиналған қауым! Бүгінгі сайыс сабағымызға қош келіпсіздер!
Мінеки залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың ғылымы
Физика жайында
Кешімізді бастаймыз
Жас достарым,
Мұны біз де ұғайық,
Физика құрметтеуге лайық,
Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес физикасыз түсіну
Физика дүние кілті бүгінде,-
дей отырып, бүгінгі физикалық кешімізді бастаймыз!
Бүгін 8 «А» сынып оқушылары білімдерімен күш сынасуға келіп отыр. Олай болса сайыскерлермен танысайық.
1. Нұрлықұл Бақыт
2. Тоқтасынов Сұлтан
3. Рақымжанов Арман
4. Сабыр Маржан
5. Құдайберген Нұрғали
6. Құралбай Еркін
Құрметті сайыскерлер, сайыс сабағымызға қош келіпсіздер!
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,-
дей отырып, әділқазылар алқасымен танысайық.
1.
2.
3.
Бүгінгі өткізетін сайыс сабағымыздың тәрбиелік мәні бар және білімге деген оқушылардың құштарлығын оятуға бағытталған нақыл сөздерді сіздерге жеткізгім келіп отыр.
Ғажайып физика барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте,
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер!
Шәкірттер зерделікпен меңгеріңдер!
Осындай асыл сөздерді құрметті сайыскерлер саналарыңызға түйе отырып,өздеріңіздің алға қойған мақсаттарыңыз бен өмірлік ұстанымдарыңызды айтып өтсеңіздер!
(Сайыскерлер өздеріне тоқталады)
Сайыстың бөлімдері:
І тур. Сан сұраққа саяхат
ІІ тур. Физика мақал-мәтелдерде
ІІІ тур. Дұрыс таңда!
ІV тур. Жұмбақтар елінде
V тур. «Ойлан, тап!»
VІ тур.Қызықты тәжірибелер

Ал енді, сайысымызды бастамас бұрын физиканың ғажайып мүмкіндіктерін айта кетейін.
Айдан хабар алғызған,
Зәулім үйді салғызған.
Теңіз суын каналмен ,
Шөл далаға барғызған.
Физика емей немене?!
І тур. «Сан сұраққа саяхат» (оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады)
1. Неліктен көктемде ағаш, тал-теректерді ақтайды?
(Ақ бет (ағаш,тал-теректерді ақтау) күннен түскен сәулені шағылдырады
да, ағаштарды күйіп – құрғап кетуден сақтайды)
2. Неліктен ылғал аудандарда орналасқан өндіріс орындары атмосфераны көбірек ластайды?
(Өндіріс қалдықтарынан пайда болған шаң-тозаң ауадағы су
тамшыларының конденсация центріне айналады, бұның әсерінен шаң
тозаңның салмағы артып, оның диффузия жылдамдығы кемиді.
Сондықтан шаң-тозаңдар үлкен өндіріс орындары төңірегінде түтіндік
бұлт түзейді)
3. Жұпарды жасыра алмайсың. Бұл нені білдіреді?
(Диффузия құбылысы)
4. Неліктен суық күндері көптеген жануарлар денесін жиырып алып
ұйықтайды?
(Денесін жиырғанда жануарлар дене көлемін кішірейтіп, өзін қоршаған
суық ауамен аз әсерлеседі)
5. Қай жағдайда шәйнектегі ыстық шәй тез суыйды? Шәйнекті мұздың үстіне қойғанда ма, әлде мұзды шәйнектің үстіне қойғанда ма?
(Мұзды шәйнектің қақпағының үстіне қойғанда ондағы ыстық су
тез суыйды: бұл жағдайда мұздың айналасында судың суық бөлігі
пайда болады, ал ол бөлік басқа қалған бөліктерден ауыр,
сондықтан да ол төмен қарай түседі. Энергиялық конвекциялық
ағым пайда болады)
6. Неге сай жерлерде бау-бақша өсірілмейді? Бұны немен түсіндіруге болады?
(Салқын ауа ауыр болғандықтан ол төменге , сайға жиналады, ал онда үскірік жүруі ықтимал)
7. Термосты тоңазытқыш ретінде уақытша пайдалануға бола ма?
(Болады. Суық су ұзақ уақыт суық күйінде сақталады. Өйткені ондағы ауасыз бос кеңістік , жылтыр қабат энергияны шағылтып , сәуле шығару арқылы берілуіне кедергі жасайды.)
8.Жаздыгүні қандай түсті көйлек кисең ыстықтамайсың: қара түсті көйлектен бе, әлде ақ түсті көйлектен бе? Неге екенін түсіндір.
Ақ түсті көйлек кисең ыстықтамайсың, ақ түс қара түске қарағанда жылуды өзіне нашар жұтады.
9. Қатты қызып тұрған плитаға аз ғана су төгілсе , су тамшылары “секіре” бастайды. Бұл неліктен болады?
Қатты қызып тұрған плита су тамшысын қыздырып, оның төңірегінде бу қабығын түзеді. Осы бу қабығы су тамшысын жоғары қарай көтереді.
10. Мыналардың қайсысына энергия көп жұмсалады: шойын құмыраны қыздыруға ма , әлде оған құйылған массасы дәл сондай суды ысытуға ма?
Суды ысытуға көп жылу керек, өйткені судың жылу өткізгіштігі нашар.

Табиғат сырын аштырған,
Токпен қазан астырған,
Миллион гектар астықты
Комбайынмен бастырған
Физика емей немене?!

ІІ тур. «Физика мақал-мәтелдерде» (оқушыларға бірнеше мақал-мәтелдер беріледі, олар сол мақалды физикалық тілмен түсіндіру керек)
1. Нан піскенше күлше күйеді
(Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, соғұрлым оған аз жылу
беру керек)
2. Тонның жылуы терісінен емес, - жүнінен
(Тонды қойдың, түйенің жүнінен тігеді , ал жүннің арасында ауа болады. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның қызуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне тигізбейді )
3. Темірді қызған кезде соқ
(Темірді қыздырғанда , оның сызықтық өлшемдері ұлғайып, кристалдық тордың реті бұзылып, молекулалар ретсіз орналасады да, молекулалардың арасындағы өзара тартылыс күші кемиді де оңай июге , кесуге, бөлуге болады. Ал күнделікті өмірде бұл мақал әр істі дер кезінде істеу керектігін үйретеді.)
4. Отқа салса темір де балқиды
(Табиғаттағы заттар бір күйден екінші күйге өтіп, агрегаттық күйлерде бола алады. Темірді қыздырғанда , ол балқып қатты күйден сұйық күйге ауысады. Халқымыз бұл мақалды “Шыдамның да шегі бар” дегенге балама етіп қолданып отырған)
5. Теректің жануында мін жоқ,
Бірақ жылуында мән жоқ.
(Терек жақсы жанады, өткені оның меншікті жану жылуы аз)
6. Азықсыз адам алысқа бармайды
(Адам әл-ауқатты, энергияны астан алады, сондықтан тамақ асы болмаса адамның әл – ауқаты болмайды)
7. Отты үрлеген жағады,
Шындықты іздеген табады.
(Отты үрлеген кезде , отқа жаңадан таза ауа келеді де от жақсы жанады. Өтірік айтпау керек,әр уақытта шыншыл, әділ болу керек. Әр уақытта шындық жеңеді)
Сергіту сәті.
Алты жасар Айнұрға шешесі неліктен жаңбыр жауатынын түсіндіріп жатыр. Қанша түсіндірсе де Айнұрдың түсінетін түрі жоқ. Қатты шаршаған шешесі қызды асханаға алып келіп:
-Міне қызым, қара: қазандағы су қайнағанда, қазанның қақпағына бу келіп қонады, содан соң ол салқындайды да тамшыға айналып қайтадан қазандағы суға келіп қосылады. Жаңбыр дәл осылайша жауады, енді түсіндің бе?
Айнұр қуанғаннан:
- Міне, енді түсіндім, неліктен жаңбыр жауатынын! Оны адамдар жасайды екен ғой.

(Ұпайы ең аз 1 оқушы ойыннан шығады)

ІІІ тур. Дұрыс таңда! (5 ұяшық беріледі, оқушылар таңдайды)
1 ұяшық- «Тұлғалар» (10 , 20 , 30)
2 ұяшық-«Тұрақты шамалар» (10 , 20 , 30)
3 ұяшық-«Заңдар» (10 , 20 , 30)
4 ұяшық-«Суретті физика» (10 , 20 , 30)
5 ұяшық-«Мәдениет» (10 , 20 , 30)

1 ұяшық- «Тұлғалар» (10 , 20 , 30)
10) 1785 жылы тәжірибе жүзінде вакуумдегі нүктелік зарядтың өзара әрекеттесу заңын ашқан француз ғалымы (Ш.Кулон)
20) 1775-1836 жж. өмір сүрген француз ғалымы (А.Ампер)
30) Чарльз Чаплин бір ұлы физик –ғалымнан төмендегі мазмұнда хат алады: “Сізді барлық адам түсінеді. Сіздің ертең-ақ данышпан
болатыныңызға еш күмәнім жоқ...”. Чаплин: “Сізді ешкім түсінбейді, бірақ сіз данышпансыз”,-деп жауап қайтарған екен. Ч.Чаплин қай ғалыммен хат алысқан? (А.Эйнштейн)
2 ұяшық-«Тұрақты шамалар» (10 , 20 , 30)
10) (g) қандай шама,қалай аталады және ол неге тең? (g-еркін түсу үдеуі.
)
20) (Электр тұрақтысы)
30) Пропорционалдық коэффициент қандай әріппен белгілейді және ол неге тең?( )

3 ұяшық-«Заңдар» (10 , 20 , 30)
10) Бұл қай заң? (Кулон заңы)

20) Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі. Бұл қағида қалай аталады? (Паскаль заңы)
30) Ломоносов ашқан заң (Энергияның айналу және сақталу заңы)

4 ұяшық-«Суретті физика» (10 , 20 , 30)

10) Сұрақ: Мына суреттен қандай физикалық құбылысты
байқадын? Жауап: Сырғанау үйкелісі.

20) Сұрақ: Қыстыгүні қай үй жылы болады?
Ағаштан жасалған ба, әлде кірпіштен
жасалған ба?
30) Бейне сұрақ: Қарды басқанда қар неге сықырлайды? (Жауабы: қарды басқанда оның құрамындағы көптеген ақ ұлпа кристалдары сынады)

5 ұяшық-«Мәдениет» (10 , 20 , 30)
10) Дүние жүзі ғалымдарының ең үлкен сыйлығы.Бұл сыйлық бірнеше зауыттар мен фабриканың иегері, динамитті ойлап тапқан өнертапқышы, Шведтің атақты ғалымының есімімен аталады. (Нобель сыйлығы)
20) Қай физик 2 рет: бірінші рет физика, екінші рет химия саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты болды? (Мария Складовская –Кюри физика бойынша Нобель сыйлығын 1903 жылы, химия бойынша 1911 жылы)
30) АҚШ-та бірінші рет Нобель сыйлығын алған американ физигі (Альберт Майкельсон)

(Ұпайы ең аз 1 оқушы ойыннан шығады)
Шындықты алғаш таратқан,
Жыл күніңді санатқан,
Тауып ғажап жаңалық,
Жоқтан барды жаратқан
Физика емей немене?!
ІV тур. Жұмбақтар елінде (бірнеше жұмбақтар жасырылады)
1) Бойындағы зарядты,
Ұзақ уақыт сақтайды.
Реленің күшімен
Бүлдірместен баптайды (Аккумулятор)
2) Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланам күн сайын жарық үшін (Шам)
3) Аспандағы алып доп ,
Жарқырайды жарық боп. (Күн)
4) Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді (Күш)
5) Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды. (Масса)
6) Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады. (Бұлт)
7) Екі апай дауласты,
Шындық үшін күресті.
Ақиқатқа қол жеткен соң,
Дау-жанжалды тоқтатты (Таразы)
8) Сұлулықтың сұлуы,
Бойында жоқ жылуы. (Ай)
9) Бар – жоғын білмейсің,
Онсыз өмір сүрмейсің (Ауа)
10) Аяғы жоқ , қолы жоқ,
Бірақ үйге кіреді (Жылу мен суық)
11) Асып кетсе кернеуді,
Төмендетіп береді.
Кеміп кетсе кернеуді Жетерліктей береді.
Мұні ойлап тауып еді,
Яблочков пен Усагин
Тұтынушыға қажетті ,
Тауып берді кернеуді (Трансформатор)
12) Суға салсаң – батпайды
Отқа салсаң –жанбайды. (Мұз)

(Ұпайы ең аз 1 оқушы ойыннан шығады)
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай – «адамды»
Тіл бітіріп сөйлеткен
Физика емей немене?!
V тур. «Ойлан, тап!» (3 ұяшықтар беріледі.Әр ұяшықтың артында суреттер беріледі. Сол суреттерді физикалық тілмен түсіндіріледі)
1) Сұрақ: Мына денелердің қайсысы көбірек заттан, қайсысы
тығыздығы азырақ заттан жасалған?

2) Сұрақ: Мына шарлардың әрқайсысына қандай ауырлық
күші әсер етеді?

3) Сұрақ: Білеулердің жақтарына олардың ауырлық күші
жазылған. Осы білеулердің массасы қандай?

(Ұпайы ең аз 1 оқушы ойыннан шығады)
Білмегенді білдірген,
Өлшеп киім кигізген ,
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Физика емей немене?!

VІ тур.Қызықты тәжірибелер (2 ұяшық беріледі. Ұящықтардың артында тәжірибе болады)
1) Тәжірибе: “Төңкерілген ыдыстағы судың ақпауы”
Қалың қабырғалы шыны стакан алып, оған жартысынан көбірек етіп су
құйып алып, бетін жұқа қағазбен жауып,парақты алақанмен басып,
стаканды төңкеру керек. Одан соң алақанды парақтан алсақ та,стакандағы су төгілмейді. Бұл неліктен? (Жауабы: Атмосфералық қысымның әсерінен. Сондай-ақ қағаз бен су әрекеттеседі де су қағазды өзіне тартып алады)
2) Тәжірибе: “Ыдыстың сабынмен бірге көтерілуі”
Шұңғыл табақша алып, оның ішіне су құйып, төгіп тастау керек (ыдыс іші дымқыл болу керек). Енді қолыңызға сабынды алып, оны ұзынша кырынан табақшаның ортасына қойып, сабынды алақаныңызбен өте қатты басыңыз да, енді сабынды көтеріңіз, сабынмен ілесе табақша да көтеріледі. Осы жағдайды түсіндіріңіз. Неге сабынмен бірге табақша да көтеріледі? (Жауабы: Бұл құбылыс молекулалардың өзара әсерлесулерімен түсіндіріледі.Табақша, сабын және су молекулаларының арасында бір-бірімен әсерлесу-жақындасу құбылысы жүреді)

Мұғалім: Сайыс болған соң жеңу де бар, жеңілу де бар. Сайыстың аты сайыс құрметті қатысушылар. Бүгінгі ойынымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділ қазымызды шақырайық.
IV. Марапаттау : Әділ қазылар бағалайды.
V. Қорытынды:
Тілдесер табиғаттың тілі екен ғой,
Көз таратар сұлулықтың сыры екен ғой.
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,
Алдыңнан қалмайды екен тіріде ол.
Салған ән, айтылған сөз,ішілген ас
Космос кораблі , атылған тас,
Аққан су, соққан дауыл, айналған жер.
Бәріңнің бағынары физика ғой.
Сондықтан табиғттың сырын терең
Деушіге оқып, зерттеп, білем, көрем
Демесең болсын егер еңбегім еш
Әуелі физиканы оқы дер ем!
Қатысқандарыңызға көптен көп рахмет! Ал құрметті қонақтар, сіздерге де дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Осымен сайыс сабағымыз аяқталды.
Категория: Уроки | Добавил: Mereke (19.02.2015) | Автор: Мамбетниязова Мереке Базарбаевна E
Просмотров: 2019 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика