Пятница, 19.04.2024, 03:41
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Lesson study- Іс-әрекетті зерттеу сабағы (С)

«Lesson Study»- іс-әрекетті зерттеу сабағы.
«Өзгерістерді қалай енгіземін, неден бастаймын?», деп өзіме-өзім сұрақ қойдым. Бұған дейінгі сабақ беру тәсілдерімді, оқушыларымның сабаққа қатысу мүмкіндіктерін, пәнге деген қызығушылықтарын ой елегінен өткіздім. Енжар, ештеңеге қызықпайтын, тек келіп - кететін оқушыларды көз алдыма елестеттім. "Неге" осындай оқушылар бар, ол "қалай" пайда болды, енді "не" істеу керек? Бұл сұрақтардың жауабы -оқыту әдісіне жаңалық енгізу, оның нәтижелігі арқасында уақытты тиімді пайдаланып, білім сапасын биікке көтеру, мұғалім мен оқушы арасында жаңа өзіндік педагогикалық ынтымақтастық құру екенін түсіндім..Ол үшін, Бірінші деңгей бағдарламасы аясында мұғалімдер іске асыратын өзгерістердің мағынасы Үшінші деңгей бағдарламасы аясында мектеп тәжірибесіне енгізілген өзгерістермен және Екінші деңгей бағдарламасы аясында мектепте коучинг және тәлімгерлік әдістерін қолданумен үндесетіндігін есте ұстадым.Келесі кезекте мұғалімдермен коучинг өткізуді ұйғардым. Коучингтің тақырыбын таңдауда, әріптестеріме түсінікті болатындай, оны іске асырып, нәтижесін көре алатындай өзектілік болуын қаладым. Сол себепті «Lesson Study- іс-әрекетті зерттеу сабағы» деген тақырыпқа тоқтадым.
Мақсатым: мұғалімдер осы әдіс арқылы өз оқушыларын нақтырақ тануға, зерттеуге мүмкіндік алатынын түсінеді, бір-бірінің кәсіби өсуіне ықпал ете алатынына көз жеткізеді.
Күтілетін нәтиже: әріптестерім осы әдісті қолданып сабақ өткізіп, талдап, оқушыларын басқа қырынан көріп танитын болады.
Коучингті әдеттегідей сергіту сәтімен бастадым, «Природа Релокс» бейнеүзігін көрсете отырып, әріптестерімнің жұмыстарына сәттілік тіледім. Коучингке 15 мұғалім қатысты, топпен жұмыс жасау үшін
«Қаздар сабағы» туралы түсірілімді көруге шақырдым, әріптестерім үлкен әсер алды. Топқа бөлініп, әрбір топқа «Lesson Study» сабағы туралы жадынама тараттым, онымен танысуға уақыт берілді. ә
Әріптестерім бұл жадынаманы оқып болған соң топ болып талқылап түсінгендіктерін көрсетті. Бұдан кейін іс-әрекетті зерттеу сабағының қалай іске асатыны жайлы слайдтар көрсетіп, таныстырдым. Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдерінің осы тақырыпта көрсеткен шеберллік сыныбын да мысалға алып айтып бердім. Әрі қарай топ мүшелеріне постерлер таратып, өз ойларын түсірулерін өтіндім.
Постерлер дайын болғанда мен өз әріптестеріме коучинг түсінікті болғанын ұқтым және оған қатты қуандым. Коучинг соңында кері байланыс парағына ІІІ деңгейлік курсты бітірген бір әріптесім: Осы «lesson study» туралы естідім, бірақ тым алыста, түсініксіз болып жүрген, енді міне бәрін түсініп алдым, сізге көп рахмет, деп жазыпты. Коучинг аяқталған соң бірнеше мұғалім іс-әрекетті зерттеу сабағын өткізіп көруге ақылдасып жатты. Сол кезде менде, «мен мектебіме өзгеріс енгізе алдым ба?» деген ой тұрды.
Іс - әрекетті зерттеу үшін, оның ішінде сыныпты зерттеу нысаны ретінде Lesson Study сабағын өткізу жоспарланып, өткізілді. Енді бұл тәсілдің қалай іске асатынын көзіммен көріп, дәлелдеу үшін зерттеу сабағын жүргізетін топқа мүше болуға мен де ұсыныс жасадым. Бұдан әрі жоспар бойынша зерттеу сабақтары жүргізілді. Зерттеу нысандарына 8"А" сыныбы алынды және осы сыныптан А, В, С үш деңгейдегі оқушыларды таңдап алдық. С деңгейңдегі оқушы "үлгерімі төмен"- И, В деңгейіндегі оқушы "үлгерімі орташа"- Б, А деңгейіндегі оқушы "үлгерімі жақсы" -Ұ деген оқушыларды бақылап, зерттеу үшін, үшеуі де осы сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер топтасты. Осы үш сабақты зерттеуде оқыту мен оқудағы тәсілді "Топтық және жұптық жұмыстар арқылы оқушы белсенділігін арттыру" деп алып, жұмысымызды өрбіттік. Мақсатымыз: А,В,С деп таңдап алған үш оқушымыздың біз белгілеген табыс критерийіне жетуін бақылау және сыныптың тұтастай топтық жұмыстар арқылы белсенділікпен жұмыс істеуі.
Бірінші сабақ география пәнінінен "Қазақстан аумағының жаңа дәуірде зерттелуі.Ш. Уәлиханов" тақырыбыңда болды. Пән мұғалімі А - III деңгей бойынша сертификатталып, біліктілігін көтерген ұстаз. Мұғалім үш оқушы үшін күтілетін нәтижелерін анықтап алып, сабақты өз деңгейінде өткізді.
Топтың қалған мұғалімдері алдын-ала әзірленген зерттеу мақсаттары бойынша бақылау жұмыстарын жүргізіп отырды. .
Яғни , мұғалім оқушыларды топен жұмыс істету арқылы,диалогтік әдісті пайдалану негізінде, сын тұрғысынан ойлау стратегиясын пайдаланып мақсатына жеткендігі аңғарылды.Сабақ соңында топ мүшелері табыс критерийлері бойынша талқылау жасады. Талқылау барысында таңдап алынған С оқушымызда прогресс болды, яғни жұптық жұмыстың нәтижесінде оқушы топтағы жұбымен диалогқа түсіп сұрақтарға жауап берді,постер қорғағанда өз ойын білдірді. БББұл С деп таңдап алынған оқушы үшін үлкен жетістік болды, бұған сынып оқушылары түгелімен қуанды. Ал В оқушы белгіленген табыс критерийіне жете алмады, яғни топқа берілген тапсырмаларда белсенділік танытпады. Бұл оқушыны бақылап жүрген мұғалім В оқушымен жұмыс істеу тәсілін өзгерту керек екенін айтты.
Келесі кезекте А деп таңдап алған оқушы туралы бақылаушысы өте жоғары деңгейдегі пікірге тоқталды. Өйткені, бұл оқушы тек оқулықтағы мәліметпен тоқталып қалмай, жан-жақты ізденетінін,Шоқан Уалиханов туралы көп білетінін көрсетті және сондай бір құлшыныспен,мақтанышпен өз тобының постерін қорғап шықты.
Енді екінші сабақты ағылшын тілі пәні мұғалімі , III денгей бойынша сертификатталған А өткізді.
№ 2 Lesson Studyдi өткізу үшін №1 Lesson Studyдiң талқылауы назарға алынды. Яғни, зерттеуге тиісті А,В,С үш оқушыдан күтілетін нәтижелер нақтыланды және соған қарай сабақтың басымыдықтары анықталды.
Сабақ барысында С оқушының тобындағылар оны сөйлетуге, жауап беруге дайындап, топ ережесін орындауға тырысып бақты. В оқушыны да бақылап жүрген мұғалім,топпен жұмыс жасаудың тиімділігін байқады.
А оқушымыз әдеттегідей өз тобына көшбасшылық жасап ,әр тапсырма сайын дайын екендіктерін білдіріп, алғашқы болып белгі беріп отырды. Сабақ соңында кері байланыс парағынан осындай сабақтың әсері мол екенін байқадық.№ 3 Lesson Studyдi де өткізетін уақыт жетті, қазақ әдебиеті сабағынан пән мұғалімі Идеатова А.К . сабақ өткізді. Мұғалім тәжірибелі , I санатты, өз пәнін жетік біледі. Сабағының тақырыбы " Қожа Ахмет Иассауи". Сабақ "өмір мектебі" деген бейнеүзік көрумен басталды, оқушыларға ой қозғау жасалды. Диалогтық оқыту, жұппен жұмыс, талантты оқушыны тану, сыни тұрғыдан ойлау әдістері қолданылады. Бір сөзбен айтқанда А,В,С деп белгіленген үш оқушы біз межелеген табыс критерийлеріне жетті. С оқушы бейтарап отыратын күйден арылды,В оқушының кері байланыс парағын көрген бақылаушы мұғалім,үлкен ризашылық білдіреді.В оқушы, мен жауап бергенде аяғым дірілдеп, біраз қиналдым, бірақ өзімді-өзім тез ретке келтіріп алдым.Бұдан кейін жауап бергенде емін-еркін сөйлейтін боламын, сіздерге рахмет ,деп жазыпты. А деңгейіндегі оқушы өзінің көп ізденетінін, білімге құштарлығын, тобымен ынтымақтаса жұмыс істейтінін көрсетті.
Қорыта айтқанда, Lesson Study нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық және оқушыларымыздың оқу үдерісіне толыққанды қатысуына ықпал ете білдік.Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ.Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып,оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне,ойларын ашық айтуына дағдыландырдық. Болашақта осындай әдіс- тәсілдерді қолдана отырып оқушыларымыздың білім, білік дағдыларын арттырамыз. Талантты және дарынды оқушыларға күрделенген тапсырмалар беруге ізденеміз. Lesson Study-ді өткізген мұғалімдермен соңғы талқылау,талдау жұмысы мақсатында кедесу сағатын жасағанда, А атты әріптесім, өте үлкен сезіммен , толқып тұрып( бейнеүзікте) рахметін айтты және әрі қарай жалғастыратынын, енді басқа сыныптар үшін де қолданып көретінін ризашылықпен жеткізді.
Осы жерде, « Мұғалімдер , өз кезегінде , өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады» деген Выготскийдің сөзінің ақиқаттығына көзім жетті.

Категория: Уроки | Добавил: Кенішкүл (03.03.2015) | Автор: Қисықбай Кенішкүл E
Просмотров: 17485 | Рейтинг: 2.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика