Четверг, 25.04.2024, 09:44
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 947
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Мәтіннің бөліктері
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің бөліктері
Сабақтың мақсаты:Мәтіннің бөліктері туралы түсінік беру.
Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы ондағы сөйлемдердің байланысын көрсету.Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.
Оқушылардың өзбетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау
Көрнекілігі: дидак.материал
Сабақтың жүру барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Қазақ тілін мақтаймыз
Ереженің барлығын
Есімізге сақтаймыз.
II.Өткенді қайталау
Құмырсқаның қыста қарны ашпайды. Өйткені, ол жазда таңертеңнен кешке дейін тапқан азығын илеуіне тасып алады. Сондықтан оны еңбекқор жәндік деп атайды.
-Бұл тыңдағандарың не?
-Мәтінде неше сөйлем бар?
-Сөйлемдер бір - бірімен байланысып тұр ма?
-Мәтінге қандай ат қоюға болады?
- Мәтіндегі негізгі ой қандай?
-Мәтіннің қандай түріне жатады?

Әңгімелеу
Сипаттау Мәтіннің түрлері
Пайымдау

III.Жаңа сабақ
Миға шабуыл
“Түлкі мен қасқыр” ертегісінің бөліктерін анықтау.

Балық аулап келе жатқан шалдың балығын жегісі келген бір түлкі “өлген” болып өтірік жата қалады. (Басы)

Шал көре сала кемпіріме жаға болатын болды ғой деп, шанаға салып алады. Түлкі тіріліп алып балықтарды лақтыра береді. Шана босаған соң өзі түсіп қалады. (негізгі бөлімі)
- Сонша балықты қайдан алдың? – деп қасқыр сұрайды.
- Ауылдың шетіндегі суаттағы ойыққа құйрығыңды батырып
отырсаң, көп балық аулайсың” –деп алдайды.
Сөйтіп қасқыр оған сеніп, адамдардан таяқ жеп,
құйрығынан айырылып қалған екен. (соңы)

-Не оқыдық? (мәтін)
- Мәтін екенін қайдан білдіңдер? (Сөйлемдер бір - бірімен мағыналық жағынан байланысып тұр.)
- Мәтін дегеніміз не? (Өзара мағыналық байланысты айтылатын екі не одан да көп сөйлем құралып, автордың ой - пікірі.)
- Оқыған мәтін неше бөліктен тұрады? (3 бөліктен)
- Мәтін бөліктері қалай жазылады? (Бөлек)
- Бұл мәтінге қандай ат қоюға болады? (Айлакер түлкі)
- Мәтіндегі сөйлемдердің орнын ауыстыруға бола ма? (Жоқ)

Мәтіннің үш бөліктен тұрады: басы,негізгі бөлімі,соңы.Әр бөлік азат жолдан бастап жазылады.
1 тапсырма
Сөйлемдерді мағыналық байланысына қарай ретімен орналастыр.
Ол біздің итімізге құйылған жуындыны да ішіп кетеді. 2
Сөйтіп, көршнің иті біздің үйге келуін қойды. 4
Көршінің иті тойымсыз. 1
Бір күні итімізді үйшігімен көрші ауылға беріп жібердік. 3
2 тапсырма
Суреттерге қара. Оқиға неден басталды? Оқиға қалай өрбіді? Әрі қарай не болды? Немен аяқталды?





3 тапсырма
Берілген әңгіменің құрылымы бұзылған. Әр бөлімнің орнын анықтап, қалпына келтір.
Үй-іші мұның жайын сұрайды. Сөйтсе, Алмас соның алдындағы күні қасындағы жолдасымен екеуі бір-біріне әлденелерді айтып, сабақты зейін қойып тыңдамапты. Келесі күні мұғалім оны түрегелтіп, кешегі өткен тақырыпты пысықтау ретінде бірер сұрақ қойыпты. Бала күмілжіп, мардымды ештеңе айта алмапты, сөйтіп «екі» алыпты. Негізгі бөлімі
-Мұғалімің дұрыс істеген,-деді әкесі. –Әділ бағасын қойған. Соңы
Алмастың әкесі жұмыстан келді. Кешкі асты ішкеннен кейін күндегі әдеті бойынша ұлының күнделігін қарады. Баласы бір сабақтан «екілік» алған екен. Басы
Сергіту сәті
Бойды бүкпей тік ұста,
Еркін тұрып тыныста.
Жай оң қолды оң жаққа,
Жай сол қолды сол жаққа.
Екі қолды айналдыр,
Қос шеңбердей із қалдыр.
Сәл тынығып байқа да,
Он шақты рет қайтала.
4 тапсырма
Алдымен, содан кейін,сосын, ақырында сөздерін пайдаланып «Менің күн тәртібім» тақырыбында мәтін құра.
Шығармашылық тапсырма
Суреттегі заттардың алғашқы әріптерінен сөз құрап, шыққан сөзді қатыстырып мәтін құра.( Мектеп)


IV.Бекіту
-Мәтін дегеніміз не?
-Мәтін неше бөліктен тұрады?
-Әр жол қалай жазылады?
-Мәтін неше түрге бөлінеді?
Категория: Уроки | Добавил: Райни (11.04.2015) | Автор: Нуркалиева Райна Мендигалиевна E
Просмотров: 11803 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика