Пятница, 29.03.2024, 14:05
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТАРТЫС
№ 20 Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы:

Мұғалімі: Мамбетниязова М.Б.
Сыныбы: 7 «Б»

-Меркі-
Тақырыбы: «Математикалық тартыс»

Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру,математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық: Ұйымшылдыққа, өздіктерінен іздене білуге, ой қоытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру,
Тәрбиелік: Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру,
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Пән аралық байланыс: әдебиет, өнер, математика
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Оқушылардың назарын сайыс сабаққа аудару, мақсаты мен міндетін
түсіндіру.
ІІІ. Сайыс сабақтың өтілу кезеңдері:

І тур. «Бәйге» (оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады)
ІІ тур. «Логика» (логикалық сұрақтарға жауап беру керек )
ІІІ тур. «Жеті жұмбақ» (бірнеше жұмбақтар жасырылады)
ІV тур. «Дұрыс таңда!» (ұяшықтар беріледі, оқушылар таңдайды)
V тур. «Кім жылдам?» (тақтада есептер беріледі, жылдам әрі қатесіз шығару
керек)
IV. Марапаттау
V. Қорытынды

Сабақтың барысы:
Мұғалім:
Армысыздар бүгінгі «Математикалық тартыс» атты математикалық кешімізге жиналған қауым! Бүгінгі сайыс сабағымызға қош келіпсіздер!
Уа,халайық,халайық!
Бәріңе жыр салайық.
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде,
Математика тілінде,
Есеп шешіп жарысып.
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппен ән салысып,
Көңілді кеш жасайық.
Ат салысып аянбай ,
Бар өнерге басайық!-
дей отырып, бүгінгі математикалық кешімізді бастаймыз!
Бүгін 7 «Б» сынып оқушылары білімдерімен күш сынасуға келіп отыр. Олай болса сайыскерлермен танысайық.
1. Бақбергенова Лиза
2. Қуанышбеков Нұрсұлтан
3. Утеуалиева Тұрсынай
4. Смаилова Индира
5. Усманова Асия

Құрметті сайыскерлер, сайыс сабағымызға қош келіпсіздер!
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,-
дей отырып, әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейін.
1.
2.
3.
Бүгінгі өткізетін сайыс сабағымыздың тәрбиелік мәні бар және білімге деген оқушылардың құштарлығын оятуға бағытталған нақыл сөздерді сіздерге жеткізгім келіп отыр.
Ғажайып математика барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте,
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер!
Шәкірттер зерделікпен меңгеріңдер!
Осындай асыл сөздерді құрметті сайыскерлер саналарыңызға түйе отырып, өздеріңіздің алға қойған мақсаттарыңыз бен өмірлік ұстанымдарыңызды айтып өтсеңіздер!
(Сайыскерлер өздеріне тоқталады)
Сайыстың бөлімдері:
І тур. «Бәйге»
ІІ тур. «Логика»
ІІІ тур. «Жеті жұмбақ»
ІV тур. «Дұрыс таңда!»
V тур. «Кім жылдам?»

Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
“Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін”
Нағыз пән математика атанғансың!
–дей отырып І турымызға көшейік.

І тур. «Бәйге» (оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады)

1.Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (1)
2. Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (теорема)
3. 25-тің квадраты? (625)
4. Цифр қай елдің сөзі? (Үнді елінен)
5. Бағытталған кесінді (вектор)
6. 369 саны 3-ке бөліне ме? (иә)
7. Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)
8.Ең кіші үш таңбалы сан (999)
9. Нәрселерді санау үшін қажет сандар (натурал сандар)
10. Геометриялық кеңістікті зерттейтін бөлім (планиметрия)
Ал қанеки балалар,
Құлақ салшы сөзіме.
Сұрақ беріп көрейін,
Логикадан өзіңе.
ІІ тур. «Логика» (логикалық сұрақтарға жауап беру керек )
1. Аспанда бір қатар үйректер ұшып жүр. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі арасында . Барлығы неше үйрек ұшып барады? (3)
2. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
3. Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады? (50)
4. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды.Қыздар бір вагонда болды. Пойызда неше вагон болған? (13)
5. Екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең. Олар қандай сандар? (5 және 3)
6. Бес тоғыздықты пайдаланып амалдар қолданып 10 санын жаз.
(9+99/99=10; 99/9-9/9=10; (9*9)/9+9/9=10)

Сергіту сәті.
Бірде әкесі баласына : балам, 1-ден 9-ға дейін 4 сан айта қойшы депті. Баласы 4567 деген сандарды айтыпты. Одан кейін әкесі тағы да 4 сан айта ғой депті. Баласы 1359 деген сандарды айтыпты. Сонда әкесі үшінші қатарды жазбай жатып, теңдігін шығарып беріпті.

4567
+1359
8640
________
=14566
Ал енді осы есепті өзіміз шығарып көрейік.

(Ұпайы ең аз 1 оқушы ойыннан шығады)

ІІІ тур. «Жеті жұмбақ» (бірнеше жұмбақтар жасырылады)
1. Атадан 10 боламыз,
Бір-бір жастан арамыз,
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейтіп те аламыз. (цифрлар)
2. Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады? (20)
3. Бір-бірімен жарысқан,
Бес аю, бір арыстан,
Екі қой мен үш түлкі
Бәрі нешеу кім білді? (11)
4. Төрт таяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)
5. Түйе ,бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі.
Екі қозылы екі қой. (15)
(Ұпайы ең аз 1 оқушы ойыннан шығады)
ІV тур. «Дұрыс таңда!» (ұяшықтар беріледі, оқушылар таңдайды)
1 ұяшық- «Тұлғалар» (10 , 20 , 30)
2 ұяшық-«Математика» (10 , 20 , 30)
3 ұяшық-«Теминдер» (10 , 20 , 30)
1 ұяшық- «Тұлғалар» (10 , 20 , 30)
10) Әлемге әйгілі бірінші математиктің есімі кім? (Ахмес)
20) Миллион деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы кім? (Ы.Алтынсарин)
30) (.) (:) амалдарын ұсынған кім? (Лейбниц)
2 ұяшық-«Математика» (10 , 20 , 30)
10) Жарты теңгенің жартысы неге тең? (25 тиын)
20) Қайсысы көп: 2 метр ме, әлде 201 см ме? (201см)
30) 50-ді -ге бөліп, 3-ті қосқанда нәтижесі қандай (103)
3 ұяшық-«Терминдер » (10 , 20 , 30)
10) Бұрышты өлшейтін құрал? (Транспортир)
20) Алгебра сөзі қай елден шыққан? (“Әл-Жебр” деген араб сөзінен шықты)
30) Октиллион неше нөлмен өрнектеледі? (48 нөлмен)
(Ұпайы ең аз 1 оқушы ойыннан шығады)

V тур. «Кім жылдам?» (екі ұяшық беріледі, артындағы есепті тақтада жылдам әрі қатесіз шығару керек)
Есеп:
№1. Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласын қолданып есептеңдер
а) 552-452=(55-45)(55+45)=10*100=1000
а) 642 -362=(64-36)(64+36)=28*100=2800
№2. Амалды орындаңдар
б) (х+у) (х-у)=х2-ху+ху-у2=х2-у2
б) (в+5) (в-5)=в2-5в+5в-25=в2-25
Мұғалім: Сайыс болған соң жеңу де бар, жеңілу де бар. Сайыстың аты сайыс құрметті қатысушылар. Бүгінгі ойынымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділ қазымызды шақырайық.
IV. Марапаттау : Әділ қазылар бағалайды.
V. Қорытынды:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,
-деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз.
Қатысқандарыңызға көптен көп рахмет! Ал құрметті қонақтар, сіздерге де дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Осымен сайыс сабағымыз аяқталды.
Категория: Уроки | Добавил: Mereke (19.02.2015) | Автор: Мамбетниязова Мереке Базарбаевна E
Просмотров: 1404 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика