Суббота, 20.04.2024, 00:22
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 947
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Материктер мен мұхиттар географиясы. (С)

Алматы облысы
Ескелді ауданы
Қаратал ауылы
«Ескелді ауданы әкімдігінің Қаратал орта мектебі МДШО» КММ
Геогафия пәнінің мұғалімі Искакова Кымбат Исмагуловна
География сабағы. 7 сынып.
Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар географиясы.
Мақсаттары:
- Материктер мен мұхиттар деген ұғымдарды түсіндіру, географиялық мәнін, сипаттамаларын ашу;
- Ынтымақтаса отырып жұмыс жасау, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту, бірін-бірі бағалауға үйрету;
- Қоршаған ортаны зерттеуге және қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ меңгеру
Оқыту әдістері: СТО, АКТ, оқыту үшін бағалау, жас ерекшілігіне сәйкес оқыту, диалогтық оқыту, түсіндірмелі-көрсетілімді, өзіндік жұмыс, зерттеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың жабдықтанылуы: интербелсенді тақта, ғаламтор, ноутбуктер, презентация, атлас, карта, постерлер.
Түйінді идялар: Диалогтык оқыту – балалардың білімін жетілдіретін мүмкіншіліктер болып табылады. Зерттеу сабағы – оқытуды жетілдірудің ерекше тәсілі. Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін үдеріс.
Стратегиялар мен тәсілдер: топтық жұмыс, «Бағдаршам», бағалау парақтары, «Алма ағашы», «Синквейн»
Оқыту нәтижелері: Өзін – өзі бағалауға дағдыланады. Топты басқару арқылы көшбасшылық қасиет қалыптасады. Жауапкершілік сезімі нығаяды.
Шығармашылық қаблеттері артады. Сөйлеу тілі дамиды. Өз пікірін ортаға салып оны дәлелдеу және өзгенің пікірін тыңдап, онымен санасу. Сызбаны қорғайды ,тақырыпқа қатысты көп алдында сөйлеуге үйренеді, Ойын дәлелдеп үйренеді. Өз ортасында жақсы қарым-қатынас орната біледі.Тақырыпқа –теориялық талдау жасау, шығармашлық жұмыстар атқару. Өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізу, оз ойларын еркін жеткізу, сипаттама,талдай жасай біледі.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. «Әлемдік саяхат»
Әлемдік саяхатқа шықтық. Шеңбер құрып тұрамыз. Әр түрлі халықтардың амандасуын көрсетеміз.
II.Тақырыпқа байланысты бейнефильм көрсету. Бүгінгі сабағымызда қандай тақырыпты өтеміз?
III.Топқа бөлу. Мухаттардың аттары бойынша топқа бөлу. 4 топ ұйымдастырылады.
IV.Өзіндік жұмыс. Жаңа материалды топпен жұмыс жасап меңгереді. Постер жасап, қорғайды. Бағалау парақтары таратылады.
1 топ: «Материктер» - оқулықпен жұмыс.
2 топ: «Материктер» - ғаламтор арқылы ақпарат тауып, тақырыпты ашады.
3 топ: «Мухиттар» - оқулықпен жұмыс.
4 топ: «Мухиттар» - ғаламтор арқылы ақпарат тауып, тақырыпты ашады.
Жаңа сабақтың мазмұны:
Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн.км-ге тең. Ол материктер мен мұхиттарға бөлінген. Құрлықты құрайтын материктер мен аралдар үлесіне шамамен 149,1 млн км немесе бүкіл Жер бетінің 29,2%-ы келеді.
Жер шарында барлығы алты материк бар. Материктер қалыптасуы мен қазіргі табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып, мынадай тәртіппен қарастырылады: Еуразия (54 млн км астам), Солтүстік Америка (24,2 млн км), Оңтүстік Америка (18,3 млн км), Африка (30,3 млн км), Аустралия мен Мұхит аралдары (9,0 млн км-ге жуық), Антарктика (14 млн км). Материктерге таяу жағалаудағы қайраңдар мен материктік беткейлерде материктік аралдар орналасқан. Олар – жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен құрлықтың кейіннен бөлініп қалған бөліктері, көбінесе ауданы ауқымды келеді (Гренландия, Мадагаскар, Британ аралдары және т.б.). Мұхиттардың қозғалмалы бөліктерінде жанартаулық аралдар (Исландия, Гавай, Азор аралдары), ал судың беткі температурасы +25С-тан жоғары аймақтарында маржандық аралдар (Үлкен Аустрия Тосқауыл рифі, Маржан теңізінің аралдары) орналасқан. Аралдар жеке-дара және топ болып кездеседі, аралдар тобын архипелаг деп атайды. Жер шарындағы ірі архипелагтар қатарына Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы жатады.
Құрлық материктерге бөлінумен қатар, дүние бөліктеріне де жіктеледі. Дүние бөліктері дегеніміз құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар. Дүние бөліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка, («Ескі дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа Дүние»).
Жер шарының аса ірі материгі Еуразияны ежелгі грек географтары екі дүние бөлігіне ажыратқан. Бұл дүние бөліктері Месопотамияны мекендеген ежелгі халықтар – финикиялықтардың «эреб»-батыс, «асу»-шығыс деген сөздерінің негізінде Еуропа және Азия деп аталған. Кейінірек ашылған Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері табиғат жағдайларының айырмашылықтарына қарамастан, біртұтас Америка дүние бөлігіне біріктірілген. Дүние бөліктерінің құрамына көршілес жатқан аралдар да енеді.
Дүниежүзілік мұхит. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы 316 млн км, бұл Жер беті ауданының 70,8%-ын құрайды. Ол материктер арқылы төрт мұхит айдынына бөлінеді: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттары.
Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы (11 022м). Мұхиттар құрлықтың бөліктерімен тығыз байланыста бола отырып, ондағы табиғат жағдайларының қалыптасуына зор ықпал жасайды.
V.Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы оқушылардың психологиялық жағдайын, тақырыпты меңгеру барысындағы өзін-өзі бағалауын анықтау.
VI.Постер қорғау. Бағалау критерийлерін белгілеу.
VII.Бірін-бірі критерийлер бойынша бағалайды.
VIII.Сергіту сәті. Флэшмоб.
IX.Сабақты бекіту. «Синквейн» материк, мұхит деген сөздерге.
X. «Алма ағашы» арқылы рефлексия жасау. Қызыл алма – толық меңгердім, көк алма – орташа, жапырақ – ештеңе түсінбедім. Интербелсенді тақтадағы ағашқа орналастырады.
XI.Үйге тапсырма. §1 оқу және кесін картаға материктер мен мұхиттарды түсіру.

Категория: Уроки | Добавил: Bahitgul (03.03.2015) | Автор: Искакова Кымбат Исмагуловна E
Просмотров: 4913 | Рейтинг: 2.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика