Четверг, 28.03.2024, 15:36
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Менің Отаным- Қазақстан!
Алматы қаласы Алмалы ауданы
КММ «І. Есенберлин атындағы № 25 гимназияның»
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Даркенбаева Жумагуль Бағдатқызы
Қазақ тілі
8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным- Қазақстан!
Сабақтың мақсаты: Басқа ұлт өкілдері балаларына қазақ тілін меңгерту. Оқушылардың өз Отанын, туған жерін, тілді сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу. Егемендіктің мәнін түсіндіру. Отанына деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімін арттыру.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың өз Отанын, туған жерін, тілді сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу. Жаңа сөздерді меңгерту. Жаңа атаулармен таныстыру.
Дамытушылық: Жаңа сөздерді меңгерту арқылы, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын байыту. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды Қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу. Ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп, қалыптастыру. Балаларды адамгершілікке, инабаттылыққа, мейірімділікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Елін, жерін, Отанын құрметтей білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Мерекелік сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Пікірталас, ой толғаныс, топпен жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі:
1. «Менің Отаным- Қазақстан» атты слайд көріністері
2. Кітап, оқулық
3. Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі мен әдебиет, тарих пәндерімен байланыс
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Сыныптағы оқушыларды түгелдеу, келмеу себебебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
4. Тіл дамыту сәтін өткізу.
II. Өткен сабақты пысықтау:
1. Қазақстан Республикасының тарихы, мәдениеті туралы мағлұматты оқушылардан сұрау.
2. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау.
3. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.
III. Қорытынды сабақ:
-Балалар, біз сендермен бүгін «Менің Отаным –Қазақстан» атты тақырып аясында сөз қозғаймыз.
Абылай хан армандағандай, Тәуке хан тілегендей Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағының желбірегеніне міне аттай 22 жыл толып отыр. Қазақстан үлкен-үлкен өркениетті елдердің қатарына қосылды. Қазақстанның кең даласын биік тауларын, ормандары мен көлдерін көрген адам оны ешқашан ұмыта алмайды. Біз жер шарының осындай сұлу бай өлкесінде тұрамыз. Ол біздің Отанымыз-Қазақстан. Біз бәріміз өз Отанымызды шексіз сүйеміз. Меніңше өз Отанын, туған жерін сүймейтін адам жоқ шығар,сірә.
IV. Интерактивті тақта
Қазақстан Республикасы туралы бейне фильм көрсетіледі:
Мұғалімнің алғы сөзі:
Қазақ елі
Қазақ елі, бақыттысың сен бүгін,
Бөбегімнің жан дүниесін сен түсін.
Қобыландының даңқын сыйла ұлыңа,
Отқа күймес Алпамыстың бар күшін.

Қазақтың жанды, міне, бақ жұлдызы,
Көркі күн, көңілі көктем ұл мен қызы.
Даңқыңа төрткүл дүние құлақ түріп,
Таңданады аспан асты жердің жүзі.

Олай болса балалар, бүгінгі біздің сабағымызда қамтылатын бөлімдер:
Бірінші бөліміміз: «Жыр дастан»
Екінші бөліміміз: «Мақал-мәтелдер»
Үшінші бөліміміз: «Қазақ елі»
Төртінші бөліміміз: «Сен не білесің?»
Біз балалар бүгін сендермен сабақта топпен жұмыс істеуді ұйғардық. Олай болса өз топтарыңның атымен таныстырып өте қойыңдар.
1-топ. Сіздердің аттарың қалай аталады? «Астана»
2-топ. Сіздердің аттарың қалай аталады? «Алматы»
V. Топтардың өздерін қорғауы
Әр топ өз аттарын қорғау үшін өлең шумақтарын оқисыздар.
«Астана» тобы өлең шумағын оқыған кезде Астана қаласы туралы слайд көрініп тұрады.
1-топ: «Астана»
Жаса, жаңа Астанам,
Өркен жая бастаған.
Болашақтың есігін,
Өз қолыңмен аш маған!
------------------------------
Асқақтай бер, Астанам,
Берекеге бастаған!
Болашақтың есігін,
Өз қолыңмен аш маған!
«Алматы » тобы өлең шумағын оқыған кезде Алматы қаласы туралы слайд көрініп тұрады.
2-топ: «Алматы»
Жап-жасыл ағашы,
Қып-қызыл алмасы.
Ақбасты тауы бар,
Алматы қаласы.
--------------------
Ақындар ағасы,
Тұр Абай данасы.
Көшесі көрікті,
Алматы қаласы.
VI. «Жыр дастан» бөлімі
«Жыр дастан» бөлімінде екі топ Қазақстан туралы өлең жолдарын мәнерлеп оқиды. Осы кезде тақтадан әр топтың жыр жолдарына сәйкес суреттер көрініс табады.
1-топ: «Астана»
1-ші оқушы-
2-ші оқушы-
2-топ: «Алматы»
1 –ші оқушы-
2-ші оқушы-
VII. «Мақал-мәтелдер» бөлімі
Ал, балалар қазақ халқында мақал-мәтелдердің алатын орны ерекше. Мақал-мәтелдер адам баласын Отанын сүюуге, адалдыққа, батырлыққа тәрбиелейді. Мақал-мәтелден біздің аларымыз көп.
Әр топ мақал-мәтелдер айтып жарысады. Мұғалім қай топтың мақал-мәтелдерді анық, дұрыс айтқанын бақылайды.
1. Туған жердей ел болмас,
Туған жердей женр болмас.
2. Отан –оттан да ыстық.
3. Отансыз адам- ормансыз бұлбұл.
4. Отан –елдің анасы, ел-ердің анасы.
5. Туған жердің жуасы да тәтті.
6. Отан отбасынан басталады.
7. Отан –елдің анасы, ел- ердің анасы.
8. Туған жердің жуасы да тәтті.
9. Туған жер- алтын бесігім.
VIII. «Қазақ елі» бөлімі
«Қазақ елі» бөлімінде:
1. Қазақ халқының атақты билері
2. Қазақ халқының күйші-композиторлары
3. Қазақ халқының батырлары
4. Қазақ халқының белгілі ақын-жазушылары
5. Қазақ елінің тұңғыш ғарышкерлекрі
6. Қазақ халқының салт-дәстүрлері
7. Қазақ халқының ұлттық ойындары
8. Қазақ халқының ұлттық тағамдары
көрініс көрсетіліп оқушыларға мағлұмат беріледі.
І. Қазақ халқының атақты билері:
 Төле би
 Әйтеке би
 Қазыбек би
II. Қазақ халқының күйші-композиторлары:
 Құрманғазы Сағырбаев
 Дина Нүрпейісова
 Ахмет Жұбанов
 Күләш Бәйсейітова
 Мұқан Төлебаев
IIІ. Қазақ халқының батырлары:
 Райымбек батыр
 Наурызбай батыр
 Махамбет Өтемісұлы
 Исатай Тайманұлы
 Қаракерей Қабанбай
 Қарасай батыр
 Бөгенбай батыр
ІV. Қазақ халқының белгілі ақын-жазушылары:
 -Абай Құнанбайұлы
 - Жамбыл Жабаев
 - Шоқан Уәлиханов
 - Ыбырай Алтынсарин
 - Мұқтар Әуезов
 - Сәкен Сейфуллин
V. Қазақ елінің тұңғыш ғарышкерлері:
 Тоқтар Әубәкіров
 Талғат Мұсабаев
VI. Қазақ халқының салт-дәстүрлері:
Біз, балалар қазақ халқының салт-дәстүрлерін еске алайық.
 Шілдехана
 Бесікке салу
 Қырқынан шығару
 Тұсау кесу
 Атқа мінгізу
 Сүндетке отырғызу
 Тілашар
 Тоқым қағу
 Құда түсу
 Мүшел жас
 Үйлену тойы
VІІ. Қазақ халқының ұлттық ойындары:
 Асық
 Алтыбақан
 Көкпар
 Бәйге
 Қыз-қуу
 Аударыспақ
 Күміс алу
 Тақия тастамақ
 Бес тас
 Арқан тарту
VІІI. Қазақ халқының ұлттық тағамдары:
 Бесбармақ
 Қуырдақ
 Бауырсақ
 Шелпек
 Қымыз
 Шұбат
 Жент
 Талқан
 Наурыз көже
 Құрт
 Қаймақ
 Қатық
 Боза
 Ірімшік
IX. «Сен не білесің?» бөлімі
«Сен не білесің?» бөлімінде әр топ мүшелері «Менің Отаным- Қазақстан!» атты сұрақ-жауап сайысындағы сұрақтарға дұрыс, нақты, толық жауап берулері керек. Оқушылар сұрақтарды слайд арқылы көріп, жауап береді.
№ Сұрақтар Жауаптары
1 Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? Тәуелсіз, егеменді мемлекет
2 Қазақстанның тұңғыш Президенті кім? Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
3 Қазақстан Республикасында қандай ұлт өкілдері тұрады? 130-дан астам
4 Қазақстанның астанасы қай қала? Астана
5 Астана қандай қала? Қазақстан Республикасының елордасы
6 Астана қаласында нелер бар? Бәйтерек, Ақ Орда, Парламент үйі,
7 Алматы қандай қала? Әсем
8 Қазақстанның тәуелсіздігі күні қай күн? 16- желтоқсан
9 Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды? 21 жыл
10 Қазақстанда мемлекеттік тіл қай тіл? Қазақ тілі
11 Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. Ту, елтаңба, гимн
12 Мемлекеттік туда не бейнеленген және авторы кім? Қыран, ою-өрнек, күн
Авт. Шәкен Ниязбеков
13 Мемлекеттік елтаңбада не бейнеленген және авторлары кімдер? Шаңырақ, уықтар, пырақтар, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу
Авт. Ш. Уәлиханов
Ж. Мәлібеков
14 Мемлекеттік әнұранның авторлары кімдер? Сөзі: Ж. Нәжмеденов
Н. Ә. Назарбаев
Әні: Ш. Қалдаяқов
15 Жаңа Ата заң қай жылы қабылданды? 1995 жыл
16 Қай жылы Ақмола, Астана қаласы деп аталды? 1998 жылы 6 мамыр
17 Ата заңымызға биыл неше жыл толды? 17 жыл
18 Қазақстанда неше облыс бар? 14
19 Қазақстан Республикасының халқының саны қанша? 16 миллионнан астам
20 Қазақстанның ірі қалаларын ата. Астана, Алматы, Қызылорда, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Атырау, Тараз, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Петропавл, Жезқазған
21 Қазақстанның ірі қалаларында не өндіріледі? Мұнай, мыс, мырыш, күріш, мақта
22 1-ші желтоқсан қандай күн? Алғашқы президент күні
23 16-шы желтоқсан қандай күн? Тәуелсіздік күні

Х. Сабақты қорыту
Интерактивті тақтадан семантикалық картамен оқушылар жауабы қорытындыланады.


Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Ал, балалар бүгін біз «Менің Отаным –Қазақстан» атты тақырыппен таныстық! Шамамыз келгенше, кең көлемде тоқталып, өттік деп ойлаймын. Бұл мерекелер сендердің ойларыңда ешуақытта ұмытылмайды деген сеніммен сабағымызды аяқтаймыз! Мерекелер көп болсын! Жақсылықта жүздесейік! Келесі мерекеде кездескенше!
XI. Оқушылар білімін бағалау
Оқушылар білімін бағалап, күнделіктеріне қою.
XII . Үй тапсырма
«Менің Отаным-Қазақстан» атты тақырыпқа реферат жазу
XIII. Рефлексия
Не білеміз? Не білдік? Не білгіміз келеді?
Категория: Уроки | Добавил: Тананда (17.01.2015) | Автор: Даркенбаева Жумагуль Багдатовна E
Просмотров: 2060 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика