Қорытынды ашық оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Жыл мезгілдерінің жылжуы». - Уроки - Материалы педагогов - Каталог статей - Сайт творческих учителей Казахстана

Воскресенье, 04.12.2016, 15:10
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 317
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Қорытынды ашық оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Жыл мезгілдерінің жылжуы».
Қорытынды ашық оқу іс-әрекетінің тақырыбы:
«Жыл мезгілдерінің жылжуы».
Б.Ш.Ибраева, 2 санатты тәрбиеші.
ҚМҚК «Қарлығаш балабақшасы» Қарағанды қаласы
Мақсаты:
1) Білімділік: Балалардың жыл бойы алған білімдерін тексеру, еске түсіру арқылы сандар қатарын, геометриялық пішіндерді тануды, кеңістікті бағдарлай білу қабілеттерін бекіту, санамақ айтқызу . Жобалау әдісінің элементін қолдана отырып, төрт түлік мал туралы түсініктерін бекіту, шығармашылық жұмыспен балалардың тілін, ой-өрісін кеңейту. Жыл мезгілдерін аңықтап талдау жасау, қорытынды шығару.
2) Дамытушылық: Балалардың логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл-ой белсенділігін, тез ойлауға, жылдам есептеуге қызығушылығын ояту, сөздік қорын дамыту.
3) Тәрбиелік: Еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған тапқырлықтарымен тамсандыратын салауатты саналы етіп тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: ой қозғау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, логикалық ойын жобалау әдісі, бақылау, шығармашылық жұмыс, қайталау, бағалау.
Көрнекіліктер: топтардың эмблемалары, суретті плакаттар, жылдың 4 мезгілі суреті, плакаттар, тқэ.
Пәнаралық байланыс: математика, қоршаған орта, тіл дамыту, көркем әдебиет, шығармашылық.
Іс-әрекетте кезеңі
Тәрбиешінің әрекеті
Баланың әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Әсем әуенмен балалар топқа кіріп, шеңбер болып тұрады:
-Бүгінгі күнге жылы тілектерімізді білдіріп, келген қонақтармен сәлемдесейік.
Балалар әр түрлі ленталар ұстап :
Күнге қарай созылып
Бір талпынып аламыз
Күннен алған жылуды
Алақанға салмыз!
Біз әдепті баламыз
Иіліп сәлем береміз.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысы:
-Балалар, бүгін ерекше күн. Бүгінгі іс-әрекетімізде жыл бойы алған білімізді шыңдаймыз.
-Бір аптада неше күн бар? Атап бере қойыңдар.
-Ал бүгін аптаның нешінші күні? Атауы?
-Өте жақсы.
-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Ғажайып сәт: «Жыл Атасының тапсырмасы»
-Балалар, бізге Жыл Атасының тапсырмасың орындауымыз керек.
I тапсырма: «Ойлан тап».
Теледидардан күз мезгілі туралы слайд көрсетіледі.
Тәрбиеші: Балалар, күзді неге «Алтын күз» дейміз?
1 бала сипаттама береді.
Балалар: Егін піседі. Егін піссе, нан болады, молшылық болады. Күн суыта бастайды. Жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғаяды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Көкөніс-жемістер піседі.
Тақтадағы тапсырманы орындайды.

Тәрбиеші: күзден кейін қай мезгіл келеді?
Балалар: Қыс мезгілі.
Тәрбиеші:Қыс түспей тұрып, піскен жемістерді санап, жинап алайық.
II тапсырма: Қыс суреті слайды көрсетіледі.
Қыс мезгілі. Қыста қар жауады. Күн суық, аяз болады. Боран соғады. Біз қалың киінеміз. Қармен ойнап, аққала жасаймыз.
Тәрбиеші: Қыс несімен жақсы?
Балалар: Қар көп жауады, шана, шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз.
Тәрбиеші: Ал енді, қыс несімен жаман?
Балалар: Боран соғады, қатты аяз болады, т.б.

-Не бейнеленген? (үй)
-Қандай үй? (көп қабатты)
-Неше қабатты? (бес)
-Әр қабатта қандай пішіндер?
-Түстері қандай? (әртүрлі)
-Осы үйде пішіндер өмір сүріпті. Олар қыста ойынға шығыпты, қайтып келгенде үйлерін ұмытып, кіре алмай жүр. Біз көмектесуіміз керек.
-Көмектесеміз бе?
Балалар: Иә.
Балалар пішіндерді орындарына тауып қояды.
III тапсырма: Көктем мезгілі суреті.
Теледидардан көктем мезгілі туралы слайд көрсетіледі.
-Қай мезгіл?
-Көктем мезгілі. Күн жылына бастайды. Қар, мұз ериді. Жер беті оянады. Егін егеміз. Ағаш бүршік жарады. Құстар ұшып келе бастайды.

Кеңістікті бағдарлау.
1) Құс ұшып келіп ортаңғы торға қонады.
2) Құс 1торға жоғары қону керек.
3) Құс 1 тор оң жаққа қонады.
4) құс сол жаққа торға қонады.
5) 1 тор төменге қонады.





IV тапсырма: Жаз мезгілі.
Теледидардан жаз мезгілі туралы слайд көрсетіледі.
Тәрбиеші: Күн ыстық болады. Бізді далада көп ойнаймыз. Жер беті гүлдерге, шөптерге толады. Жазда суға түсіп шомыламыз.
Д/ойыны: «Үй жануарлары мен онын төлдерін атаңдар»
Балалар 2 топқа бөлінеді, «Пір» және «Гүл».
1 топтың жауабы:Түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі, мысық, ит.
Тәрбиеші:Төлдерін атаңдар.
2 топтың жауабы:Бота, бұзау, құлын, қозы, лақ, марғау, күшік.
Тәрбиеші: Үй жануарларының үлкені қайсы?
Балалар: Түйе.
Тәрбиеші:
Бәрекелді балғындар
Дүр сілкініп алыңдар
Қане, бәрін тұрыңдар
Жаттығуға әзірлен.
Сергіту сәті:
Қанша бала, қанша қыз (Қол алысу)
Бір шоқ гүліміз бәріміз (Қолды көтеру)
Біздің бала бақшамыз (Қолды жаңға)
Ойын күлкі ордамыз (Денені қозғау)
V тапсырма: Санамақ (кім жылдам)
I ұлдар «Пір»тобы:
Түнгі аспанға қараймыз
Жұлдыздарды санаймыз!
(сандарды көтеріп санамақ оқу)
1 дегенім бесік-шықтық содан өсіп,
2 дегенім елім-жай қалған жерім
3 дегенім үміт-үміт артар жігіт
4 дегенім төзім-төзе білем өзім
5 дегенім бақыт-бағалайтын уақыт.
II қыздар«Гүл» тобы:
Көк аспанға қараймыз
Жұлдыздарды санаймыз (санамақ оқу)
1 дегенім бөрік-кисем бойға көрік
2 дегенім етік-кием сәнді етіп.
3 дегенім үйшік-тұрады онда күшік
4 дегенім тымақ-кисең қыста жылы-ақ
5 дегенім бала-ісі бәрі шала.
Жарыс ойыны: «Логикалық шығармашылық жұмыс».
Тәрбиеші:Балалар, мына суретті мұқият қарап алыңдар. Есте сақтаңдар. Есте қалған суретті алдарыңда жатқан пішіндерден құрастырыңдар. (Суретті жабу)

Ойын: «Ертегілер елінде»
Екі топтың алдында ертегілер(мақта қыз бен мысық, шалқан, бауырсақ, қызыл телпек, түлкі мен тырна, т.б.) кейіпкерлері жатады:
Тәрбиеші: Бір-бір ертегінің кейіпкерін тауып, ретімен қойыңдар.
1 топ: «Бауырсақ» ертегісі.
2 топ: «Шалқан» ертегісі.
Оқу іс-әрекетін қорытындылау:
Тәрбиеші: Бізге тапсырмаларды кім беріп жіберіпті?
-Балалар, біз қандай тапсырмалар орындадық?
-Не айттық? (санамақ, тақпақ)
-Пішіндерден не құрадық? (сурет)
Балаларды мадақтау.
Тәрбиеші: Бүгінгі ашық оқу іс-әрекетімізде өте ақылды, өнерлі көрсеттіңдер. Рахмет сендерге. Ал енді қонақтармен қоштасайық.
Қоштасу шеңбері:
(Бар бала)
Біз балауса баламыз
Жетіліп ой-санамыз
Қоштаспаймыз сіздермен
Жүздесеміз ертең біз.
Сонда да айтамыз
Сау болыңыз!
Категория: Уроки | Добавил: saba_cool (24.05.2015) | Автор: Ибраева Бақытжан Шокеевна E
Просмотров: 727 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1  
Тамаша жоспар

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика