Суббота, 20.04.2024, 18:31
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Сәулет өнері
Сабақтың тақырыбы: Сәулет өнері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға сәулет өнері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Ғимарат жобасын сыза білуге үйрету, ойлау қабілетін арттыру, оқушыларды шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелігі: Өз Отанын сүюге, тарихи ескерткіштерді қадірлей білуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Типі: Жаңа сабақты меңгеру
Әдісі: Түсіндіру, баяндау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру:
1. Оқушыларды түгелдеу
2. Жұмыс орнын ұйымдастыру.
II Үй тапсырмасын тексеру.
III Актуалдау кезеңі:
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын сөзжұмбақпен ашайық.
Крассвордтың сұрағы:
1. Суретшінің өзін өзі бейнелеуі? Ж: автопортрет
2. Суда еритін мөлдір бояу? Ж: акварель
3. Қысқа сызықтар жиынтығы қалай аталады? Ж: штрих
4. Мата бетіне сурет салу қалай аталады? Ж: батик
5. Бейнелеу өнеріндегі адамды бейнелейтін жанр? Ж: портрет
6. Табиғатты бейнелейтін жанр? Ж: пейзаж
7. Барлық бейнелердің парақ бетінде суретшінің алға қойған мақсатына сай әсерленіп орналасуы қалай аталады? Ж: композиция
8. Бейнелеу өнерінде жансыз қозғалмайтын заттарды бейнелейтін жанр?
Ж: натюрморт
9. Суда еритін мөлдір емес бояу? Ж: гуашь
10. Бейнелеу өнерінің басты әсерлеуші құралдары сызық, қысқа сызық, дақ болып табылатын түрі қалай аталады? Ж: графика
11. Бейнені белгілі бір фонға жапсыру арқылы орындалатын тәсілді қалай атаймыз?
Ж: аппликация

IV Жаңа сабақты түсіндіру:
1.Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сәулет өнері». Сабақтың мақсаты: жалпы сәулет өнері туралы мағлұмат беру, оның түрлерімен, туындылармен таныстыру.Балалар, біз өткен сыныптарда сәулет өнері туралы өткенбіз, есімізге түсіріп көрейікші:
Сәулет өнері дегеніміз не? Жауап: Адамның өмірі мен тұрмыс қызметіне қажетті ғимараттар салу өнері.
Қай елге, қалаға барсақ та, біз ғажайып әдемі сұлулығымен көз тартатын ғимараттар, сарайлар, мешіттер, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кешендер көріп жүрміз. Бірақ осы өнер түрі қалай аталатынын біле бермейміз. Бұндай сұлулық сырын бойына сіңірген өнер туындысын-«сәулет өнері» немесе «архитектура» дейді, грек тілінен аударғанда «аға құрлысшы» деген мағына береді.
Сәулет өнері мынандай түрлерге бөлінеді:
1. Тұрмыстық – тұрғын үйлер,котедждар;
2. Қоғамдық – мәдени орталықтар т.б;
3. Өнеркәсіптік – фабрика, завод т .б;
4. Транспорттық – теңіз порттары,аэропорт,темір жолдар, автобекеттер,метролар.
5. Инженерлік – құрылыстық – бөгеттер, үлкен көпірлер т.б.
6. Кіші көлемді сәулет – фонтан, баспалдақтар, қоршаулар,аялдама т.б.
Рим архитекторы Витрувийдің айтуынша «Сәулетті шығармаларда бұлжытпай орындалатын 3 қасиет болуы керек» деген.
Олар: а) беріктік-инженерлік есеп;
ә) қолайлылық-тұрмыс жағын білуге байланысты;
б) әдемілік-талант-талғамға байланысты.
Сәулет өнерінің түрлерімен қатар,оның стильдері де тоқталып өтейік. Белгілі бір тарихи кезеңде пайда болған үлкен туындылар тобына тән ортақ көркемдік сипат пен тәсіл Стиль деп аталады.
Ежелгі Грекия мен Рим дәуірін антикалық дәуір деп атайды. Бұл кезеңдегі сәулет туындылары ұлылығымен, сәнділігімен ерекшеленеді.Храмдар көптеген бағандармен безендіріліп,баспалдақтар өте биік болған.Храмның іші құдай мүсіндерімен безендірілген.
Романдық стиль Х – ХІІІ ғасырдарда пайда болған. Гректер мен римдіктердің нәзіктік әсерін туғызатын құрылыстарының орнына ауыр, аласа ғимараттар бой көтерді. Мұндай қамал салудағы мақсат – сыртқы шапқыншылықтан қорғану. Үйреншікті бедерлеме әшекейлер жоқ. Сәулеттегі бұл стиль романдық стиль деп аталады.
ХІІ ғасырда роман стилі ақырындап готикалық стильге ауысты. Ауыр да аласа ғимараттардың орнына ұшар басы аспанмен таласқан биік құрылыстар бой көтерді. Готика стилінің негізгі сәулет нысаны – діни қызмет пен рәсімдер өткізілген соборлар болды. Жаңа сәулет конструкциялары биіктігі мен сиымдылығы жағынан, сүйі басты шатырлар, жіңішке шпильдер, сүйір аркалар, темір торлармен өрнектелген витражды терезелер осылардың бәрі нәзік әсерлер туғызады. Собор ішіндегі төбе күмбездері де көкпен таласып тұрғандай.

Сергіту сәті. Балалар тақтадағы мына суреттерде көрсетілген ғимараттар қай қалаларда орналасқанын тауып көрейікші.

Сабағымызды ары қарай Орта Азия мен Шығыс сәулет өнерімен танысумен жалғастырамыз.
Орта Азия мен Таяу Шығыстың сәулет өнері негізінен арабтар енгізген ислам дінінің ықпалымен дамыды. Азия елдерінде сәулет пен әшекейлеу өнері біртұтас бейнеде көрсетілген. Сарайлар, зәулім ғимараттар мен мешіттер әшекейлеу өнерінің зор туындысы іспеттес. Салтанатты ғимараттардың қабырғалары ішінен де сыртынан да түрлі түсті мозайкалармен көмкерілген. Жиі болған шапқыншылық жорықтар мен табиғат апаттарына байланысты Орта Азиядағы сәулет ескерткіштерінің көпшілігі жойылып кетті. Біздің заманымызға олардың аз ғана бөлігі жеткен. Самарқан қаласының Регистан алаңындағы тарихи архитектуралық кешен Орта Азиядағы сәулет өнерінің жауһары деп саналады. Ол XV ғасырда салынған. Қазақстанның көне қалаларының бірі Түркістанда орын тепкен Қожа Ахмет Яссауй кесенесі қазақ халқының мақтанышы. Құрылыс 1389 – 1399 жылдар аралығында 10 жыл ішінде тұрғызылған. Кесене ұлы ойшыл,әрі ақын Қожа Ахмет Яссауйдің дарынына құрмет көрсеткен Әмір Темірдің бұйрығы бойынша салынған.

V. Сабақты қорытындылау.
1. Стиль дегеніміз не?
Жауап: Белгілі бір тарихи кезеңде пайда болған үлкен туындылар тобына тән ортақ көркемдік сипат пен тәсілді айтамыз.
2. Архитектура деген қандай мағына білдіреді?
Жауап: Грек тілінен аударғанда «аға құрылысшы» деген мағынаны білдіреді.

Сөйлемді аяқта:
1. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.... әмірі бойынша тұрғызылған. (Ақсақ Темір)
2. Орта ғасырдағы сәулет өнерінің жауһары -.... (Регистан кешені)
3. Регистан сәулет кешені....орналасқан. (Самарқан)
4. Ахмет Яссауй кесенесі....орналасқан. (Түркістан қаласында)

Мына шаршы ішіне сәулет өнеріне байланысты сөздер жасырылған. Оларды тап.

Г О К А Н Е К
Н Т И Ь Е С Е
А Р С Л Ү К З
М О Т И М Б Е

Готика, Роман, Стиль, Кесене, Күмбез

VІ. Үй тапсырмасы. Қазіргі заман сәулет өнеріне байланысты реферат жазу.
VІІ. Бағалау.
Категория: Уроки | Добавил: СК (05.02.2015) | Автор: Кистаубаев Сагындык Калшораевич E
Просмотров: 2781 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика