Четверг, 25.04.2024, 03:09
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Сөз өнері – біздің тарихи мұрамыз
Ермағамбетова Мадина Қуанышбайқызы
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Науырзым ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК

Сабақтың тақырыбы: «Сөз өнері – біздің тарихи мұрамыз»
Мақсаты:
1. оқушылардың оқу, жазу, сөйлесу дағдыларын қалыптастыру;
2. түрлі жаттығудың жазбаша, ауызша жұмыстарын өткізу;
3. ата-баба аманат еткен тілді қадірлей білу, көркемдігі мен байлығын сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу;

І Ұйымдастыру кезені
Сәлеметсіңдер ме? Отырыңыздар!
Бугінгі сабағымызда «Шешендік сөздер» деп аталатын 2-ші параграфты бекітеміз.
Өткен 9 әңгімені еске аламыз.
Сабағымызды қазақ халқының атақты жазушы Ахмет Байтұрсынұлының сөздерімен бастағым келеді:
«Сөзі жоғалған жұрттың
өзі де жоғалады»

Ұлы атамыздың айтқаның қалай түсінесіңдер? /Өз тіліңді білу және үйрену - өз ұлтынды тану/

ІІ Өткенді қайталау
Назар аударыңдар, осы портреттерде кім бейнеленген? /Қазақ халқының ұлы билері:
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би/
Аубакиров Бағдатқа билер туралы қысқаша мәлімет дайындауға берілген тапсырманы тыңдайық.
1-ші тапсырма /тақтада жұмыс/
Берілген сұрақтарға жауап жазу және түсіндіру.
1/ Дау мұраты не? /біту/
2/ Сауда мұраты не? /ұту/
3/ Қыз мұраты не? /кету/
4/ Жол мұраты не? /жету/

2-ші тапсырма /карточка бойынша жұмыс/
Ана тілі, тіл өнері жайындағы мақал-мәтелдердің мағынасын жалғастыру.
Карточка №1
• Өнер алды қызыл (тіл)
• (Сөз) тапқанға қолқа жоқ
• Шебердің қолы ортақ шешеннің (тілі) ортақ
• (Сөз) бас жарады, бас жармаса тас жарады

Карточка №2
• Көз жетпеген жерге (сөз) жетеді
• (Сөз) сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді
• (Сөз анасы) – құлақ, жол анасы – тұяқ, су анасы - бұлақ
• Басқа пәле (тілден)

Карточка №3
• Көп сөйлеген білімді емес, дөп сөйлеген білімді
• Көлді жел қозғайды, ойды (сөз) қозғайды
• Аз (сөйлеп), көп тыңда
• Білмесең – үндеме, білгенді күндеме

Карточка №4
• Ашуың келсе – қолың тарт, айтпас жерде – (тілің) тарт
• Шешеннің (сөзі) – мерген, шебердің көзі – мерген
• Көп (сөз) – күміс, аз сөз – алтын

3-ші тапсырма /кітаппен жұмыс/
30 бет. «Жерден ауыр не?» атты мазмұнды оқу және түсіндіру.
«Бала би шешен қартайған шағында халқын жинап:
- Жерден ауыр не?
- Судан терең не?
- Оттан ыстық не? – деп 3 сұрақ берген екен. Ешкім шеше алмапты. Сонда Бала би өзі қойған сұрақтарын өзі былай деп шешкен екен:
- Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім
- Судан терең дегенім – оқу, ғылым
- Оттан ыстықдегенім – адамның өмірі»

4-ші тапсырма / тақтада жазбаша жұмыс /
Сөйлемдерді орыс тілінен қазақ тіліне аудару.
1. Каждый человек должен ценить и уважать свой язык
/Әр адам өз тіліңді бағалау және құрметтеу керек/
2. Ораторское слово занимает особое место в устном творчестве /Шешендік сөз әдеби шығармашылықта ерекше орын алады/
3. У народных ораторов язык богатый и сочный мысли глубокие
/Халық шешендерінің тілдері бай және мағыналы ойлары терең/
4. Знать и изучать свой язык – значит знать свою национальность
/Өз тіліңді білу және үйрену - өз ұлтынды тану/

5-ші тапсырма Сөздік диктант
1. мағыналы 6. дау-жанжал
2. құрметтеу 7. шебер
3. көңіл 8. өзгеріс
4. асыл мұра 9. адамның өмірі
5. терең ой 10. шешендік сөздер

ІІІ Бекіту
6-ші тапсырма
Сызба негізінде «Шешендік сөздер» деген тақырыпты бекітейік.

ІV Үй жұмысы
«Әбунасыр Әл-Фараби» туралы келесі сабаққа өмірбаянын жұмыс дәптерлеріне
жазып әкелу.

V Баға қою

VІ Рефлексия
Сабақта не ұнады?
Сабақта не ұнамады?
Өздеріне жаңадан не алдыңдар?
Жаңадан не білдіңдер?
Категория: Уроки | Добавил: madina-emk (19.04.2015) | Автор: Ермагамбетова Мадина Куанышпаевна E
Просмотров: 974 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика