Суббота, 20.04.2024, 04:59
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Сыр елі - жыр елі
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сыр елі-жыр елі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сыр сүлейлерінің өмірі мен шығармашылығынан балаларға түсінік беру.
Дамытушылық :Оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын арттыра отырып, ой-өрісін, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін,өнерін қадірлеп, музыкалық танымын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, асыл мұраларды қастерлеуге, өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекіліктер: домбыра, сыр елі жырауларының суреттері, кітап көрмесі.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,бейнелеу,география.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, сабаққа назарын аударту
ІІ. Үй-тапсырмасын сұрау:
-Жыраулық дәстүр қай жерде сақталған?
- Абыл қай ғасырда өмір сүрген?
- Абылға жыраулық-ақындық қасиет қалай қонады?
ІІІ. Жаңа сабақ
Жырау-қазақ мәдениетін даралайтын, ерекшелейтін атау. Жыраулық-жыршылық дәстүрдің ерекше сақталып қалған өңірлерінің бір - Сыр бойы. Сыр бойынан Жүсіп Ешниязұлы, Омар Шораяқұлы, Жиембай Дүзбембетұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Төлеубай Үркімбаев, Рахмет Мәзқожаев, Нартай Бекежанов, Базар Оңдасұлы сияқты жырау-ақындар шыққан.
Сыр бойынан бүкіл қазаққа аты мәлім болған жыраулардың бірі - Базар жырау. Базар жырау ХІХ ғасырда өмір сүрген. Ол Сыр бойындағы ақын-жыраулардың ұстазы болған. Базар жырау жетімдік көріп, буыны бекіп, бұғанасы қатпай жатып, байлардың қозысын бағады. Он алты жасында жыраулық даңқы шығып, жұртқа таныла бастайды.
Базар бір күні қозы бағып жүріп, далада ұйықтап қалса керек. Түсінде ақ киімді, ақ таяқты, ақ сақалды бір кісі келіп: «Балам, маңдайыңа берейін бе, таңдайыңа берейін бе?»- дейді. Қарны ашып әрі шөлдеп жатқан бала: «Ата, таңдайыма бер»,- дейді. Сонда бала Базар орнынан өлең айтып ояныпты. Айналада сыбырлаған жел де, шалқып аққан көл де, әуеден ұшқан құс та әндетіп тұр екен. Сөйтіп Базарға өлең бір күнде қоныпты.

IV. Музыка тыңдау:
Базар жырау көптеген қисса-дастандар мен терме- толғаулар шығарып қалдырады. Сондай термелерінің бірі-«Айдан ару нәрсе жоқ». Термеде былай деп өсиет еткен екен:
- Айдан ару нәрсе жоқ,
Түнде бар да, күндіз жоқ.
Күннен ару нәрсе жоқ,
Күндіз бар да, түнде жоқ.
Көшпелі бейнет көп дәулет,
Біреуде бар да, бірде жоқ.
Іздегенменен таппайсың,
Осы күні белгісіз,
Талайдың орны мүлде жоқ...

V. Дауыс жаттығуы:
До- домбыра аспабын
Ре- реттей білемін.
Ми- 1-ші сызық үстінде
Фа- нотасы түстіме?
Соль- соль-сольмін тұз деме,
Ля- мен лямін биікпін.
Си- біраз мен қиналдым,
До- қасыма жиналдың.
До-ре-ми-фа-соль-ля-си-до

Сыр бойының айтыскер қызы Лена Әбдіқалықованың «Сыр елі» әнін үйренейік. Бұл ән Сыр елінен шыққан ақын-жыршы, батыр-бабаларымызды паш етіп, мақтан тұтатын ән. Жеңіл, әндете орындалады.
VІ. Ән үйрету: «Сыр елі» Л. Әбдіқалықова

Шежірең қандай, көзінен қанбай
Жұтатын кәусар бұлақтай.
Шайырың қандай, сөзінен балдай
Жыр-әуен жанған шырақтай.
Қайырмасы:
Сыр елім менің, жыр елім менің.
Түлеткен тұлпар түбегім менің.
Қалқыған әні, шалқыған дәні
Сайратқан бұлбұл Сыр елім менің.
Тарихтың көне айғағы – далам,
Тұлпарлар өткен дүбірлей,
Наркескендерім – найзалы бабам,
Намысы неткен бүгілмей.
VІІ. Шығармашылық тапсырма:
Ақын-жыраулар ізімен өсиет сөз жазып үйренейік!
Базар жыраудың «Айдан ару нәрсе жоқ» атты өсиетінің ұйқасы «түнде, бірде, мүлде» сөздеріне құрылып, ал мазмұны «жоқ» сөзімен айқындалып тұр. Базар жыраудың ізімен өлең шығару үшін ең бастысы мазмұнына мән берген жөн.
Ұйқасы мен мазмұнына «жоқ» сөзін қолдана отырып, төмендегі берілген өлең шумақтарындағы көп нүктенің орнына өз ойын өрбіту:
1).............................................
Анаңдай болар асыл жоқ...

2)............................................
Кітаптай биік білім жоқ...

3)...............................................
Ұстаздай болар ұлық жоқ...

Үлгі: Түн ұйқысын төрт бөлген.
Анаңдай болар асыл жоқ.

2) Көп оқысақ, балалар
Кітаптай биік білім жоқ.

3)Үйретуден жалықпас
Ұстаздай болар ұлық жоқ.

Оқушылар әрбір өсиет сөзді белгілі бір мақамға салып орындау керек.

VІІІ. Сабақты қорытындылау:
-Сыр елінде ақын-жыраулардан кімдерді білесіңдер?
-Базар жырау қай ғасырда өмір сүрген?
-Базар жырау «Айдан ару нәрсе жоқ» термесінде қандай өсиет айтады?
-Базар жырауға өлең қалай қонды?

ІХ. Үйге-тапсырма:
«Сыр елі»әнін жаттау.
Базар жырау термелері жайлы мағлұмат жинау.
Сыр елі-жыр елі» тақырыбын оқу.
Базар жыраудың өсиет сөзінің ізімен өлең құрап келу:

1)...........................................( Қызғалдақтай әсем жоқ)
Жазда бар да, қыста жоқ.

2)............................................(Ата-анаңдай пана жоқ)
Біреуде бар да, біреуде жоқ.
Категория: Уроки | Добавил: Alma (27.03.2014) | Автор: Алма Турсынбаева E
Просмотров: 4237 | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика