«Тарих әлеміне саяхат» танымдық сайысы - Уроки - Материалы педагогов - Каталог статей - Сайт творческих учителей Казахстана

Суббота, 10.12.2016, 09:53
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 736
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

«Тарих әлеміне саяхат» танымдық сайысы

Сынып: 5 «а», «д», «ж», «е», 6 «а», «д», «ж», «е»
Өткізілген күні: 10.12.2013 жыл
Тақырыбы: «Тарих әлеміне саяхат» танымдық сайысы
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың Қазақстан тарихынан алған білімдерін толықтыру, жан-жақты дамыту
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, топпен жұмыс істеу қабілеттері мен дағдыларын дамыту
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстан тарихына деген құрмет сезімдерін арттыру, азаматтық, патриоттық тәрбие беру
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақтың әдісі: интерактивті әдіс, карта, топпен жұмыс, компьютерлік технология, дамыта оқыту технологиясы
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, музыка
Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық слайд, суреттер, бейне материалдар, Қазақстан картасы, бағалау жетондары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. амандасу
2. сайысқа қатысушы топтарды орындарына отырғызу
Мұғалімнің сөзі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 5, 6 «а», «д», «ж», «е» сыныптарының арасында Абылай ханның 300 жылдыған арналған «Тарих әлеміне саяхат» тақырыбында өткелі отырған танымдық сайысына қош келдіңіздер!
Әнұран орындалады.
ІІ. «Тарих әлеміне саяхат» танымдық сайысын жүргізу жоспары:
1. Сайыстың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру
2. Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру
3. Әділ қазылар тобымен таныстыру
4. Ойын шартымен таныстыру
Сайысымыз негізгі 4 турдан тұрады. Сайысымызды бастамас бұрын әр топ өзінің атымен және ұранымен таныстырады, әділқазылар топтардың таныстыруын бағалайды.

І турымыз «Ұшқыр ой» деп аталады

Әрбір топқа кезекпен жалпылама Абылай хан және тәуелсіз Қазақстан тақырыбы бойынша сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап 5 ұпай.
Сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Заң қашан қабылданды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
2. Абылай ханның шын есімі? (Әбілмансұр)
3. "Қазақстан болашағы - қазақ елінде", "қазақ қазақпен қазақша сөйлессің" деген нақыл сөздердің авторы кім? (Н.Ә.Назарбаев)
4. Қазақстан Республикасы қандай елдермен шектеседі? (Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)
5. Абылай ханға Сабалақ деп ат қойған кім? (Төле би)
6. Қазақстан қандай халықаралық ұйымдарға мүше? (БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ұйымы)
7. 1729 жылы Аңырақай шайқасында Абылай жекпе-жекте өлтірген жоңғар батырының есімі? (Шарыш)
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасының авторлары? (Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков)
9. Абылай хан жерленген кесене? (Қожа Ахмет Йассауи кесенесі)
10. Қазақстан Республикасының ұлттық валюта күні қашан? (15 қараша)
11. Абылай ханның билік құрған жылдары? (1771-1781)
12. Астана қаласының символы? (Бәйтерек)
13. Абылай ханның кеңесшісі болған "көмекей әулие( атанған жырау кім? (Бұхар жырау)
14. Тұңғыш Президент күні қашан? (1 желтоқсан)
15. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен, баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап)
16. Қазақстан Республикасының қазіргі әнұраны қашан қабылданды? (2006 жылы)

ІІ турымыз «Суреттер сөйлейді?» деп аталады

Әр топқа кезекпен ұлы тұлғалардың суреттері көрсетіледі, топ осы тұлға туралы мағлұмат беруі керек. Дұрыс жауап 10 ұпай.
Көрсетілген тұлғалар:
1. Төле би Әлібекұлы (1663-1756) - қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі.
Казіргі Жамбыл облысыңдағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған.
2. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан. Шын есімі Әбілмансұр. 13 жасында Төле бидің жылқысын бағып Сабалақ атанды. Аңырақай шайқасы болған жылдары жоңғар батыры Шарышты жекпе-жекте өлтіріп, Абылай атанды. 1771-1781 жылдары үш жүздің ханы болды.
3. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Яссауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. 1397 жылы Орта Азияның билеушісі Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Йассауи кесенесі салынады. 1399 жылы үлкен тайқазан орнатылады. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.
4. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) - қазақ және Кеңес Одағының геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.
5. Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16.12.1929 жылы туған, Семей қаласы) — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967). Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері ("Гауһар тас", "Жиырма бес"), Қазақстан композиторларының шығармалары (Хамидидің "Бұлбұлы", Брусиловскийдің "Қос қарлығашы", Төлебаевтың"Еске алуы", Рахмадиевтің "Тарантелласы", Мұхамеджановтың "Көктем вальсі", Тілендиевтің "Кел еркем, Алатауыма") шығармалары бар. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1970) және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1960) лауреаты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жеке Алтын белгісімен (1999) марапатталған. «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының (2001) лауреаты. «Жыл адамы» атағын алған (2001). Қазақстан Жұлдыздар аллеясында Жеке жұлдызға ие (2002). Астана қаласының және Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.
6. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 жылы 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы).
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды. Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.
7. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
1917 жылы желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланып, Ә.Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.
1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә.Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.
1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.
1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.
8. "Өлімнен де күшті" монументі. 2001 жылы 29 тамызда полигон құрбандарын еке алу мақсатында Семейде "Полковничий" аралында "Өлімнен де күшті" монументі қойылды. Жоба авторы Шоты Уәлиханов болып табылады. Жыл сайын бұл жерде тұрақты түрде митинг өткізіліп тұрады.
9. Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.
Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В.Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді.
Бауыржан Момышұлының әдеби шығармалары: "Ұшқан ұя" (1974 жыл); "Москва үшін шайқас"; "Жауынгердің тұлғасы"; "Майдан"; "Генерал Панфилов"; "Адам қайраты" (1981 жыл).
10. Әбілқайыр хан (1693-1748) - хан, қолбасшы, 1718-1748 жылдары билік құрған Кіші жүздің ханы. Әбілқайыр хан Түркістан қаласында туған. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және ханы болып сайланды. 1726 (1728) жылы болған Бұланты шайқасында қазақтардың жеңіске жетуіне елеулі үлес қосқан тұлға. 1730 жылы қазақ елшілерін Ресей империясына жіберіп, Кіші жүзді Ресей құрамына алу туралы келіссөздер жүргізді. 1731 жылы 10 қазанда Ресей сыртқы істер министрлігінің М.Тевкелев бастаған елшілігі Майтөбе жеріндегі Әбілқайыр ордасына келіп, Әбілқайыр мен 29 қазақ старшыны Ресей құрамына кіру жөнінде ант береді.
11. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.
12. Мұхтар Омарханұлы Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылы дүниеге келген. 1942 жылы "Абай" романының бірінші кітабы, 1947 жылы екінші кітабы жарық көрді.
Шығармалары: "Қорғансыздың күні", "Жетім", "Жуандық", "Кім кінәлі", "Қараш-қараш оқиғасы", "Қилы заман" повестері, "Еңлік-Кебек", "Қарагөз", "Түнгі сарын", "Қарақыпшақ Қобыланды" пьесалары.

ІІІ турымыз «Сырға толы карта»

Әр топқа кезекпен Қазақстан қалалары бойынша сұрақтар қойылады. Қойылған сұрақ бойынша әр топ сұраққа жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар қаланы картадан көрсетуі қажет. Толық дұрыс жауап 10 ұпай, егер картадан көрсете алмаса, 5 ұпай.
Сұрақтары:
1. Айша бибі кесенесі орналасқан қала? (Тараз)
2. 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа қай жерден аттанды? (Байқоңыр)
3. Алаш автоаномиясының астанасы болған қала? (Семей)т
4. Қазақтар қай қаланы Қызылжар деп атайтын? (Петропавл)
5. Негізі 1640 жылы қаланған Гурев қаласының қазіргі аты? (Атырау)
6. Ғалымдар бұл қаланың атауын "бау-бақшалы қала", "жасыл қала" деп түсіндіреді? (Шымкент)
7. Қазақ ақындары І.Жансүгіров, С.Сейфуллин жыр арнаған қай қала? (Көкшетау)
8. Мұғалжар тауының оңтүстік батысында орналасқан Ресейдің Орынбор облысымен шекаралас қала? (Ақтөбе)
9. Үшінші алтын киімді адам табылған аудан? (Зайсан)
10. 1854 жылы негізі қаланған Верный бекінісі қазіргі таңда қай қала? (Алматы)
11. Қ.И.Сәтбаев 1942 жылы осы өңірде мыс кен орындарын ашқаны үшін мемлекеттік сыйлыққа ие болды? (Жезқазған)
12. 1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко деп аталған қала? (Ақтау)
13. 1924-1929 жылдары Қазақстанның астанасы болған қала? (Қызылорда)
14. 1833 жылы Аппақ Байжанов тас көмірін тапқан қала? (Қарағанды)
15. Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ы.Алтынсарин дүниеге келген өңір? (Қостанай)
16. 16-18 ғасырлардағы Қазақ хандығының астанасы? (Түркістан)
17. Қазақстанның түсті металлургия орталықтарының бірі болып саналатын қала? (Өскемен)
18. "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" кесенесі орналасқан өңір? (Аягөз)
19. Жасыбай көлі, Баянауыл тауы орналасқан өңір? (Павлодар)
20. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен "Бейбітшілік қаласы" атағын алған қала? (Астана)

IV тур «Бес жұлдыз»

Бес жұлдыздың әр бұрышына жасырылған бейнефильмдерге назар аудара отырып, қойылған сұрақтарға шапшаңдық танытып жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап 20 ұпай.
Сұрақтар:
1. Ұлы Жібек жолы арқылы тараған ас әзірлеуде қолданылатын көкеніс түрі? (қытай немесе болгар бұрышы)
2. Бұл қай күй, күйдің авторы және осы күйді орындаушы кім? ("Адай" күйі, авторы Құрманғазы Сағырбайұлы, орындаушы Асылбек Енсепов)
3. Бұл фильм қай шығарма негізінде түсірілген, қандай оқиғаны қамтиды және фильмде қазақтың қандай тұлғалары сомдалған? (Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" романы, Абылай хан, Әбілқайыр хан, Ораз аталық, Әбілмәмбет хан, Бұхар жырау, Төле би)
4. Бұл қай күй және осы күйдің шығу тарихы туралы аңызды айт?
Аңыз бойынша Шыңғыс ханның ұлы Жошы хан аң аулауға шығып, қасиетті жануар саналатын құландардың баласына дейін садағымен атады. Ашынған ақсақ құлан Жошы ханды тепкілеп өлтіреді. Баласының ұзақ уақыт бойы жоғалғанынан сескенген Шыңғыс хан: “Қайғылы хабар әкелгеннің көмейін қорғасынмен бітеймін”, – дейді. Қол астындағы жауынгерлер қайғылы хабарды жеткізуге қорыққандықтан, мазар басында күй шертіп отырған күйшіге Шыңғыс ханға ұлының өлімі жайында жеткізуді бұйырады. Күйші Шыңғыс ханның елге жасаған жорығынан бастап, Жошы хан өліміне дейін күйдің сырлы үнімен жеткізіп береді. Осылайша үш ішекті, көмейсіз домбыраға балқытылған қорғасын құйылып, содан бері домбыра аспабында көмей тесігі пайда болып, екі ішекті домбыра атанады.
5. Бәйгетөбе қорғаны Қазақстанның қай өңірінде орналасқав, бұл қорғаннан нешінші "Алтын адам" табылды және безжұлдыз ненің белгісі?
(Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Шілікті жазығы, биліктің белгісі, яғни бұл қорғанда патша жерленгенін дәлелдейді)
Әділқазылар ұпайларды есептеп, қорытынды шығарғанша көрермендерге бейнесюжет көрсетіліп, сұрақ қойылады, дұрыс жауап берген көрермен өз тобына 10 ұпай қосуға мүмкіндік алады.
Көрерменге қойылатын сұрақ:
Ұлттық валюта теңгеміздің 3 теңгесінде кім бейнеленген?
Жауабы: Сүйінбай Аронұлы
ІІІ. Ойынды қорытындылау.
Әділқазылар алқасына сөз беру.
Топтарды марапаттау.

Категория: Уроки | Добавил: tolkyn19 (31.03.2015) | Автор: Нургазина Толкын Сайлаугазыкызы E
Просмотров: 401 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика