Вторник, 23.04.2024, 20:29
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
№20 Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: §38-39. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткізгіштің электр кедергісі. Өткізгіштің меншікті кедергісі

Сынып: 8
Пән мұғалімі: Мамбетниязова М.Б.

2014-2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: §38. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі.
§39. Меншікті кедергісі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ток күшінің өткізгіш ұштарындағы кернеуге сызықты тәуелділігін тағайындау, тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тұжырымдау, өткізгіштің электрлік кедергісі, меншікті кедергісі ұғымдарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, есеп шығару қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, ынталыққа, белсенділікке, ашық пікір айтуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: әңгіме, кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау
Көрнекілігі: оқулық, интерактивтің тақта, физикалық құралдар
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткенді еске түсіру
ІІІ. Жаңа сабақты игеруге дайындық
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
V. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
VІ. Жаңа сабақты бекіту
VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
а) сәлемдесу
ә) түгелдеу
б) сабаққа назарын аудару
ІІ. Өткенді еске түсіру
а) Сұрақ-жауап
1. Ток күші дегеніміз не?
Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайды.
2. Ток күшінің формуласы, өлшем бірлігі
I= , өлшем бірлігі Ампер
3. Өткізгіштегі ток күшін қандай құралмен өлшейді? Шартты белгісін сызып көрсет
Ток күшін өлшейтін құралды амперметр деп атайды. Амперметрдің шартты белгісі

4. «Электр тогы» түсінігін енгізген ғалым
Француз ғалымы Андре Ампер
5. Кернеу деп нені айтады?
Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда , электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады.
6. Кернеудің формуласы, өлшем бірлігі
, өлшем бірлігі Вольт
7. Кернеуді қандай құралмен өлшейді? Шартты белгісін сызып көрсет
Кернеуді өлшейтін құралды вольтметр деп атайды. Вольтметрдің шартты белгісі
ә) Сәйкесін тап
Гальвани элементі + -
Вольтметр
Қысқыштар
Гальванометр
. Кілт
Генератор - +
Қыздыру шамы
+ - Қосылған сымдардың түйісуі
Кедергі (резистор)
Амперметр
Аккумулятор, батарея
Өткізгіш сымдар
Қосылмаған сымдардың түйісуі

ІІІ. Жаңа сабақты игеруге дайындық
§38-39. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткізгіштің электр кедергісі. Өткізгіштің меншікті кедергісі. (137-139 бет)
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
1. Ток күші қандай шамаға тәуелді?
2. Кедергі дегеніміз не?
3. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы неге тең?
4. Меншікті кедергі дегеніміз не?
5. Формулаларды қорытып шығару
6. Өлшембірліктері
Ток күші қандай шамаға тәуелді және қалай тәуелді екенін қарастырайық. Ол үшін электр тізбегін жинап (80 а сурет), АВ өткізгіші арқылы ток өткізу керек. Амперметрмен АВ өткізгішіндегі токты,ал вольтметрмен өткізгіштің ұштарындағы кернеуді өлшейік. Ток көздерін ауыстырып тәжірибені қайталағанда , тізбектегі токтың да, өткізгіштің ұштарындағы кернеудің де өзгергенін көреміз.
АВ өткізгіштің ұштарындағы кернеу қанша есе артса, өткізгіштегі ток та сонша есе артады, яғни I~U .
Тізбектің бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын R шаманы кедергі деп атайды.
Тізбектің бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал.

Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 ж Г.Ом ашты.
Халықаралық бірліктер жүйесінде кедергінің өлшем бірлігі
[R]=1 Ом
Ом заңына сәйкес

Ом заңынан кернеуді анықтауға болады.
U=IR
Тізбектегі кедергінің шартты белгісі
Тізбектігі кедергіні өзгертіп, ток күшін реттеу үшін реостаттар қолданылады. Реостат реттегіш және іске қосқыш болып бөлінеді. Реостаттың шартты белгісі

Енді әртүрлі материалдардан жасалған , ұзындығы әртүрлі және көлденең қимасының ауданы аудандары да бірдей емес өткізгіштерді бір ғана ток көзіне жалғайық (83 сурет). Сол кезде өткізгіштеріміз әртүрлі кедергіге ие болады да, токтың шамасы да әртүрлі болады.
Егер өткізгіштің l ұзындығы неғұрлым артатын болса, онда ток күші соғұрлым кемиді , ал кедергісі артады, яғни өткізгіштің кедергісі оның ұзындығына тәуелді R~l.
Егер өткізгіштің көлденең қимасының ауданы, қалыңдығы артатын болса, онда ток күші де артады, ал кедергісі кемиді.S~I
Өкізгіш кедергісі оның қандай материалдан жасалғанына яғни меншікті кедергісіне тәуелді . R~ρ
Олай болса өткізгіштің кедергісі тұрақты температурада оның l ұзындығына тура пропорционал, S көлденең қимасының ауданына кері пропорционал және оның жасалған материалына тәуелді болады, яғни R~ρ, R~l

Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы меншікті кедергі деп атайды. Оны ρ әрпімен белгілейді.


Халықаралық бірліктер жүйесінде меншікті кедергінің өлшем бірлігі
[ρ]=1 Ом*м
8-кестеде кейбір заттардың меншікті кедергісі көрсетілген.
V.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
а) сұрақ-жауап
1. Тізбек бөлігі үшін Ом заңын тұжырымдаңдар
Тізбектің бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал.

2. Ток күшін реттейтін құрал
Реостат
3. Тізбектегі кедергінің шартты белгісі
4. Реостаттың шартты белгісі
5. Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы не деп атайды?
Меншікті кедергі
6.Электр кедергісінің анықтамасын тұжырымдаңдар
Өткізгіштің кедергісі тұрақты температурада оның l ұзындығына тура пропорционал, Sкөлденең қимасының ауданына кері пропорционал және оның жасалған материалына тәуелді болады

7. Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын кім және қай жылы ашты?
Г.Ом 1827ж
ә) кестемен жұмыс
Аталуы Белгіленуі Формуласы Қандай шамаға тәуелді
Ток күші
Кернеу
Кедергі
Меншікті кедергі
Ұзындық
Аудан

VІ.Жаңа сабақты бекіту
18-жаттығу
№1
Берілгені: Шешуі:
I=0,40А
U=8,0В
R-? Жауабы: 20 Ом

№2
Берілгені: Шешуі: I,A
I=2А 2
U=8В 1
I=3A
R-? Жауабы: 4 Ом; 12В 0 4 8 U,B
U-?
№4
Берілгені: Шешуі:
R=20 Ом
I=19A


U-? Жауабы: 380 B
19-жаттығу
№1
Берілгені: х.б.ж. Шешуі:
константан
S=1мм2 1*10-6м2
l=24,2м
ρ=4,7*10-7Ом*м
R-?
Жауабы: 11,3 Ом
№3
Берілгені: х.б.ж. Шешуі:
мыс
S=10мм2 10*10-6м2
l=200м
ρ=1,68*10-8Ом*м
R-?
SAl-?



Жауабы: 0,33 Ом, 16мм2
№5
Берілгені: х.б.ж. Шешуі:
S=0,15см2 0,15*10-4м2
l
I=4А
U=30В
ρ=2,7*10-8Ом*м l

l -? Жауабы: 4км
VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §38-39 оқып келу. 18 жаттығу №5-6
19-жаттығу №6-9
Категория: Уроки | Добавил: Mereke (19.02.2015) | Автор: Мамбетниязова Мереке Базарбаевна E
Просмотров: 3392 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика