Суббота, 20.04.2024, 14:17
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 947
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Урок казахской литературы в 8 классе с русским языком обучения

8-сынып.Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы : Ғабит Мүсіреповтың «Өлімді жеңген ана» әңгімесі
Сабақтың мақсаты : 1. Ғабит Мүсіреповтың ана туралы әңгімелерін
атап,олардың мазмұндық тақырыбына
қысқаша шолу жасау. «Өлімді жеңген ана»
әңгімесінің тарихи-эпикалық сипатын
таныту,сюжеттік-композициялық құрылысы-
на талдап,тақырыбы мен идеясын анықтау.
Әңгіменің көркемдік қуатын,ақынның суреткер-
лік шеберлігін таныту.
2.Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін дамыту.
Өз ойларын көркем-әдеби тілде жеткізе білуге дағ-
дыландыру.

3.Оқушыларды ана махаббатын қадірлеуге тәр-
биелеу.

Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ
Сабақтың тегі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: анализ-синтез,сұрақ-жауап,проблемалық
баяндау,ой шақыру\кластер\.компьютерді қол-
дану.
Сабақтың көрнекілігі: Мүсіреповтың суреті, «Ақсақ Темір» энциклопедиясы.

Сабақтың барысы: а\ ұйымдастыру
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыз алдында өткен сабақтарымыздың жалғасы.Бүгінгі сабақты лирикалық нотамен бастағым келеді.\күй әуені ойналады .«Ана туралы жыр»\
Ғабит Мүсірепов қаламынан шағын әңгімелер, драмалық шығармалар, эпикалық туындылар және тамаша аудармалар туады. .
ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.\сабақ тақырыбы экраннан көрсетіледі\
1.Ғ.Мүсіреповтың әңгімелеріне шолу жасалады.

Жазушы жазған ең құдіретті тақырыптардың бірі- ана тақырыбы.
Біз өткен сабағымызда «Өлімді жеңген ана» әңгімесімен танысып өттік. Ал, бүгінгі сабақтың мақсаты – әңгіме кейіпкерлерін сан қырынан тани білу.
Біз бүгін сендермен Ғабит ағамыз сомдаған Ана және Әмір Темір бейнелеріне тоқталамыз. Ой талқы жүргіземіз.
/Ана туралы әңгімелерінің аттары экраннан көрсетіледі./


Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушышы М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырды. Гуманист жазушы М.Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғ.Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М.Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима» атты әңгімелерін жазды.
2. Ғ.Мүсірепов әңгіме жазарда, кейіпкерлерге сипаттамалық портрет жасарда кімнің еңбегін қолданған?
/М.Горькийден еркін аударған әңгімесі / \экраннан көрсетіледі\

3.«Өлімді жеңген ана» әңгімесінің сюжеттік негізі қандай?( кейіпкерлері мен жанрлық ерекшелігіне тоқталу.\экран\)

/ Әңгімеде 15 ғасырдағы Әмір Темір Қазақстан мен Қырғызстан аумағына
басқыншылық мақсаттарын асқан өмір сүоген заман ,сол кезде болған оқиға суреттеледі. Ана махаббатының құдіреті суреттеледі./
4. Әңгіменің негізгі кейіпкерлері кімдер?:\экран\
Әмір Темір, адамның анасы.
\экранға ананың, Әмір Темір, суреті ,кейіпкерлердің аттары шығады\
4.1. Кейіпкерлердің қайсысы тарихи тұлғаға жатады?\экран\

Ана -------- Әдеби кейіпкер

Темір суретінің тұсына------------- 1370-1405 жылдары Қазақстан мен
Қырғызстан аумағына
басқыншылық мақсаттарын асқан
қатыгездікпен жүзеге асырған.


5. Оқушыға қойылар сауалдар:
Оқушыға сауал

1. Ақсақ Темір кім?

Жауабы
• Азияның ақсақ барысы Темір – жер бетін қанға бояп, ойды қырға теңеп, жоннан жол салып, жер шарын асықтай үйіргісі келген адам.




2. Ақсақ Темір қай елдерді жаулап алған?

Жауабы

• Азияны
3. Самарқанды өртеуге неге әмір бермеді?

Жауабы
• Самарқандағы көк мойындарды адам сүйегінен салдырған.

4..Әйел қай жерден келді ?
5.Оның келу себебі не ?
Жауабы
• Ол Италиядадан келді.
• Әйел төрт жыл бұрын жоғалған ұлын іздеп жүр.
б\ Әңгімеде ана образы қалай сомдалған.Портреті бар ма?
Жауап:
• Жалаң аяқ, үстіндегі барлық киімі далба-дүлба
• Қара шаштары тарқатылған, жалаңаш көкірегін жабуға кеудесіне түскен, беті қап-қара
• Темірмен тілдескендегі батылдығы
• Баласына деген махаббаты
• Темірге бұйыруы

Әңгімеде Темір образы қалай сомдалған.Портреті бар ма?
Жауап:
• Ол елу жыл жалғанды жалпағынан басып, өзінен өзге де күш барын сезген адам емес.
• Жеңілген елдің сүйегінен биік мұнаралы минарет, сарайлар салғызды.
• Ажалмен күш теңестіріп, өмірді талқандады.
• Әйелге басын иеді
Бұндай психологиялық портрет әңгіменің өзіндік ерешклігі болып табылады.

в\ Төмендегі айшықты сөздер қай кейіпкердің сипаттамасынан алынған?
Бөліп жазыңдар.

6.Кейіпкерді тап.
• Етегімен сырып, қақ жарып барып, кілем үстіне отыра кетті. Қай жерге қалай отыруды өзі таңдады. Өйткені отырғандарды адамға санамады.
/ана/
• Қан қатқан, тот басқан жалпақ алмас пышақ секілді.
/Темір/
7.Образдар бойынша қорытынды жасалады
а\.Оқушыға сауал? Ана мен Әмір Темір образдары арқылы біз нені көреміз?
\экраннан көрсетіледі\
Жауап: Бұл образдар арқылы қатыгездік пен билік, ашу мен ақыл, сезімнің соқырлығы
мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ана махаббатын, сана мен сезімнің
таласын әрі көзсіз ерлікті көреміз.

Қорытынды: әңгіме жолдарынан сөзбен сурет салған жазушы шеберлігіне,ерекше дарынына тағы бір рет көз жеткіздік.

8. Ақын поэмада қандай адами қасиеттерді сөз етеді?
«Ой шақыру» \экраннан көрсетіледі\ Ашу мен ерлік, махаббат пен ақыл , сезім


9. Сабақ қорытылады:\экраннан көрсетіледі\

1. Күрделі әңгіме
2. Терең психологиялық – реалистік әңгіме
3. Тарихи – эпикалық әңгіме

10. Ана туралы мақал- мәтелдер.
Ананың сүті бал.
Баланың тілі бал.
***
Анасын көріп, баласын ал.

Категория: Уроки | Добавил: Айлин (06.04.2015) | Автор: Танжарыкова Венера E
Просмотров: 1247 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика