Пятница, 19.04.2024, 11:03
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Урок по казахскому языку в 7 классе "Зат есімнің тәуелденуі"
Чистопол орта мектебі
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
Солтүстік Қазақстан облысы

Дайындаған: Нұрғалиева Әлия Тұрсынғалиқызы
( қазақ тілі мен әдебиеті IIсанатты мұғалімі)

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі 7-сынып
Сабақтың білімділік мақсаты: зат есімнің тәуелденуі туралы түсінік беру, яғни заттың , қандайда бір нәрсенің біреуге тән , соның меншігі екенін білдіретін қосымша тәуелдік жалғау деп аталатынын түсіндіру;
дамытушылық мақсаты: сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;
тәрбиелік мақсаты: : адамгершілік тәрбие беру, таза ,әдемі жазуға баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдісі: баяндау, пікірлесу, түсіндіру, талдау, ішінара ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, слайдта,АКТ.СТО.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есімдерді қатыстырып, қазақтың салт-дәстүріне байланысты шағын шығарма жазу.
2. Тапсырма. Оқулықта берілген мәтіннен көптеліп тұрған және көптелмейтін зат есімдерді тауып, себебін түсіндіру.
Өткен сабақты еске түсіру мақсатында сұрақтар:
- Зат есім қалай жасалады?
- Көптік жалғауы нені білдіреді?
- Қазақ тілінде неше жалғау бар? түрлері

1. Жаңа материалды қабылдауға дайындық.
Сабақтың тақырыбына қызығушылығын оятуға байланысты жұмыстар.
1. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
2. Оқушылардың бұрынғы білімдерін жаңғырту үшін сұрақ-тапсырмалар:
3.
- Жалғау дегеніміз не?
Жалғау дегеніміз...........
А) сөздің мағынасын өзгертетін қосымша
В) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша
С) түбір сөз

- Жұрнақ дегеніміз..............
А) түбір
В) сөздің мағынасын өзгертеді
С) сөз бен сөзді байланыстырады
Тәуелдік жалғау- бір заттың екінші бір затқа тәуелді, меншікті екенін білдіреді.
Тәуелдік жалғау- өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғаулы сөзбен байланыстырып тұрады.

Тәуелденудің түрлері Жақ Тәуелді заттың иесі Тәуелдік жалғаулы сөздер Жал-ғау-лары
жекеше көпше

Оңаша тәуелдену І

ІІ

ІІІ менің

сенің
сіздің

оның

елім,балам

елің, балаң
еліңіз, балаңыз
елі, баласы елдерім

елдерің
елдеріңіз

елдері -м,-ым,-ім

-ң,-ың,-ің
-ңыз,-ңіз
-ыңыз,-іңіз
-сы,-сі,-ы,-і

Ортақ тәуелдену І

ІІ

ІІІ біздің
(біздердің)

сендердің

сіздердің

олардың
еліміз,
баламыз

елің,
балаларың
еліңіз, балаңыз
елі, баласы елдеріміз

елдерің

елдеріңіз
елдері -мыз,-міз
-ымыз,-іміз
-ың,-ің,-ң

-ыңыз,-іңіз
-ңыз,-ңіз
-сы,-сі,-ы,-і

Тапсырма: Тәуелдік жалғаулы сөздердің қандай сөзбен байланысатынын естеріңе түсіріп, берілген сөздерді оңаша және ортақ түрде үш жақта тәуелдеңдер.
Үй, киім, бала, Отан, бөлме.

Жақ үй киім бала Отан бөлме
Оңаша І
ІІ

ІІІ үйім
үйің
үйіңіз
үйі
Ортақ І
ІІ

ІІІ үйіміз
үйің
үйіңіз
үйі

Тапсырма.
Берілген жалғаулы сөздердің оңаша түрін ортақ, ал ортақ түрін оңаша тәуелдеуге айналдырып жазыңдар.

Қуанышым, әкеміз, кітабың, дәптері, үстеліңіз, мектебіміз, ұстазың, туысқанымыз, досыма, баласы, көршіңіз, інім.
Үлгі: қуанышым-қуанышымыз,...............
Әкеміз-әкем,................

Деңгейлік тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.

І деңгей тапсырмасы. Ағалар, апалар, аналар деген зат есімдерді ортақ тәуелде.

ІІ деңгей тапсырмасы. Төмендегі мәтіннің мазмұныныа мән бере отырып, ортақ тәуелденген зат есімдерді тап.

«Жақыныңды жаттай сыйла - жат жанынан түңілсін»
Өзіміздің адамдар ғой деп жақын туыстарға көңіл бөлмей қарау- тәрбиелілік емес. Бір анадан туса да, ағасы буырына, қарындасына, інісі мен қарындасы әпке-ағаларына жанашыр болуы тиіс. Бауырмалдық, жанашырлық сезім жоқ жерде туысқандық, сыйластық, ауызбірлік те болмайды. Ал өзінің ең жақын адамдарын- үй ішіндегі туыстарын қадір тұтпаған адам басқа жұртты да сыйлап жарытпайды.
Бұл мақал татулыққа, сыйластыққа, жанашырлық пен мейірімділікке тәрбиелейді.

ІІІ деңгей тапсырмасы. Құрамында ортақ және оңаша тәуелденген зат есімдері бар өзің білетін өлең шумақтарын жатқа жаз. Қалаған бір сөзіңе фонетикалық талдау жаса.

Сабақты қорытындылау (оқушылармен бірге)
-тәуелдік жалғау бір заттың екінші затқа тәуелді, меншікті екенін білдіреді.
- бір не бірнеше заттың бір ғана затқа я адамға меншікті екенін білдіру оңаша тәуелдену;
- бір не бірнеше заттың көп затқа я адамға меншікті екенін білдіру ортақ тәуелдену дейді.

Үйге тапсырма.
1. Оңаша және ортақ тәуелденген зат есімдерді қатыстыра отырып, «Қазақстан баспанасы- киіз үй» атты мәтін құрастыру.
2. Ережені оқу.

Чистопол орта мектебі
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
Солтүстік Қазақстан облысы

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АШЫҚ САБАҚ
(7-сынып)

Тақырыбы: ЗАТ ЕСІМНІҢ ТӘУЕЛДЕНУІ.

Дайындаған: Нұрғалиева Әлия Тұрсынғалиқызы
( қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі)

2014-15 оқу жылы
Категория: Уроки | Добавил: Речной1 (16.01.2015) E
Просмотров: 1668 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика