Вторник, 16.04.2024, 12:53
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Windows операциялық жүйесіне кіріспе. Терезелермен және косымшалармен жұмыс істеу
Практикалық жұмыс №1
Тақырыбы:
Windows ОЖне кіріспе. Терезелермен және косымшалармен жұмыс істеу

Мақсаты: Операциялық жүйе туралы түсінік алу; Windows операциялық жүйесімен танысу;
Терезелер және қосымшалармен жұмыс істеу әдістерін үйрену. Стандартты қосымшалармен жұмыс істеп үйрену
Теориялық негіздеме:
Операциялық жүйе (ОЖ) – қолданушымен сұхбат ұйымдастырады, компьютерді және оның ресурстарын басқарады, басқа программаларды іске қосады. Операциялық жүйе компьютер іске қосылғанда жүктеледі.
Компьютерлердің әртүрлі моделдерінде қолданылатын ОС тердің мүмкіндіктері де әрқалай бола береді. Ең көп тараған ОС түрлеріне MS DOS/PS DOS/, CDOS, MSX, UNIX және де соңғы кезде кеңінен қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүйелер Windows программалары жатады.
Windows операциялық жүйесі
Windows – көп есептік операциялық жүйе. Көп есепті операциялық жүйе бірнеше программамен бір мезгілде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл жүйенің программаларын тез және оңай меңгеруге болады. Windows ортасында жұмыс істеу үшін, экранда көрсетілген керекті жүйені тышқан арқылы белгілеу қажет.
Windows экранының негізгі бөлігін Жұмыс үстелі алып жатады. Онда қапшықтың, дисктің, программаның және т.б объектілердің белгішелері орналасқан. Егер белгішеде белгісі болса , онда ол жарлық деп аталады. Жарлық – жұмыс үстелінде емес, қандайда бір бумадағы объектіге сілтеме. Windows терезесі –Windows-тың әртүрлі программалары орындалатын экранның төртбұрышты аумағы. Әр программаның өзінің терезесі болады. Барлық терезенің құрамы және құрылымы бірдей болады.
Терезенің құрамына келесі элементтер кіреді:
1 – тақырып қатары – программаның аты және терезенің аты көрсетілген терезенің жоғарғы жолы;
2 – терезені жинап қою батырмасы;
3 – терезені қалпына келтіру батырмасы (бұл батырманың болуы терезенің қалпынан тәуелді);
4 – терезені жабу батырмасы;
5 – жүйелік меню батырмасы– терезенің жүйелік менюын ашады;
6 – менюлар қатары – терезені басқару менюларынан тұрады;
7 – саймандар тақтасы – жиі қолданылатын командаларды шақыратын батырмалардан тұрады;
8 – айналдыру сызығы – терезенің мазмұнын қарауға мүмкіндік береді;
9 – жұмыс өрісі – объектіні (текст, сурет, белгіше және т.б.) орналастыруға және олармен жұмыс істеуге арналған жазықтық;
10 – қалып-күй – қалыптың индикаторлары орналасқан төменгі жолақ;
11 – терезенің жақтаулары
Терезе экран бетінде үш түрде болады:
 толық экранды – терезе экран бетімен бірдей болып ашылады;
 қалыпты– терезе экранның қандайда-бір бөлігін алып тұрады;
 жиналған – терезе жиналған күйде .
Терезені жабу: Қосымшамен (программа) жұмысты аяқтау үшін, терезені жабу қажет. Екпінді терезені келесі әдістердің бірімен жабуға болады:
 терезені жабу батырмасын басу ;
 пернеліктен Alt+F4 пернелер тобын басу;
 Файл менюінен Выход командасын таңдау;
 терезенің жүйелік менюынан Закрыть командасын таңдау (жүйелік меню батырмасын сырт еткізу).
Файлдық жүйе. Барлық информация (программалар, құжаттар, таблицалар, суреттер ж/е т.б.) файл түрінде сақталады. Файл – информацияны сақтау үшін дисктегі аты бар орын. Кез келген файлдың атауы және заты болады. Файлдың заты оның типін көрсетеді. Файлдың атауы ең көп дегенде 255 символдан, заты 3 символдан тұрады. Атауы мен заты нүкте арқылы ажыратылады.
Мысалы: Договор аренды.doc
Файлдың атауында және затында келесі символдарды қолдануға болмайды:
* ? \ / | : < > "
Файлдың атауының алдында оның затына байланысты белгіше тұрады.
Бума (каталог) – информацияны сақтау үшін дисктегі аты бар орын. Буманың аты 255-ке дейінгі символдан тұрады. Әрбір буманың ішінде басқа бумалар, құжаттар, таблицалар, суреттер және т.б болуы мүмкін. Бумалар жиынтығы ағаш тәрізді құрылымға ие болады.
Жұмыс үстелінің арнайы бумалары
Менің компьютерім – компьютердің дискілерінің мазмұнын көрсететін және файлмен, бумамен әртүрлі операциялар /программаны іске қосу, көшірме алу, жылжыту, файлдарды жою, және т.б/ орындауға мүмкіндік беретін арнайы папка.
Қоржын – барлық жойылған файлдар мен папкалардың тізімі көрсетілген, арнайы папка.
Портфель – әртүрлі компьютерлерде өңделген құжаттардың көшірмелерін келістіру үшін қолданылады.
Желілік орта – локальдік желіге қосылған компьютердің дискісінің мазмұнын қарау үшін және онда әртүрлі операциялар жасау үшін қолданылатын арнайы папка.
Тапсырмалар тақтасы - қосымшаларды іске қосу үшін және бір қосымшадан екінші қосымшаға ауысу үшін қолданылады. Тапсырмалар тақтасында Пуск батырмасы, екпінді қосымшалардың батырмасы және индикаторлар орналасады.
Windows-қа қандайда бір команданы орындау үшін, қосымша информация керек болған жағдайда Сұхбат терезе ашылады.
Жанама меню – объектіні басқару жөніндегі негізгі командалардан тұрады. Жанама мәзірді шақыру үшін объектінің үстінен тышқанның оң жақ батырмасын басу қажет. Мысалы, тапсырмалар тақтасының үстінен тышқанның оң жақ батырмасын басса, екпінді қосымшалардың терезелерін басқаратын командалардан тұратын жанама мәзір ашылады. (6-сурет), Жанама мәзірінің командалары да сол жақ батырма арқылы таңдалынады.
Қоржын/Корзина – барлық жойылған файлдар мен папкалардың тізімі көрсетілген арнайы папка. Жойылған бумалар мен файлдарды қалпына келтіру үшін: алдымен оны белгілеп, одан кейін Файл мәзірінен Восстановить командасын таңдау қажет. Ал бумалар мен файлдарды қоржыннан жою үшін: белгілеп, Delete пернесін немесе батырмасын басу жеткілікті. Қоржындағы барлық бумалар мен файлдарды жою үшін Файл мәзірінен Очистить корзину командасын таңдау керек.
Windows операциялық жүйесінің программалалық құралдары:
1. Графикалық редактор
2. Мәтіндік редактор
3. Блокнот және Калькулятор программалары
4. Мультимедиалық мүмкіндіктері.
5. Жолсерік бағдарламасы.

Жұмыстың орындалу реті:
1. Пуск/Программы/Проводник командасымен немесе тез іске қосу панелімен жол сілтеуіш программасын іске қосыңдар.
2. Менің құжаттарым бумасының сол жағындағы + таңбаны шертіңіз.
3. Терезенің сол жақ бөлігіндегі Менің құжаттарым бумасын шертіңіз. Бума көк түске боялады.
4. Терезенің оң жақ бөлігіндегі бос орынға тышқанның оң жақ батырмасын шертіп Құру/Буманы (Создать/Папку) пунктін таңдаңыз.
5. Жаңадан құрылған бумаға «Экспериментальная» атын қойыңыз.
6. Терезенің оң жақ бөлігінен Ctrl батырмасын басып тұрып бірнеше құжаттарды немесе бумаларды белгілеңдер.
7. Құжаттарды тышқанның оң жақ батырмасын басып тұрып Экспериментальная бумасына жылжытыңдар және пайда болған контесті менюден Көшіру (Копировать) пунктін таңдаңыз.
8. Дәл сол әдіспен «Экспериментальная» бумасын С дискісіне жылжытыңыз.
9. Менің құжаттарым бумасындағы «Экспериментальная» бумасына тышқанның оң жақ батырмасын басып Өшіру (Удалить) пунктін таңдаңыз.
10. Пайда болған жүйенің хабарламасына ИӘ деп жауап беріңіз.
11. Тышқанның курсорын «Экспериментальная» бумасына апарып, оң жақ батырмасын басыңыз. Шыққан менюден Атын өзгерту (Переименовать) таңдаңыз.
12. Буманың атын My folder деп қойып, өзгертілген бумаға тышқанмен шертіңіз.
13. Сіз қазір My folder бумасында тұрсыз. Егер сіз бір саты көтерілгіңіз келсе, яғни С дискісіне, онда инструментер панеліндегі Жоғары (Вверх) батырмасын басыңыз.
14. Ең жоғарғысына, яғни Жұмыс столы бумасына шыққанша, осы батырманы баса беріңіз.
15. Кері (Назад) батырмасын басыңыз, қайтадан өзіңіздің бумаңызға келіңіз.
16. Бумадағы кез келген бір құжатқа шертіңіз де панельдегі Свойства батырмасын басыңыз.
17. Компьютердің жинаған барлық хабарын, шыққан құжаттардың қасиеттері терезесінен қараңыз.
18. Вид батырмасын шертіп барлық қолайлы режимдерді біртіндеп таңдап (Крупные значки, Мелкие значки, Список, Таблица) болып жатқан өзгерістерді байқа.
19. Таблица режиміндегі сұр таблица тақырыбында Изменен жазуына сырт еткізіңіз.
20. Таблицаның тақырыбында Имя өрісінде сырт еткізіп, құжаттарды алфавит бойынша сұрыптаңыз.
21. Жоғарғыдай құжаттарды өлшемі және типі бойынша сұрыптаңыз.
22. My folder бумасындағы кез келген бір құжатты өшір.
23. Отменить батырмасының көмегімен бұл іс әрекетті болдырма.
24. Жол сілтеуші программасын жабыңдар.
Құжаттарды іздеу терезесімен жұмыс істеу
Қолданушыға басқа біреудің компьютерінің файлдық жүйесінде бағдарлау өте қиын. Керекті файлдар мен құжаттарды іздеуді жеңілдету үшін файлдарды іздеу терезесін қолданады.
1. Windows үшін Пуск/Найти/Файлы и папки... командасы арқылы файлдарды іздеу программасын іске қосыңыз.
2. Имя и местоположение қосымшасындағы имя өрісіне NС.exe деп жазыңдар.
3. Где искать өрісінің сол жақ шетіндегі кішкене қара үшбұрышқа шертіп және тізімнен қандай бумадан іздейтініңізді таңдаңыз.(Бүкіл компьютерден іздегіңіз келсе Мой компьютер бумасын таңдаңыз).
4. Тышқанның сол жақ батырмасымен Найти батырмасына шертіп іздеудің аяқталуын күтіңіз.
5. Терезенің төменгі жағында барлық табылған құжаттардың тізімі беріледі. Тізімнен өзіңізге керегін тауып, тышқанның сол жақ батырмасын екі рет сырт еткізіп ашыңыз. Егер сіз барлығын дұрыс істесеңіз сізге Norton Commander терезесі ашылады.
6. Ашылған программаны жабыңыз.
7. Имя өрісіне мына текстті теріңіз: *.bmp (мұндағы жұлдызша кезкелген саннан, символдан тұратын файлдың атын көрсетеді. Ал bmp кеңейтілуі нүктелі суреттерді көрсетеді).
8. Найти батырмасын шертіңіз.
9. Программа өз жұмысын аяқтағаннан кейін, табылған бірнеше құжаттарды ашып көріңіздер.
10. Құжаттарды жабыңыздар.
11. Имя өрісіне мына текстті теріңіз: а* және найти батырмасына басыңыз.
12. Компьютер а-дан басталатын кез келген өрістегі барлық құжаттарды іздейді.
13. Имя жолындағы барлық информацияны өшіріңіз.
14. Дата қосымшасын ашып Бүкіл файлдарды табу (Найти все файлы) радио батырмасын екпінді қылыңыз.
15. Кіші терезенің тізімінен Открытые пунктін таңдап алыңыз.
16. Между радио батырмасын екпінді қылыңыз
17. Шыққан оң жақ кіші терезеге бүгінгі күнді қойыңдар, ал сол жағына ьір күн бұрынғы күнді қойыңдар.
18. Программаны іздеуге қосыңыз
19. Ақырғы күні қанша құжат ашылғанын көріңіз.
20. Вид/Упорядочить значки/По дате(изменен) пунктін таңдаңыз
21. Төменгі терезедегі барлық информация, уақыттарының кему ретімен тізбектеледі. Қандай құжаттар ерте, қандайы кеш ашылғандарын қараңыз.
22. Дополнительно қосымшасын ашып, типі бойынша қандай файлдарды іздеуге мүмкіндік бар екендігін қараңыз.
23. Microsoft Word программасымен және өлшемі 100КБ аспайтын барлық файлдарды табыңыз.
Анықтама жүйесімен жұмыс
1. Windows 98 операциялық жүйесі, жұмыс уақытында күшті көмекші жүйесімен қамтамасыз етілген. Бұл жүйе арқылы кез келген информацияны және кез келген проблемманы шешуге болады. Анықтамалық жүйенің бірнеше тәсілдерімен танысып, жұмыс істеп үйренейік.
2. Пуск/Справка командасымен компьютердің анықтамалық жүйесін іске қосыңдар.
3. Содержание қосымшасындағы кітапша шартбелгілерін шерте отырып, тиісті бөлімдерді ашыңыз.
4. Компьютермен жұмыс істеген кезде пернетақтаны қолданудың анықтамасын тауып және оны мұқият оқып шығыңыз. Бұл бөлім Сочетания клавиш деп аталады.
5. Бірнеше біріктірілген пернелерді жұмыс үстінде көріңіз, қалғанын есте сақтауға тырысыңыз.
6. Пуск/Завершениеработы/Выключить компьютер командаларын орындамай-ақ қандай біріккен пернелерді қолдануға болатынын есте сақтаңыз.
7. Указатель қосымшасына ауысыңыз.
8. Жоғарыда т ұратын жолға кілттік сөз жазылады. Бұл сөз арқылы жүйе анықтаманың керекті бөлімін іздейді. Осы жолда «Автоматический запуск программ» сөзін теріп, Вывести немесе показать пернесін басыңыз.
9. Операциялық жүйе жүктелгеннен кейін автоматты түрде қосылатын программалар туралы информацияны терезенің оң жақ жартысынан оқыңыз.
10. Жоғарғыдағы жолға «безопасность» сөзін жазыңыз.
11. Табылған бөлімдердің ішінен Пароли бөлімін таңдаңыз.
12. Вывести немесе Показать батырмасын басыңыз.
13. Терезенің оң жақ бөлігінде жүйенің тапқан пунктерін қарап, ішінен біреуін таңдаңыз да оқып шығыңыз..
14. Пойск қосымшасына шертіңіз. Бұл компьютердің анықтамалық жүйесінде кеңейтіле іздеу салады.
15. Жоғарғы жағындағы жолға Проверка сөзін жазыңыз.
16. Список разделов батырмасына басыңыз. Төменгі терезеден сізге керекті бөлімді тауып, мысалы Проверка диска белгілеп, вывести батырмасына шертіңіз.
17. Терезенің оң жақ бөлігінен анықтаманы аласыз, онда сіз терген сөз көк шрифтпен белгіленіп тұрады.
18. Тағы бірнеше анықтамаларды тауып көріңіз.
19. Жұмыс үстінде қиыншылықтар туса, анықтамалық жүйеге сүйенуді ұмытпаңыз. F1 пернесінбаса отырып, тікелей анықтамалық жүйеге кіруге болады.
20. Анықтамалық жүйені жабыңыз.

Бақылау тапсырмалары
1. Программаларды іске қосу
2. Файлдарды іздеу
3. Жарлықтарды құру, жарлық белгішесін өзгерту
4. Дискеттерді форматтау
5. Басқару тақтасы
Бақылау сұрақтары
1. Құжатты қоржынға апармай жою үшін қандай пернелерді басу керек?
2. Файлдың аты мен кеңейтуі арасында қандай белгі қою керек? Оны қоймауға бола ма?
3. Үстіне (Вверх) және Кері (Назад) пернелер айырмашылығы қандай?

Әдебиеттер
1. Информатикадан 30 сабақ. Жаңа ақпараттық технологиялар./Балапанов Ж.С., Алматы
2. Практическая информатика/ Симонович С., Евсеев Г., Алексеев А. – М.:Аст-Пресс; Инфорком-Пресс, 2000г.
3. Специальная информатика/ Симонович С., Евсеев Г.– М.:Аст-Пресс; Инфорком-Пресс, 2000г.
4. Вычислительные технологии/ ред. Ю.Н. Шокин- ин-т Вычислительных технологий Сибирского отделения Рос. академии наук - 2000,2003г.
Категория: Уроки | Добавил: makalek_m (26.12.2014) | Автор: Манарбек Махпал E
Просмотров: 2802 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика