Пятница, 19.04.2024, 04:10
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Қыркүйектің бірінде, Біріншіге барғанмын. Теріп білім жемісін,Оқып, жаза

                                                                                                                                                            

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылы

Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебінің

 бастауыш сынып мұғалімі

ХАЙЫРЛИЕВА ГҮЛНӘР СЕРІКҚЫЗЫ

 

Тақырыбы: Қыркүйектің бірінде,

                       Біріншіге барғанмын.

                      Теріп білім жемісін,

                      Оқып, жаза аламын.

Мақсаты: 1. Оқушыларға екі ай ішінде барлық пәндерден алған білімдерін ата-аналарының алдында «күз байлығындай» жиып, көрсете білу.

2. Сөздік қорларын молайту, білім-білікке құштарлығын дамыта түсу.

3. Ұйымшылдыққа баулу.

Көрнекі-жабдығы: интерактивті тақта, слайдтар, шарлар, гүлдер.

Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Шаттық шеңбері. 1-слайд.

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер, білім көп біліп

Өсе берсін санамыз.

ІІІ. Ата-аналар үшін тосын сый, ал оқушылар үшін ерекше сабақ. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: 2-слайд.

Қыркүйектің бірінде,

Біріншіге барғанмын.

Теріп білім жемісін,

Оқып, жаза аламын, - деп бүгін күздің екінші айының соңғы күндерінің бірі.

  • Балалар, күз мезгілі туралы не айтуға болады? Күз дегеніміз не?
  • Балалар өз ойларын ортаға салады.
  • Міне, балалар күздің берері көп. Сондықтан күзді тамашалай отырып, оның байлығын біздер де қалай жиып-тердік екен, ата-аналарымызға көрсетіп, қуантып көрелік.

 

 

 

ІV. Слайд саяхатпен жұмыс.

  1. Жұмбақ шешу арқылы слайдты ашу.

Таңдайынан дәмі оның,

Жыл бойына қалмаған.

Білсең, қане, айта ғой,

Не жасайды алмадан?

  1. Ал, кәне кеттік «Алма бағына». 3-слайд. (Шашылған әріптер-алмалар).

А         Д          Б          У          Ғ           Н           О         М             Ш              С

Ж          Ұ        Й          І           Қ         Ң          Ы         Т      П     К       Л          Е

(дыбыстарды атау, әр дыбыстың бір-бірінен ерекшелігін айту. Мысалы: А –дауысты, жуан.   Т – дауыссыз, қатаң).

Ән: «Әліппе».

4-слайд.  Ана              Бала         Отан           (сөздерін ашу).

  1. Келесі жұмбақты тыңдап көрейік.

Босқа қарап жатпаймын,

Бақша күтіп баптаймын.

Мен кіммін?

Балаларға ең шырын

Балдай қауын сақтаймын.

Кім туралы айтылған екен? Бағбан. Олай болса, бағбан атамызға барып, қауын-қарбыз, асқабақ жинап қайталық.

5-слайд.  Бақшада (қарбыз – сандар 0 1 2 3 4 5, қауын – сандар 5 4 3 2 1 0) сандарды қалай санадық? (тура, кері).

Асқабақ өрнектерді оқу, мәнін табу. Теңсіздіктерді оқу.

5-2          4-3                  5-4                  2+2               3-2

4-3           3+2                   0+5                1+1               3-1  

5>4              3>2            4=4                3<5                2<4

6-слайд. Қауын – қарбыз, асқабақтар араласып жатыр. «Санамақ» айту.

Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар,

                       Алдымнан жел еседі.

                       Кіп-кішкентай ағаштар,

                      Су құйғанда өседі.

7-слайд. Олай болса, «Орманға саяхат» жасап қайталық. Орманда қандай ағаштар өседі? Тал, терек, қайың, шырша, емен. Ал емен ағашы туралы не білеміз?

                                  

Емен. (суретімен).

8-слайд. Емен – ағаш. Шеберлер ағаштан бұйымдар жасайды. Еменнен жасалған парталар мықты болады. Емен ағашына қамқорлық жаса.

9-слайд. Сынып ішіндегі парталар көрінісі.

Парта, парта, партам-ау,

Саған сенім артам-ау.

Оқып, жаза алғаным,

Бір өзіңнің арқаң-ау.

Ән: «Мектеп».

Ал, енді мына жұмбақты тыңдап, шешіп көрелік.

Ағайынды бәрі,

Шықса жасыл,

Түссе сары. (жапырақ).

10-слайд. Олай болса, «Күзгі баққа» барып, жапырақтар жинайық. Жапырақтардың тапсырмалары қандай екен, айтып көрелік.

  1. А дыбысына қандай тақпақ айтасың?
  2. «Торғай» өлеңін айтып көр.
  3. «Р-ға» тілің келе ме? өлеңін айтып көрші.
  4. Бір тілім боп туады,

Күннен-күнге толады.

Дөп-дөңгелек болады

Түнде күлімдейді,

Суда дірілдейді.  (Ай).

  1. «Етікші» өлеңін жазған кім? Айтып бер.

Ал қалған жапырақтарды ән айта жүріп, жинап көрейік. «Төлдер», «Біз өмірдің гүліміз», «Гүлім»  әндері орындалады.

VІ.Қорыту. Флеш-моб. «Қара жорға».

Міне, күзгі жиын-терініміз, сыйымыз осындай. Қатысқандарыңыз үшін, еңбектеріңіз үшін үлкен рахмет.

Категория: Уроки | Добавил: Kairat (30.10.2014)
Просмотров: 886 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика