Суббота, 20.04.2024, 11:56
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Ғ.Жұбанова «Хиросима» балеті (С)

Алматы облысы, Ескелді ауданы
МДШО Қаратал орта мектебінің
музыка пәні мұғалімі
Макипбекова Ғалия Нүсіпқызы

Музыка 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғ.Жұбанова «Хиросима» балеті
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Музыкалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін талдай білуге дағдыландыру, оқушылардың музыкалық білімін жетілдіру
2.Тәрбиешілік: Күрделі классикалық музыка шығармаларына қызығушылығын қалыптастыру
оған шығармашылықпен қарауға бейімдеу
3.Дамытушылық: балардың шығармашылық қасиетін шыңдап, ой-өрісін кеңейту
олардың есте сақтау, музыкалық қабілеттілігін, жан-жақтылығын қалыптастыру, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту

4.САБАҚТЫҢ

типі: түрі: әдісі: пәнаралық байланысы
дәстүрлі жаңа білімді сұрақ-жауап, ән айту, тарих, бейнелеу,
меңгеру музыка тыңдау, тест, география
венн диаграммасы

5. Көрнекіліктер,техникалық құралдар: Ұлы композиторларының суреті, музыка, әндердің партитурасы, қанағат сөздер, тест сұрақтары, венн диаграммасы, телевизор, DVD, «Ямаха»

6.Ұйымдастыру кезеңі: Б.Дәлденбаевтің «Балдырғандар» әнінің әуеніне орындалады
Ал қанеки, балалар, Тыныштықты сақтайық,
Сәлемдесіп алайық, Сұрақтардан қашпайық,
Сабағымызға керекті Даусымызды жаттықтырып
Кітап, дәптер алайық. Ән сабағын бастайық.
7. Дауыс жаттығуы: Б.Дәлденбаев «Балдырғандар» әнін орындау

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылықты ояту. Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады
Ой қозғау: үй тапсырмасын тест, карточка, сұрақ арқылы тексеру
1 топ: Тест
1) Абай қай ғасырда өмір сүрді 2) Абай
а) 18 ғасырда а) ұлы ақын, композитор
б) 19 ғасырда б) әнші, биші
в) 20 ғасырда в) режиссер, артист

3) Абайдың орыс тілінен аударылған әні 4) Абайдың әндері
а) «Айттым сәлем, Қаламқас» а) тез, ойнақы орындалады
б) «Желсіз түнде жарық ай» б) әндете, шын ықыласыммен в) «Қараңғы түнде тау қалғып» орындалады
в) қайғылы орындалады

2 топ: Карточкамен жұмыс
«Желсіз түнде жарық ай» әнінің сөздерін толықтыру

1.Желсіз түнде ******** ай, 2. ****** ағаш жапырағы
******* суда дірілдеп. Сыбдырласып *******.
Ауылдың жаны ******* сай, Көріңбей ******** топырағы,
Тасыған өзен *******. Кұлпырған ****** жер жүзі.

3 топ: Сұрақ-жауап
а) Абайдың музыкалық шығармаларын ата
б) Абайдың басқа шығармаларын ата
«Желсіз түнде жарық ай» әнін орындау

ІІ.Мағынаны тану
Ғ.Жұбанова «Хиросима» балеті
- Ғ.Жұбанова туралы мәлімет: /1927 – 1993/ қазақстандағы қазақ қыздарының арасынан шыққан тұнғыш профессионал композитор.
Композитордың әкесі А.Қ. Жұбанов – қазақ музыкасындағы ұлы тұлға.
Ғ.Жұбанова – көптеген күрделі шығармалардың авторы: «Ақсақ құлан» симфониялық поэма, «Жігер» симфониясы, «Еңлік - Кебек», «Құрманғазы» опералары, «Ақ құс туралы аңыз», «Хиросима» балеттері, сонымен қатар әндері де бар
- Бүгінгі сабақта композитордың «Хиросима» атты балетімен танысамыз. Балет – музыкалық-хореографиялық спектакльдің бір түрі. Латын тілінде «baibo» билеймін деген мағынаны береді. Онда ой, сезім музыка әуендері мен би қимылдары арқылы беріледі. Балет, опера сахнада, арнайы театрда орындалады /бейнесурет көрсету/. Балеттің әдеби мазмұнын либретто деп атайды, балет кіріспеден басталады – оны увертюра деп атайды, кейіпкерлердің жеке билерін ария деп атайды, ариозо деп арияның шағын түрін /үзіндіні/ атайды
Балеттің қысқаша мазмұны: Балет 3 бөлімнен тұрады – оларды көрініс деп атайды.
1945 жылы Жапонияның екі қаласы – Нагасаки мен Хиросимаға
АҚШ атом бомбасын тастады. Бұл оқиға бүкіл дүние жүзін дүр сілкіндірді. Атом бомбасынан мыңдаған жазықсыз адам қырғынға ұшырады. Балетте халық өмірінің көрінісі, басты кеійпкерлердің бейнесі жарқын беріледі. Онда атом жарылысынан анасы мен Юки есімді қызы қаза болған Тайо деген кедейдің басынан өткен оқиғасы бейнеленген. Балеттің оқиғасы жеке бір отбасының тағдыры емес, бүкіл халықтың, жалпы адамзаттың қайғысы ретінде суреттеледі.
Ғ.Жұбанова өз балетінде ең негізгі әуен ретінде жапон халқының «Сакура» /қазақшасы «Шие»/ әнін алды. Шие ағашы көктемде қызғылт түсті нәзік гүлге бөленеді.ән осынау әсем жеміс ағашы туралы. Ол жапондардың күнтізбесінде жыл басталу бейнесі болып саналады. Әнді тыңдау, орындау.
Музыка үзінділері, бейнесурет арқылы балеттің көріністерімен таныстыру.
1 көрініс: Портты қала шетіндегі таңғы мезгіл. Балықшылар мен інжу іздеушілердің салт-дәстүр билері отбасындағы тыныш өмір көрінісімен кезектеседі. Інжу іздеуші Тайоның қызы Юки әкесіне ұзақ жасау мен бақыттың белгісі деп қағаздан жасалған тырнаны сыйлайды. Бала жанының тазалығын білдіргендей нәзік әуен естіледі.
2 көрініс: Су астындағы көрініс – таңғажайып өсімдіктер, бір үйір балық, жарқылдаған медузалар. Кенет жарылыстан кейін сиқырлы пейзаж жоғалып, артынша қара түнек пайда болады. Үлкен симфониялық үзіліс осы болған бүліншіліктің сұмдығы мен ешқандай кінәсі жоқ адамдардың қаза болуын білдіреді.
3 көрініс: Көмір боп күйіп кеткен ғимараттардың ішінде тұғандарын іздеп есі шыққан Тайо жүр. Музыка соғыс құрбаны болған марш – шеруге ұласады. Балетті хор «Реквием» - көп дауысты, қайғылы музыкалық шығармамен аяқтайды.
ІІІ. Венн диаграмасын толтыру:
Опера және балет шығармаларын салыстыру: ұқсастығын, айырмашылығын

ІV. Қорыту: Сол қасіретті оқиғадан кейін де талай жылдар өтті. Жыл сайын атом жарылысы болған қасіретті күнді бүкіл жапондар еске түсіріп, атап өтеді. Бомбаның зардабынан қырылғандарға Хиросима мен Нагасаки қалаларында ескерткіш қойылған.бұл күні жапон балалары қағаздан бейбітшілік құсы деп саналатын тырнаны жасап, дүние жүзінің бар халқына бақыт, ұзақ өмір, бейбіт тілейді. Хиросима қайта қалпына келді, қазір ол ең әдемі қалалардың бірі болып саналады. Дегенмен баяғы атом бомбасының жарылыс дүмпуі бүгін де естілгендей болады, тіпті ол біздің Қазақстан жерінде де сезіліп қалады.
Сен Семей жеріндегі атом жарылысы болған полигон туралы естідің бе? Ол жергілікті халықтың өміріне, сол жердің табиғатына орасан зор зақым келтірді. Жарылыс жер астында жүргізілгенмен, радиоактивті сәулелер қоршаған табиғатқа, жан-жануарларға, ауа ме суға тарады. 1989 жылы қазақстандықтар өткізген «Семей -Невада» қозғалысы Семейдегі полигонды жапты. Осындай тарихи жағдайларға байланысты әлемде түрлі әндер шықты.
Сол әңдердің бірі А Жұбановтың «Ақ көгершін» әні бейбітшілік, бақыт, көктемгі күн сияқты жарқын сәтті суреттейді. Ақ көгершін өзінің қанатымен бізге бақыт әкеледі.
Көгершін- көп халықтарда бейбітшіліктің рәмізі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады.
А.Жұбанов «Ақ көгершін» әнін жаттау
V. Қайталау: кроссворд шешу
1. Кіріспе /увертюра/
2. Музыкалы-хореографиялық қойылым /балет/
3. Операдағы, балеттегі жеке ән, би /ария/
4. Ғ.Жұбанованың балеті /Хиросима/
5. Балет қандай шығармамен аяқталады /реквием/
VІ. Эссе: ақ қағаздан көгершіннің силуэтін қиып бір-біріне, қонақтарға жақсы тілек жазу
VІІ. Бағалау: оқушылар бір-бірінің жауаптарын талдай отырып, бағалайды.
VІІІ. Үй тапсырмасы: 68-73 бет оқу, әннің сөзін жаттау, сурет салу, бейбітшілік туралы 1 шұмақ өлен шығару

Категория: Уроки | Добавил: Bahitgul (08.03.2015) | Автор: Макипбекова Ғалия Нүсіпқызы E
Просмотров: 3461 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика