Суббота, 20.04.2024, 11:33
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

"Жануарлар әлеміне саяхат"
Батыс Қазақстан облысы,Теректі ауданы,
Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің
биология пәнінің мұғалімі.
Бақтыбаева Гүлайым Талғатқызы

Сабактың тақырыбы: "Жануарлар әлеміне саяхат"
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі : жануарлардың өмірдің бір бөлігі екенін, маңызын түсіндіру.
2.Тәрбиелігі: жануарларды күтіп, баптауға тәрбелеу .
3.Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа деген қызығушылықты арттыру.
Сабақтың типі: Ойын сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың өткізу әдісі: көрнекілік, сөздік
Сабақта қолданылған көрнекіліктер: құстар мен балықтардың суреттері.
Сабақтың барысы:
Сыныпты балықтар және құстар деп екіге топқа бөлдім.
Әр топ өзінің ұранын айтады.

1топ.Құстар тобы
Ей, адамдар, Жер-сенің аяулы бесігің,
Осы жер үстінде аштың сен тіршіліктің есігін.
Оныменен кіндіктес жаның да, қаның да,
Жер жаһанда аялап алақанда.

2топ. Балықтар тобы
Біздің ұран!!!
Білместік жасаған тірілер атынан,
Кешірім сұраймыз жас ұрпақ атынан!
Топтасайық! Достасайық, бәріміз,
Осыменен бағаланар біздің ұят арымыз!

I.Жұмбақ сайысы

1. Құстар тобына
1.Апан-апан,
Ескі шапан. Иір қобыз,
Жарық жұлдыз. (Түйе)

2.Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

3.Асты тас, Үсті тас, Ортасында жанды бас. (Тасбақа)

4. Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз,баптаймыз.
Бейбітшілік құсы,- деп,
Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)

2.Балықтар тобына

1. Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

2.Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады. (Мысық)

3. Өзі бір қу
Жүрген жері айқай мен шу.(түлкі)

4. Қыс бойына жатады
Тәтті ұйқыға батады.( аю )

II.Өмірде жоқ жануар ( Әр топтан бір оқушыдан шығып, өмірде жоқ жануардың сурет салады )

III.Эстафета ( бір оқушы жануардың атын айтып, екіншісі сол айтылған сөздің соңғы әріпінен келетін сөз бастайды).

IV.Кім біледі? (Екі топқа сұрақ қойылады.)

Құстар тобына сұрақ.

1.Жануарларды зерттейтін ғылым?
(зоология)

2.Қоянның баласы?
(көжек)
3.Амебаның қозғалу мүшесі
(жалғанаяқтары)
4.Қасқырдың баласы
(бөлтірік)
5.Құстарды зерттейтін ғылым саласы?
(орнитология)
6.Аюдың баласы?
(қонжық)

Балықтар тобына сұрақ

1.Балықтарды зерттейтін ғылым?
(ихтиология)
2.Жылқының баласы.
(құлын)
3.Балықтардың тыныс алу мүшесі?
(желбезек)
4.Сиырдың баласы.
(бұзау)
5.Ең қауіпті акула?
(сұр акула)
6.Қойдың баласы.
(қозы)

V.Мақал-мәтелді жалғастыр

Құстар тобына
1.Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.

2.Екі қошқардың басы
Бір қазанға сыймас.

3.Қойшы көп болса,
Қой арам өледі.

4. Семіздікті қой көтерер.

Балықтар тобына

1.Қойшының қызы, қой келгенде таранады.

2.Айдағаның бес ешкі,
Ысқырғаның жер жарады.

3.Көрмес түйені, де көрмес.

4.Нар жолында, жүк қалмас

VI. Буклет құрау. (бірінші топ балықтардың суретін, екінші топ құстардың суретін пайдаланады.)
Категория: Уроки | Добавил: NBA (20.02.2015) | Автор: Бақтыбаева Гүлайым Талғатқызы E
Просмотров: 1353 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика