Среда, 24.04.2024, 14:06
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Жусан иісі
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Жусан иісі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: мәтіннің идеялық мазмұнын аша отырып, жазушы С.Мұратбековтің өмірінен мағлұмат беру. Оқушыларды мәтінді дұрыс түсініп , мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
2. Дамытушылық мақсаты: сын тұрғысынан ойлау, білігін дамыту, шығармашылық жұмыс істеу , өз ойын іріктей айтып, дәлелді сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: төзімділікке , қайраттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білім меңгерту.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері : сын тұрғысынан оқыту технологиясының әдістері.
Стратегиялары: бес жолды өлең, әңгіме, хат жазу.
Көрнекілігі: сурет, жусан өсімдігі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.
1) Қызығушылықты ояту.
«Болайықшы осындай» әнімен сабақты бастау.
2) Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмен
Байыптап жақсы оқысаң,
Негізі менде білімнің.
- Иә, ана тілімізді байыптап оқысақ, ол біздің тарихымыз, мәдениетіміз. Оларды терең білу-әр адамзаттың міндеті.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Үйге «Шығыс шынары» мәтінін берілген.
- Әңгіме кім туралы?
- Әлия Молдағұлова туралы не білесің?
- Әңгімеде Әлияның қай кезі баяндалған?
- Әлияға мінездеме бер.
- Оқушы Әлия мен батыр Әлияның арасында қандай байланыс бар деп ойлайсың?


Бұл майдандағы жағдай ауылдағы жағдай қандай болды?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Сөзжұмбақ шешу.
1. Фашизмнің ордасы рейстагқа ту тіккен адам?(Рақымжан)
2. Мәншүктің қаруы.(пулемет)
3. 1941 жылы не басталды?(соғыс)
4. Қай айда соғыс басталды?(маусым)
5. 19 жасында медицина институтында оқып жүріп, жауға аттанған қыз кім?(мәншүк)
6. 17 жасында Ұлы Отан соғысына аттанған қыз кім?(Әлия)
7. 9 мамыр қандай мейрам?(жеңіс)
8. Мәншүктің шын аты?(Мәнсия)
9. Біз нені қалаймыз?(бейбітшілікті)
Тігінен қандай сөз шықты? Жусан иісі.
- Ендеше, бүгін біз С.Мұратбековтің Жусан иісі мәтінімен танысамыз.
2. Дәптерімізді ашып жазу.
3. Тірек сызба.


4. Жусан – біздің елімізде жусан көрмеген, жусан иісін иіскемеген, жусан жеген малдың сүтін ішпеген бала кемде-кем болар. Өйткені, жерімізде жусан көп. Оның Қазақстанда 81 түрі бар, ал дүниежүзінде 500-дей түрі белгілі.



Сәйкестендіру.
Жусан ағаш
Емен бұта
Шеңгел шөп
Оқулықпен жұмыс.
- мәнерлеп оқу,
- түртіп алу жүйесі
5. Тізбектеп оқу.
Сергіту сәті. Тыныштық сәті. Әуен ойнау.
6. Мәтін бойынша сұрақтар.
А) Бұл қай кезде болған оқиға?
ә) Ұлы Отан соғысы балалардың өміріне қалай әсер етті?
Б) Аян қаралы қағазды алғанда не істеді?
В) Неге көрсетіп жыламады?
Г) Балалардың Аян кеткеннен кейін көңіл-күйлері қалай болды?
Д) Егер автор өздерің болсаңдар, бұл әңгімені қалай аяқтар едіңдер?
Е) Негізгі ой қандай?
Ж) Бұл әңгіме сендерге қандай сезім тудырды?
З) Бұл әңгіме неліктен «Жусан иісі» деп аталған?
И) Тағы қалай атауға болады?
8. Сонымен, Аян қандай бала?
9. Топпен жұмыс.
1 топ. Қайсарлар.
2 топ. Төзімділер
3 топ Қайраттылар.
Ой толғау. Құрылған топтарға осы тақырып аясында сұрақ беру.
1 топ. Бес жолды өлең.
2 топ. Әңгімені аяқтау.
3 топ. Аянға хат.
10. Алгоритмдік схема бойынша жұмыс.

10. Біз қазір бейбітшілікті қа

11. Біз қазір бейбітшілікті қалаймыз.Ендеше , «Әрқашан күн сөнбесін»
әнін қазақ, орыс тілінде шырқау.
IV. Үйге: оқып, әңгімеге жоспар құру.
V. Бағалау.
Категория: Уроки | Добавил: Бердибековна (12.11.2014) | Автор: Бибизада E
Просмотров: 1121 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика