Білім беру саласы: Таным Бөлімдері: Экология Тақырыбы: Үй жануарлары. Мақсаты: Білімділік:Балаларға үй жануарларының неліктен үй жануарлары деп аталуын түсіндіру. Дамытушылық: Олардың аттарын атап және дыбыстарын салуға үйрету. Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреті,жануарлардың ойыншығы. Кіріспе: Балалар шеңбер болып тұрып,қимылмен таңмен амандасады. Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты. Негізгі бөлім -Балалар, мына суретке қараңдаршы,не көріп тұрсыңдар? Балалар жауабы: Сиыр,жылқы,қой,ешкі. Дұрыс айтасыңдар, сиыр,жылқы,қой,ешкіні –төрт түлік мал деп атаймыз. Себебі балалар,оларды үйде яғни қорада баққан соң, үй жануарлары деп аталады. Сендердің үйлеріңде сиыр,жылқы,қой,ешкі бар ма? Балалар жауабы: Біздің үйде сиыр бар,бізде қой бар. -Балалар,сиыр бізге сүт,айран,ірімшік береді.Сендер сүт,айранды ішіп жүрсіңдерме,оның дәмі қандай? Балалар жауабы: Ішеміз, сүт,айран тәтті. Балалар,бір дауыс шығады ненің дауысы екен, тыңдайықшы? Үнтаспадан сиырдың дауысы шығады. -Балалар бұл ненің дауысы? Балалар жауабы: Сиырдың. Келесі қойдың, жылқының дауыстарын тыңдату. Балалар жануарлардың дауысын танып және өздері де сол жануарлардың дауыстары мен қимылдарын салады.
Бұлтиып тұр бүйірің Қай өрістен тойдың.
Ойын: «Дұрыс тап» Шарты: үстел үстіне жануарлар мен құстардың ойыншықтарын қою. Аты аталған жануарды тауып,үстел үстінен алып, бөлек тұрған жануарлардың қасына апарып қою.
Қорытынды: Балаларды мақтап, оқу іс-әрекетін аяқтау.
|