Пятница, 29.03.2024, 15:23
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 946
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Январь » 26 » ТҰЛҒА ҚАСИЕТТЕРІН ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ІСТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
08:22
ТҰЛҒА ҚАСИЕТТЕРІН ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ІСТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Автордың аты-жөні: Құнанбаева Жанар Жантуреевна
Мекеме атауы: Сәтбаев қаласы ,
«№7жалпы орта білім беретін мектебі»КММ[b]

Тұлға қасиеттерін отбасындағы тәрбие істерінің жүйесі арқылы
қалыптастыру.

«Бала дегеніміз – «бау-бақша»,
олай болса, оны күтетін адам
болуы керек, әйтпесе оның
жемісі де болмайды»
Р.М.Қоянбаев

Қазіргі заман қойып отырған талаптардың бірі – жан-жақты үйлесімді дамыған ұлттық тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі кезде болып жатқан еліміздегі түбегейлі өзгерістер тұлға құрылымынның дамуына психологиялық тұрғыдан жаңа сипатта қарауды қажет етеді. Қай қоғамда болмасын жас ұрпақты тәрбиелеу ерекше қамқорлықтағы міндет болып табылады.
Жаңа ғасырдағы Қазақстан елінің үміт артар келешегі бүгінгі ұрпақ десек, оларды жан-жақты, уақыт талабына сай білімді, мәдениетті, интеллектуалды азамат етіп шығару ұстаздар алдындағы зор міндет екендігі айтпаса да түсінікті. Ұстаз болу –қашанда абыройлы да жауапты іс. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың басты мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізінде оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғыдан білімді, сауатты, тәрбиелі, өз ойын дұрыс, әрі шебер жеткізе білетін, мәдениетті тұлға. Заман талабына сай тұлға қалыптастыру жолдары қандай?
Қазіргі жас ұрпақтың болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін, мінез-құлығын, ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басқаруды нығайтып, ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың тәлім- тәрбиенің мәні зор.
Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін» дегендей, мектеп пен отбасы арасында ынтымақтастық болуы тиіс.Сондықтан бүгінгі қоғамның ұстаздар алдында қойып отырған басты міндеті, артар жүгі – саналы тәрбиені сапалы білім берумен ұштастыру. Өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған, өмірге икемделген тұлға қалыптастыру тәрбие рпоцесіндегі басты мақсат болып табылады. Мектепте, оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді. Соған сай қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, техникалық, шығармашылық, т.б. іс-әрекеттерді үйрету, кез келген үйірмеге, секцияға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін, яғни өзіндік «менін» басқаларға танытуға мүмкіндік алады.
Алайда мектеп өмірінде мінез-құлқы алуан түрлі балалар кездесетіні белгілі. Әлеументтік жағдайға және отбасындағы белгілі бір себептерге байланысты, кей жағдайда оқушының психикалық ерекшеліктеріне байланысты «қиын бала» саналатын оқушылар кездеседі.
Адамтану ғылымының күре тамыры – тәрбиеден кішкентай ғана қателік кетсе, онда еңбегіңнің еш кеткені. Сондықтан балаға дұрыс қарауымыз керек. Балаға дұрыс қарау дегеніміз – бала өзін кішкентай әлі өмір тәжірибесі, білімі аз болғанымен, оны адам деп құрметтеу, оның ересектер назарында болуы, олармен қатынас жасау, алуан түрлі іс-әрекет үшін өзіне жағдай туғыздыру құқысын қадірлеу деген сөз. Жалпы адам табиғаттың ең бағалы туындысы болса, білімді, тәрбиелі адам – қоғамның ең қымбат байлығы. Ғұлама ғалым әл- Фараби, «Тәрбиелі адам – қоғамның байлығы» деген.
Қазақ халқы «Отан отбасынан басталады» дейді. Олай болса, отбасы тәлім-тәрбиенің негізгі көзі, түп қазынасы. «Қанша заман өтсе де бабаларымыздың мол тәжірибесіне, тағылымы мен дәстүрлеріне және отбасы тәрбиесінің негіздеріне сүйене отырып, әке мен ана, ата мен әже ұрпақтың шын азамат болып өсуіне қамқорлық жасаған» - дейді көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз Р.М.Қоянбаев. Отбасы тәрбиесі – ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын, қоғамдық тәрбиемен ұштасып отбасындағы бала тәрбиесі, отбасы өмірдегі қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға үзіліссіз ықпал етуші тәрбиелік күш болып табылады. Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиенің табысты болуы ата-аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Қазіргі кезде жас өспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылық көп белең алып келеді. Ғылыми тұрғыдан зерттегенде, дәл осы балалардың оқуға қызығушылығы жоқ екені, олар мектепке де, үйге де сыймай, мұғалімдердің берекесін кетіріп, олардың басым көпшілігінен заң бұзушылар мен қылмыскерлер шығатыны бұрын да дәлелденген. «Қиын » оқушының пайда болуына себепші факторларды былайша жіктеуге болады.
1- сызба



Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы

Баланың денсаулығының нашарлауы

Отбасындағы материалдық жетіспеушілік


Баланың психологиялық ерекшеліктерін ескермеу

Ата-ана мен мектеп тәрбиесінің алшақтығы


Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарында кеткен кемшіліктер

Ортаның ықпалы

Толық емес отбасы

Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс- талас, дау-жанжал, баланың психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, маскүнемдік, ата-ананың біреуінің болмауы, материалдық жетіспеушілік, баланың денсаулығының нашарлауы, көшедегі жолдастарының ықпалы, мектептегі оқу- тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер т.б. жағдайлар негізгі факторлар болып табылады.
Қазіргі кезде мектепте бала өрескел қылық жасаса, тәртіпсіздік көрсетсе кінәні ата-аналар мұғалімдерден, тәрбиешілерден көреді.Баланы материалдық жағынан қамтамасыз етеміз деп ата-аналар күні бойы маңдай терін төгіп, жұмыс істеп, балаларының ешкімнен кем болмағанын қалайды. Алайда қараусыз қалған балалар тез еліктегіш және жаман қылықтарға да бейім келеді.Әдетте балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Балалар ата-ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, олар «ертеңгі күннің қуанышын» жоғалта бастайды. Сондықтан олар өз отбасында алмаған жылылық пен қайырымдылықты сырттан, көшеден іздейді. Қазіргі таңда өте бай отбасылардың пайда болуы, ондағы баланың кез келген баланың сұранысын сол мезетте қанағаттандыру, үй шаруасына қатыстырмау – баланың өзімшіл , жалқау болып қалыптасуына әкеліп соқтыратынын кейбір ата-аналар ескере бермейді. Ал, кейбір ата-аналар өз балаларының немен айналысып жүргендерімен ісі жоқ, баласының бос уақытында не істеп жүргенін, қайда барып, немен шұғылданып жүргенін білмейтін ата-аналар қаншама және оны өзінің міндеті деп санамайды. Отбасында бірін-бірі сыйлау, кішіпейіл болу, қамқоршы болу, бірлесіп еңбек ету т.б. игі дәстүрлер қалыптасқан болса, ол ортадан қоғамға қарсы тұратын тәрбиесіз бала шығуы мүмкін емес.
2- сызба



Ұстаз бүгінгі күнге ғана емес, ертеңгі болашаққа қызмет істейді.Сондықтан мектептегі оқу- тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда, тұлға қалыптастыруда оның тәні мен жанын қатар дамыту, танымдық қызығушылығын дамытудың әдіс-тәсілдерін іздеу, анықтау, жүйелеу, дұрыс қолдану керек. Әр оқушының мінез ерекшелігіне байланысты адамгершілік сынды тәжірибелерді құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру керек. Өйткені, ұстаздардың ең басты негізгі міндеті – оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, ізденуге, еңбек ете білуге үйрету, тәрбиелеу, баланың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту болып отыр. Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, балалармен мынадай әдістермен жұмыс істеу керек.
3- сызба



Баланың бойында жағымсыз сипаттар көрініс берсе, оларды тежеп, шегеріп, ұнамды бағытын дамытып отыру қажет. Баланың ойлау қабілеті дамыған сайын әрбір нәрсенің мәнісін түсініп, мақсат таңдайды., терең түсініп, шешімге келеді. Баланың талаптануын, ар-намысты болуын, дүниетанымын дамытып, өрістетіп отыру әрбір ата-аналардың, мұғалімдердің жалықпай жұмыс істеп, ұстаздық ісін барынша шыңдай берулерін қажет етеді. Тәрбие тал бесіктен басталатынын ескере отырып, мектеп ұжымы - ата-ана – мұғалім – оқушы арасындағы байланысты үзбей еңбек етуде.
ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры. Олай болса, ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді қастерлейтін, ертеңгі Қазақстанның тізгінін ұстайтын, өмірдің әр түрлі мәселелерінен хабардар, кез-келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы азаматтарды осы бастан тәрбиелеуіміз керек.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Бастауыш мектеп , №12 2009ж
2. Әлеументтік педагог, №5 2010ж
3. Қазақстан мектебі , №11 2010ж
4. Мектеп директорының орынбасары, №6 2009ж
Просмотров: 1269 | Добавил: Zhanar | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика