Суббота, 21.12.2024, 18:03
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2012 » Ноябрь » 30 » өзім жазған өлеңім
23:02
өзім жазған өлеңім
Ой - толғау.

Авторы: Мәнсия Сәбікенқызы Әбжанова. Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Маки орта мектебі.

Туған жерім, кең байтақ, ұлан-ғайыр
Елбасшысы Отанымның Назарбаев
Нұрсұлтандай еріміз ұстап тұрған
Болашағы Қазақстанның бар ғажайып.

Атап айтсақ, мың тоғыз жүз тоқсан бірде
әртүрлі өзгерістер болды елде
Кемеңгер, аса ойшыл Президентім
Тәуелсіздік мәртебесін алды елге.

Қазақстан егеменді, тәуелсіз ел
Пайдалы қазбаларға толы әр жер
Шықты ғой талай қазақ ғұламалар
Ән айтып көшіп жүрді сал-серілер.

Содан бері 21-жыл зулап өтті
Бейбітшілік, бірлікке Отан жетті.
Шекаралас болып кейбір елдермен
Көрінбейді бір шетімен жер беті.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл болды
Мәртебесі көтеріліп нұр қонды
Ұзақ өткен кезеңде еей, қазақтар
Таза тілмен сөйлейтін уақыт болды.

«Туған тілім. Тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы»-
Деп жырлаған Тәжібаев Әбділда
Өз пікірін болып тұрған бойдағы.

«Тіл жоқ жерде-ұлт жоқ» деді Шыңғыс ата
Жоғалтпай ұстауға тілді берді бата
Өркендеген мемлекеттің ана тілін
Ұмытсақ кетеді ғой бізден қата.

Тіл деген қай халықтың болмасын
Қазағымның туған тілін қолдасын
Кешегі, бүгінгі, ертеңгі ел тағдыры
Екендігін Момышұлы жазғансың.

Елбасшымыз біздің де былай жазды
Тіл туралы білімін терең қазды.
«Қасиет пен қазына жоқ тілден артық»
Деген ойын білсін деп көпті-азды.

Тіл жайында нақыл көп айта берсек
Әрбір сөзді ақылмен ойға түйсек.
Құдіретті тілімнің сәні кетпес
Мақтанышпен қашанда сөйлеп жүрсек.

Іс-қағаздар, құжаттар бәрі міне,
Жазылуда тек қана қазақ тілде
Көтеріпті мәслихат жиналыста
Болмау керек орысша құжат мүлде.

Деп Сенат, Депутаттар қойды сұрақ
Орыс тілі ресми тіл ғой бірақ.
Сондықтан да мекеме, ұйымдарда,
Қазақ тілін үйрену өтіп тұрат.

Тәуелсіздік мейрамы құтты болсын.
Еліміз жетістікке күнде толсын.
Барлық ұлттар бейбіт,қызық өмір сүріп
Қазақстанға тыныштық құсы қонсын.

«Ана тілім-тұғырым» бола берсін,
Болашағым бейбітшілік нәрін сезсін
Пайғамбарым бір Алла тірек болып
Нұрсұлтан ағамызға төзім берсін.
Просмотров: 1471 | Добавил: mansiya | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика