Главная » 2013 » Апрель » 24 » Ауа, Су, Күн – адамның досы
08:00 Ауа, Су, Күн – адамның досы |
Шарапат Гүлжан Қызылорда қаласы, №264 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі
Пәні: әдебиеттік оқу Сыныбы: 2
Пәні: әдебиеттік оқу Тақырыбы: Ауа, Су, Күн – адамның досы. Мақсаты: Білімділік: мәтіндегі негізгі ойды түсіне отырып, оның мазмұнын жүйелі әңгімеулеуге үйрету, оқу дағдыларын жетілдіру. Дамытушылық: сөздік қорын, білім құмырлығын, ойлау қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту. Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамдыққа, адамгершілікке баулу, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақ әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, топтық әдіс, жеке көрнекілік әдістері. Пәнаралық байланыс: дүниетану. Көрнекіліктері: сюжетті суреттер, нақыл сөздер, оқулық, жұмбақ, ертегіге байланысты суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй жұмысын тексеру. Ертегі «Кім күшті?» а) Көрініс. ә) Сұрақ-жауап: -Ең мықтысы кім болды? Құмырсқа – еңбекқор, адал еңбегімен өмір сүретін жәндік. ІІІ. Жаңа сабақ. 1) Психологиялық тренинг «Шалғын мен орман» Қолдарыңды еркін тізелеріңе қойып, көздеріңді жұмып, жайлы отырыңдар. Менің айтқанымды ғана тыңдап отырыңдар. Менің дауысыма зейіндеріңді тұрақтандырыңдар. Үш рет терең дем алып, баяу дем шығарыңдар. (баяу әуен ойналып тұрады) Ал енді көзіңді жаймен жұмып, өзіңді күн сәулесінен жарқыраған шалғында елестет. Күнге қара. Екі көзіңді аша алмай, бір көзіңді қысып қана қарай аласың. Айналаңдағы дыбыстар сені аялайды. Мына иіс қандай керемет! Бұл гүлдердің иісі ғой. Олар көздің жауын алады. Әдемі гүлдер, самал жел. Қандай жұпар иіс пен таза ауа. Сен осы шалғын арасындағы жолмен келе жатырсың. Алдыңда сылдырап аққан судың дыбысын естідің. Дереу суға түскің келіп кетті. Бірақ су мұздай екен. Таза ауа жаныңды рахаттандырып барады. Құстардың дауысы жанымызға тыныштық береді. Жеңіл және еркін демал. Көңіл күйлерің сергек және қуанышты. «Үш» дегенде көздеріңізді ашыңдар. Көздеріңе елестеткен табиғатты суреттеп көріңдер және алған әсерлерің жайлы айтыңдар. 2) «Табиғат тынысы – жан ырысы» - дегендей, табиғат деген не? ауа су күн
қоршаған орта өлі
Табиғат дос тірі адам жануар өсімдік Ендеше, тірі және өлі табиғаттың арасындағы байланыс туралы не айта аласыңдар? Бүгінгі сабағымыз өлі табиғаттың адам ағзасына тигізер пайдасы жөнінде болмақ. Сондықтан алға қояр мақсатымыз: осы факторлар жайлы жазған М. Шомбаловтың шығармасымен таныса отырып білімімізді тереңдету, топтық жұмыс істеу дағдымызды қалыптастыру. Автор туралы түсінік беру. Шомбалов Мәжит Мұхамеджанұлы 1873 жылы Орал облысының Казталовка ауданында дүниеге келген, гимназияда оқыған. 1899 жылы Қазан университетінің медицина факультетін бітірген соң 1903 жылға дейін Ордада оба ауруына қарсы жұмыс жүргізетін медициналық мекемеде қызмет атқарған. Шомбалов М.М денсаулық сақтау саласын ұйымдастыруға, емдеу сауықтыру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, оба ауруының алдын алу, індетті зерттеу жұмыстарына зор үлесін қосқан. 3) Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Тренинг «Ауа, су , күн» Ауа – 2 қолды сыртқа қарай желпу. Су – 2 қолды төмен желпу. Күн – 2 қолды жоғары желпу. Хормен: Ауа, су, күн – адамның досы. - Өте жақсы балалар. Мен сендерге енді жұмбақ оқимын, мұқият тыңдап, жауабын айтыңдар. Ауа, су және күн жайлы жұмбақтар шешіліп, шешкен топ, сол атпен аталады. Жылт- жылт етеді, Жылғадан өтеді. (Су) Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. (Күн) Түсі бар көрінбейтін, Біртұтас бөлінбейтін. Тынысы ол тірліктің, Ешқашан жерінбейтін. (Ауа) - Сонымен, бүгін сабақта сынып үш топқа бөлінді. 1 топ – Ауа 2 топ – Су 3 топ – Күн Көрінбейтін сиқыршы әңгімесі Жер бетінде көрінбейтін сиқыршы бар.Оның әркім әркез кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің де, бірақ маңайда екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты, терезені ашты. Көшеде жүріп бара жатырсаң,жапырақтың жұлынып түсіп, жоғарылай жөнелгенін көресің. Оны көрінбейтін сиқыршы алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көрмейсің де.Күнделікті ісі, мінез-құлқы бізге таныс. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. Онсыз сен дем ала алмайсың, тіршілік болмайды. -Бұл не? -Ауа -Ауа жайлы не білесіңдер? 1-тапсырма. Ауа, су, күн туралы не білесіңдер? Ойланып көрейік. Әр топ өз атына байланысты асоциация құрайды. Жарық жылу тазалық өзен Күн Су
дәрумен жұлдыз сусын жаңбыр
демалу оттегі Ауа денсаулық өсімдіктер Әр топ өзінің атын қорғайды. 2-тапсырма. Балаларға мәтін таратылып береді. Мәтінді оқып, жұпта, топта талдап жариялайды. Балалар түсінгендерін айтады. 3-тапсырма. - Ауа, су, күн – тіршілік көзі. Оларсыз өмір жоқ. Ұшқан құсқа да, өскен өсімдікке де, тірі жануарларға да, адамға да өте қажет. Тірек сөздерден әңгіме құра. І топ. «Ауа» тақырыбы жайлы ВЕНН диаграммасын құраңдар. Таза ауа - адамның көңілін көтереді, шаттандырады. Серуендеген жақсы. Лас ауа - денсаулыққа зиян, адамның ішінен шығатын дем, шеккен шылымның, жуған киімнің, пісірген астың иісі қосылып үйдің ауасын бұзады. ІІ топ. Сызбаны толтырыңдар: шомылу, құйыну, жүзу Су ас сіңірту дене шынықтыру ІІІ топ. Тірек сөздерді қолдана отырып, әңгімеле. Күн, ауа, зиянды, өлтіруші, тазартушы, микроптар, пайдасы көзінің. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу. Оқушыларға кезектесіп мәтінді оқыту. Сұрақ-жауап: - Бөлменің ауасы неліктен бұзылады? - Таза ауада серуендегенде адамның көңіл күйі қандай болады? - Мәтінде басқаша қалай айтуға деп ойлайсың? Сурет бойынша нақыл сөздер құра. І топ. (қылыш) - Ауада қылышпен екпе. ІІ топ. (құдық) - Су ішетін құдыққа түкіруге болмайды. ІІІ топ. (күнге қарап тұрған бала) - Күнге қарап түкіруге болмайды. Тапсырма. Мұғалім: - Бұл өмірде ауа, су, күн болмаса не болады деп ойлайсыңдар? Оқушылар өз пікірлерін стикерге жазып, тақтаға жапсырып оқып шығады. ІҮ. Қорытынды. Тақтада «Табиғатты аялайық» атты газет шығарып, қорытындылаймыз. Газетті мақал-мәтелдер құрап, толтыру керек. І топ. көз, тіршілік, күн. ІІ топ. ІІІ топ. бар, ырыс, су, бар, жер. Сабағымызды табиғат жайлы алдарыңа берілген өлеңдер, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздермен жалғасын тауып аяқтасақ деймін. І топ. Табиғатсыз адамның күні жоқ, Бұны айтуға табиғаттың үні жоқ.
ІІ топ. Табиғатта сезім бар, құлақ та бар, Ренжітсең, күрсініп, жылап та алар. Аяласаң, жаныңа шуақ тамар, Қажығанда бойыңа қуат болар. ІІІ топ Табиғат пен адамның мінезі де ұқсас. Табиғат не төксе, бар әлем құрпырып жүре береді. Ү. Үйге тапсырма. Мәтінді оқу, мазмұнын айту ҮІ. Бағалау
|
Просмотров: 9851 |
Добавил: Абдигапбар
| Рейтинг: 3.0/3 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|