Ақтөбе қаласы
№ 26 орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жұмағалиева Гүлфара Ұланқызы
ҚОШ КЕЛДІҢ, НАУРЫЗ!
Мақсаты:
1. Қазақ
халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт - дәстүрін,
наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2.
Оқушылардың ойлауын дамыта отырып, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
3.
Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт - дәстүрін
қастерлеуге, оларды сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Буклет, шарлар, қанатты сөздер, үнтаспа, көрме, қазақтың үйінен көрініс.
1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар!
Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен
көктемгі мерекесі, жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару
мерекесі, бүкіл әлемге береке-бақыт пен бейбітшілік дарытатын Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз
құтты болсын! Осындай даналықтың ұлы мейрамы Наурыз, мінеки бізге де келіп
жетті. Ендеше, төрлет, елімізге құт-береке дарытатын әз-Наурыз!
Наурыз
келді, көктем келді ағайын,
Жадырайды, жаңғырады маңайым.
Назды, сазды науан
Наурыз, армысың?
Сұлу мүсін саған біткен
бар мүсін.
Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,
Сен келдің де ғаламшарды
жайнаттың.
Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше
Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың,- дей отыра,
осы Наурыз мерекеміздің құрметіне арналған өзіміздің «Атамекен ауылында» болып жатырған мерекелік шараға қош келдіңіздер!!!
2 –жүргізуші:
Дорогие наши гости,
друзья! С праздником весны и радости! Пусть весенний день Наурыз принесет вам
благо и изобилие! По восточному календарю – 22 марта первый день Нового года.
Наурыз – праздник добра. весны и чистоты. Праздник Наурыз символизирует
равенство людей, свободу, демократию, праздник уважения к старшему, любви к
младшему. Слово для поздравления предоставляется нашему гостю ________________________________________
Қазақша би 10 А класс оқушылары
1 - жүргізуші:
Наурыз
келсе,
Құт
келгені халайық
Есік
ашып шашу шашып
Ел
боп қарсы алайық!!! (Шашу шашылады)
1 - жүргізуші
Қош
келдің жас Наурыз жылдың басы,
Батаңды бер, жарылқа жыл
мырзасы.
Әумин деп қол жайдық әз
ақсақал,
Бата сұрап өзіңнен Қыдыр
баба!
Қыдыр ата
Жаңа
жыл бақыт жылы болсын,
Күніміз
ұлысты болсын.
Жеріміз
ырысты болсын
Дастарқаның
мол болсын
Абыройың
зор болсын!
Төрт
түлік ақты болсын!
Ұлысты
бақты болсын
Қайда
барса жол болсын!
Еліміз,
жеріміз тыныш болсын!
Тәуелсіздігіміз
берік болсын!
Қазақстан
Республикасы бәсекеге қабілетті
50
елдің бірі болсын! Әумин!!!
2 - жүргізуші
Игра на внимание. Если
согласны, то хлопайте. Если не согласны, то топайте.
-
Наурыз – праздник для всех казахстанцев.
-
Национальное блюдо казахов – хачапури.
-
Наурыз это новый год по восточному календарю.
-
Национальное жилище казахов – юрта.
-
На масленицу пекут бауырсаки.
-
Степной цветок Казахстана – тюльпан.
-
Верблюды едят колючки.
-
Казахи – гостеприимный и дружелюблый народ.
-
Бешбармак едят французы.
-
Кумыс готовят из молока коровы.
- Бәйге
национальная игра казахов.
-
Наурыз – праздник мира, дружбы и весны.
1-жүргізуші
Жарайсыздар!!!
Желпіген
аққу құстың қанатындай,
Бақ
келіп үйлерге қонатындай.
Қасиетті
наурыз тойы пәктігінің,
Тойы
деп айтуға да
болатындай (
Беташар салтынан көрініс)
2 – жүргізуші
Жыр
сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік,
қадіріңді білдік пе!
Құтты
болсын Ұлыс күні жұмылдырған
Бәрімізді
ынтымақ пен бірлікке!
1- жүргізуші
Қазақтың
тойы, мерке-мейрамы балуандар күресінсіз, күш сынасусыз өтпеген. Қазір
балуандар күресін өткізбесек те, білек сынастырып, жігіттеріміздің мықтысын тағайындайық. Ортаға батыр жігіттерімізді шақырамыз.
1.
9 б класы мен 9 г класы
2.
6 г класы мен 7 в класы
3.
10 А мен 9 кластар арасынан
ұтқан команда шығады
Қазақ халқының ұлттық ойыны «Білектесу»
2- жүргізуші
Қүрманғазы
күйінің күмбірлеген
Төгіледі
әуені сізге деген
Толқиды
домбырадан шыққан күй
Жырлайды
қазағымның сырын шертіп,
Назды
әуен, сырлы сезім, сиқырлы күй, - дегендей
қазақ халқының тамаша музыкалық аспаптарының бірі – домбыра. Қазақ халқы
домбырада ойнап ән айтқан, күй тартқан. Ендеше ортаға ________________________________ шақырамыз!
1- жүргізуші
Наурыз
мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан
сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығымен,
шуағымен күн - ана,
Алып
кетіп жер бетіне гүл көктем!
2 – жүргізуші
Жыр
сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік,
қадіріңді білдік пе!
Құтты
болсын Ұлыс күні жұмылдырған
Бәрімізді
ынтымақ пен бірлікке!
1 – жүргізуші
«Кім көп біледі ?» ойыны
ойналады. Ойынның тәртібі: қазіргі қойылатын сұрақтарға балалар кезекпен
жауап береді, ойынның талабы өзге ұлт өкілдерінің қатысуы сұралады.
1. Қазақ
халық ұлттық ойындарын атаңыздар.
2. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын
атаңыздар.
3. Қазақ халқының ұлттық аспаптарын атаңыздар.
4. Қазақ халқының ұлттық сусындарын атаңыздар.
5. Қазақ халық ұлттық әшекейлерін атаңыздар.
6. Сандарға байланысты мақал-мәтелдер.
1 – жүргізуші
Ән
мен күйді төгілтіп,
Інжу-маржан
шашайық!
Жиналған
жұрт таң қалсын
Өнерден
шашу шашайық!!!
1 – жүргізуші
И русский, и
казах, и немец
Под шаныраком собрались.
Узнает пусть и иноземец
Народный праздник Наурыз.
Би ________________________
2 – жүргізуші
Тағы
да ортаға «Арқан тартысу » ойынына батыр
жігіттерімізді шақырамыз.
4.
9 б класы мен 9 г класы
5.
6 г класы мен 7 в класы
6.
10 А мен 9 кластар арасынан
ұтқан команда шығады.
1 – жүргізуші
Мы вместе сегодня праздник
встречали,
Пели, плясали и стихи
читали.
Наурыз нам праздник
подарил,
Наурыз нас всех объединил!
2 – жүргізуші
Наурыз – это не только
праздник встречи Нового года по древнему обычаю, это праздник весны,
пробуждения и обновления.
В этот день, когда природа
начинает радоваться весеннему теплу, пусть радость жизни войдет и в ваше
сердце!
Откройте свою душу солнцу,
миру, добру, любви и красоте!
От всей души поздравляем
вас с этим замечательным праздником!!!
Жүргізушілер бірге:
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!!!
|