Иманбаева Жұмагүл Бекмырзақызы Қызылорда қаласы №136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі
Пәні: Ана тілі 3-сынып Тақырыбы: Қажымұқан. Мұратхан Тәнекеев. Мақсаты: Білімділігі: Қажымұқан Мұңайтпасов, Мұратхан Тәнекеев туралы мағлұмат беру. Оқушылардың көркем шығарманы оқуға қызығушылығын арттыру. Дамытушылығы: Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға мазмұнын баяндауға дағдыландыру. Сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелігі: Ұлы тұлға өмірінен үлгі-өнеге алуға, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: Танымдық сабақ. Сабақтың әдісі: Сын тұғысынан ойлау технологиясының әдістері. Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, математика. Көрнекілігі: Қ.Мұңайтпасовтың суреті, естелік кітаптар, бейнетаспа, суреттер, слайдтар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту. -Үйге қандай тапсырма берілді? -М.Әлімқұловтың «Суретші ата – Қастеев» өлеңін жаттау -Ә.Қастеевтің жолын қуған қазіргі қандай суретшілерді білесіңдер? Г.Исмаилова, Х.Наурызбаев. -Ә.Қастеевтің қандай шығармаларын білесіңдер ? -Абай, Жамбыл, Шоқан, Амангелді, Амангелді сарбаздары.
ІІ. Мағынаны тану. Ә.Қастеев салған Амангелді портреті мен фотоаппаратпен түсірілген Қажымұқанның суретін салыстыру. - Қандай айырмашылығы бар? - Қандай ұқсастығы бар? Осы екі салада еңбек ететін адамды суретші дейміз. Мына суретте Астана қаласына 20 шақырымдай, қазіргі өзінің атына берілген ауылда 1871 жылы туылған тұлға кім? Қосымша көмек: Қазақ балуаны, кәсіби күрескер, әлем чемпионы. - Қажымұқан Мұңайтпасов Білемін Білгім келеді Үйрендім Қажымұқан туралы не білесіңдер? Тағы не білгілерің келеді?
Сұрақтар: 1. Қажымұқанның түрі, тұлғасы, бейнесі қандай болады? 2. Әлем чемпионы атағын қалай алды? 3. Қажымұқан атаның жолын қуған балуандар бар ма? 4. Балуандықтан басқа өнері бар ма? 5. Өнерімен халқына көмегі тиді ме? Мәтінмен жұмыс Қажымұқан туралы көбірек мәлімет алу үшін мәтінмен танысайық.Мәтінді оқушылардың 4 топ өзіне берілген бөліктерді оқуы, жұпта,топта талдауы. Сөздік жұмысы: Ипподром трибуна іркіліссіз титықтап алпамсадай 1-топқа мазмұнын әңгімелету Сол бөлікке ат қою. Күрес алаңында. Сұрақ: Халық неліктен Нұрлыны ерекше қошеметпен қарсы алды? 2-топқа мазмұнын әңгімелету Сол топқа ат қою. Балуандар кілемде. Мұқанның тәсілі. Сұрақ: Мұқан Нұрлыны жеңу үшін қандай тәсіл қолданды.? 3-топқа мазмұнын әңгімелету Сол бөлікке ат қою. Батыл шабуыл. Сұрақ: Жеңіліп бара жатқан Нұрлының күйі қандай болды? 4-топқа мазмұнын әңгімелету Сол бөлікке ат қою. Даңқты жеңіс. Сұрақ: Мұқанға қандай есім сыйға берілді? Ол нені білдіреді?
«Білгім келеді» бағанындағы және т.б. сұрақтарға жауап алу үшін Қажымұқан туралы түсірілген фильмді көреміз. Көріп болған соң не үйренгенімізді жазамыз. Сондықтан мұқият көру және тыңдау керек.
Қ.Мұңайтпасов туралы деректі фильмді көрсету ІІІ. Ой толғаныс. Оқушыларға эссе жаздыру. Жаздырғанын оқыту. Осындай ірі тұлға туралы жазған мәтіннің авторы кім? - М.Тәнекеев. Тағы Қ.Мұңайтпасов туралы шығармалар жазған Қ.Әбдіқәдіров, Ә.Қоңыратбаев. Г А Л Е Р Е Я Ғ А С А Я Х А Т Ж А С А У 4-топқа сурет беру 1. Қажымұқан 16 жаста 2.Сандық тасты сындыру 3. Қастандық 4. Күштілік Суреттің мазмұны әр топта талқыланып, біреуі тұрып әңгімелеп береді, тақтаға ілінеді. Мұғалім қорытады. ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАДАН ӨЛЕҢ ОҚЫТУ Сұрасаң, Қажымұқан менің атым, Орта жүз Ұзын Қыпшақ арғы затым. Арғы атам Қара Қыпшақ Қобыланды. Қолдайды күрескенге жұрағатын. Жиырма төрт елді мен араладым, Палуанды неше таудай жараладым. Алтын-күміс, қырық сегіз медаль алдым. Туған жердей ыстықты таба алмадым. Өзі туралы осылай жырлаған Қажымұқан атамыздың атында ауыл, көше, спорт мектептері,Шымкентте ескерткіші және Астанада үлкен спорт кешені бар. Бағалау. Үй жұмысы: Мәтінді оқу, баяндау.
|