Суббота, 21.12.2024, 17:03
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2013 » Декабрь » 10 » З. Шүкіров. Көнбеймін
15:27
З. Шүкіров. Көнбеймін

Әлсейітов Садырбай Көлегенұлы
Қызылорда қаласы,  № 8 облыстық арнаулы санаториялық мектеп – интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: З. Шүкіров. Көнбеймін (1-сағаты)
Мақсаты:
Білімділігі: З.Шүкіров туралы мағлұмат беру. Өмірі және шығармашылы-
ғымен таныстыру. Оқушылардың көркем шығарманы оқуға қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға мазмұнын баяндауға дағдыландыру. Шығарманы талдау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: тұлға өмірінен үлгі - өнеге алуға, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау.
Көрнекілігі: З.Шүкіровтың суреті, естелік кітаптар, суреттер, слайдтар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақ
Қызылорда облысында неше аудан бар?
Облысымыздың солтүстігінде орналасқан қай аудан?
Бүгінгі танысайын деп отырған тұлғамыз осы ауданның тумасы.

Бір жұлдыз болып жанам мен,
Бір жұлдыз болып қалам мен.
                        З. Шүкіров
Зейнолла Шүкіров туралы не білеміз?
Толықтырулар жасап, өмірінен мәлімет беру.

Зейнолла Анафияұлы Шүкіров (1927–1970) 1927 жылы 16 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылында туылған. Бастауыш сыныпты бітіргеннен кейін ауыр науқасқа ұшырап, ұзақ жылдар бойы төсекке таңулы болды. Бірақ ауыр науқас оның сағын сындырмады, керісінше өмірге деген талпынысы мен қызығушылығын арттыра түсті.
Өмірдің кез келген сәтсіздіктерімен ақын және жазушы ретінде қарсы тұра білді. Өзінің барлық дарқан жүрегімен, қиыншылықта өткен өмірінде халқына адал қызмет етті. Ол талантты ақын және керемет жазушы.
Өлеңдер жинағы (1955) «Менің достарым», «Теңіз әні» (1960), «Арал дәптері» (1962), «Жүрекке әмір жүрмейді» (1963), «Алау» (1966).
Әңгімелері «Ғажайып құмыра» (1965), повесть «Столкновение судеб» (1961) и повестер жинағы «Вольное дыхание» (1966). (қазақша аудару керек)
Сонымен қатар, Шекспир, Гете, Гейне, Ломартиннің шығармаларына аударма жасады.
Мәтінмен жұмыс
Ақын шығармашылығымен танысу.
«Көнбеймін» өлеңін мәнерлеп оқып беру.
Өлеңді оқушыларға оқыту.
Сөздік жұмысы: бұғаулап, Гоголь, Шиллер, Гейне, толқынның жалы.
Өлеңді шумақтармен оқытып, әр шумақтың мазмұнын қара сөзбен әңгімелету.
Өлең мазмұны бойынша сұрақтар беру.
Ақын неліктен өзін тұтқынға теңейді?
Ол кімдердің шығармаларын оқыды?
Ақын кімдерді көргісі келеді?
Ақын: «науқастықтың кесірінен не істей алмадым?» - деп өкінеді.
Ол қандай жерлерді аралағысы келеді?
Тапсырмалар орындау.
Кең, шексіз дала туралы айтылған шумақты тауып оқу.
Қай шумақ қайталанып келген?
Өлеңде айтылып тұрған теңіздің атауы қалай аталады? Ол туралы не білесіңдер?
Өлеңнің тақырыбы неліктен «Көнбеймін» деп аталған? Ол неге көнгісі келмейді?
Өлеңді оқушыларға оқыту.
Өлең мазмұнын толығымен әңгімелету.
Өлеңнің құрылымына тоқталу.
Өлеңде барлығы неше шумақ бар? Әр шумақта неше қатар бар?
Өлеңнің әр шумағында қай қатарлары ұйқасып келіп тұр?
Әр қатардағы буын санын анықтау. (8 буыннан тұратын қара өлең)
1-қатар----------------------------------(а)
2-қатар----------------------------------(б)
3-қатар----------------------------------(а)
4-қатар----------------------------------(б)
1-қатар мен 3-қатар, 2-қатар мен 3-қатар ұйқасып келіп тұр. Бұл ұйқастың қай түріне жатады?
ІІІ. Қорытындылау

Интерактивті тақтадан өлең шумағын оқыту
        Бейне бір тұтқын мен де үйде,
        Төсекке буып тастаған.
        Көнбеймін, дүние, бұл күйге,
        Кеңірек есік аш, маған!

Берілген шумақ бойынша оқушыларға эссе жазу тапсырылады, жазғандарын оқыту.
З.Шүкіровтың танымалдығы туралы толықтырулар жасау.
Шығармалары қай тілдерге аударылған?
Өзі туралы осылай жырлаған З.Шүкіров атамыздың атында ауыл, көше, мектептер бар.
Үйге тапсырма: З.Шүкіров туралы мәліметтер жинау.
Шығармаларымен танысу. Ақын өміріне байланысты естеліктер оқу.

Просмотров: 2759 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика