Алтынбекова
Нұрсұлу Қызылорда
қаласы
№136
Т. Жүргенов атындағы мектеп-лицейінің
музыка
пәнінің мұғалімі
Сабақтың
тақырыбы: Кавказ халқының музыкасы
Сабақтың
мақсаты: Музыкалық білімін
жетілдіру.
Білімділік:
Кавказ халқының өнерімен таныстыру.
Дамытушылық:
Ән айтуын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Халықтар музыкасына
құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сабақтың
көрнекілігі: Баян
аспабы,сызбалар,слайд,үлестірме қағаздар. Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ән
айту, музыка тыңдау, талдау, кестелермен жұмыс.
Пәнаралық байланыс:тарих,ана тілі.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Дауыс
жаттығуына, «Дыбыс қатарын» орындайды. II.Үйтапсырмасын сұрау: -Балалар,біз өткен сабақта қандай композитормен таныстық? -П.И.Чайковскиий Сұрақтар: -П.И.Чайковский өмір
сүрген жылы? (1840-1893)
-П.И.Чайковскийдің опералары? («Воевода», «Опричник», «Ұста вакули»,«ЕвгенийОнегин») -П.И.Чайковскийдің балеттері? («Аққу көлі»,«Шелкунчик»)
-П.И.Чайковский Кім? (Орыс халқының ұлы
композиторы, профессор)
«Веснянка»әнінің сөзіне жазылған шығармасы? (Фортепиано мен оркестрге арналған №1 концерт )
III.Жаңа
сабақ
Олай
болса, бүгінгі біздің сабағымыз Кавказ халықтарының музыкасына арналады.
Кавказ
таулары жөнінде естігенің бар ма?
Ол
шыңдары биік, асқақ таулар.Табиғаты аса сұлу болып келеді.Біздің Алатауымызға
ұқсайды.Онда түрлі халықтар өмір сүреді.Әрқайсысының өз
мәдениеті,әдет-ғұрпы,дәстүрі бар.Кавказ халықтарының түп тамыры сонау алыс
ғасырларда жатқан музыкасы көркем де ойнақы болып келеді.Отанынан жырақта
болғанына қарамастан,Қазақстан жеріндегі Кавказдықтар өз асыл мұраларын
сақтап,ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді.(слайдтармен көрсетіледі.)
Кавказ халқына: Әзірбайжан Армян Грузин
а)
Армян халқының аспабын зурна деп атайды.Әнші композиторларын гусан деп атайды.(суреттер көрсетіледі)
IV.Музыка
тыңдау:А.И.Хачатурян шығармашылығы мен таныстырамын.Шығармалары-«Спартак» және
«Гаянэ» балеттері
А.И.Хачатурянның
«Қылыш пен би»шығармасы тыңдатылады.
б)
Грузин халқының музыкасы көп дыбысты болып қалыптасқан.Ұлттық аспаптары пондури
және төрт ішекті чоигури деп аталады.(сурет көрсетіледі)
V.Кавказ
халқының биі «Лезгинка»тыңдатылады.
в)Әжірбайжан
халқы өте өнерлі халық.Әндері әсем сазды.Әншілерін «ашуг»деп
атайды.Ашуг-ақын,композитор,орындаушы.Аспаптары «саз»деп аталады. VI.Ән орындау
Әзірбайжан
композиторы Г.Гусейнлидің әні «Шөжелерім»әні үйретіледі. Ән жеңіл орындалады.
VII.Сабақты
қорытындылау.
Үш
қатар оқушылары әр халық туралы не білгенін айтып шығады. 1 - топ Әзірбайжан
халқының музыкасы 2-топ Армян халқының музыкасы 3-топ Грузин
халқының музыкасы
VIII.Оқушыларды
бағалау.
IX.Үйге
тапсырма:
1.Әнді
жаттау
2. «Кавказ» сөзіне сөзжұмбақ құрау.
|