Әлсейітов
Садырбай Көлегенұлы
Қызылорда
қаласы, № 8 облыстық арнаулы
санаториялық мектеп – интернатының
қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың
тақырыбы: Ә.Қоңыратбаев – үлкен ғалым, қарымды қаламгер
Сабақтың
мақсаты:
1. Ә.
Қоңыратбаев туралы мағлұмат беру. Оқу дағдыларын қалыптастыру, мазмұндай білуге
үйрету.
2.
Оқушылардың алған білімдерін қажетті уақытта қолдана білуге, өз ойларын ортаға
салуға, оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, есте сақтауын дамыту.
3.
Табиғатты, ондағы жан – жануарды қорғауға, байлығын сақтауға, туған жерді сүйе
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың
әдісі: Баяндау.
Көрнекілігі:Ә.Қоңыратбаев
суреті, естелік кітаптары, суреттер, слайдтар.
Сабақ
барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Өткен сабақты
сұрақтар қоя отырып еске түсіру.
Жаңа сабақ:
Ә.
Қоңыратбаевтың өмірімен, естеліктерімен таныстыру.
Әуелбек
Қоңыратбаев 1905 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Ол
жоғары білім алған. 1928 – 1932 жылдары аудандық, облыстық, республикалық газет
– журнал редакцияларында, Қазақ өлкелік партия қызметінде жұмыс істеген. Ұзақ
жылдар бойы КазМУ, КазПИ, Қызылорда педагогикалық институтында доцент, кафедра
меңгерушісі болып қызмет атқарған. Ол кісінің көптеген еңбектері бар. Атап
айтқанда, «Шолпанның ақындығы», «Жеті алып», «Абай романтизмі», «Керуен» т.б.
еңбектері, зерттеулері, әдістемелік оқулықтары бар.
Ә.
Қоңыратбаев
Көркем
аудармашы
Әдет –
ғұрыпты зерттеуші
Филология
ғылымдарының докторы, профессор
Әңгімелері Өлеңдері мен жыр-дастандары
Естеліктері
Жалшы күні Қыз бәйгесі Ұрпаққа сәлемдеме
Ел іші Жеті алып Ағартушы
қайраткер, қаламгер
Түнгі оқ Жастарға
Ғани
тәрбиесінде
Иманжүсіп Ардақты ата-анаға Жылдар, ойлар
Қамыс мектеп
Теңдік жолы Баһадүр палуан
Жұлдызды бұзау
Төгілген гүл
Жылтырбай Менің тілегім
Табиғат
тамашалары Үш құрма
Жаңа жұртта Өсиет
«Баһадүр
палуан» естелігінде Ә. Қоңыратбаев «Өткенді айтпай, жаңа еске түспейді»
демекші, сандай көрнекі адамдардың ісін, күресін, арманы мен өмір жолын білген
ләзім – деп тұлғалы адамдардың бірі – атақты палуан Қажымұқан туралы естелік
жазған.
«Батырдың
тегі» Қажымұқанның аталары шетінен батыр болыпты. Төртінші атасы Сәді Абылай
тұсында өмір сүрген үлкен батыр, асқан найзагер адам екен. Сәді батыр тұқымының
ішінде алып туған Ернақы көрінеді. Шын аты Ержан.
«Жастық
шағы» Қажымұқан 1871 жылы Ақмоладағы Қараөткел ауданына қарасты Қоспа деген
жерде дүниеге келген. Әкесі Мұңайтпас өте кедей, есігінде тышқақ лағы да
болмай, судан балық аулап күн көрген. Қажымұқан 12-13 жас кезінде 20 жасар
жігіттей көрінген.
«Палуандығы»
1888 жылы Қажымұқан жалшылықтан құтылып, өз бетінше өмір сүре бастайды. Ел
арасында қазақша күреске түскенде, оған төтеп беретін жан болмайды.
«Ұрпақтары»
Қажымұқан отыздың алтауына келгенде үйленген. Одан бұрынға 20 жылдай уақыты
күрес пен серілік жолында кеткен. Бірінші әйелі поляк қызы Надежда Чепковская
(Фатима деп ат қойған) 1909 жылы Халиолла деген ұл туған. Екінші әйелі –
Рыстыға үйленіпті. Одан 3 ұл, 3 қыз дүниеге келген. Үшінші әйелі Мінайға
үйленген. 1940 жылы Мінәйдан Айдархан туады. Төртінші әйелі Айшагүл.
«Серілігі»
Көпшілік қауым тек қана күш иесі деп ойлап, оның басқа қасиеттеріне көңіл бөле
бермейді. Ол қазақтың қара сөзіне ұтымды әзіліне Қажекең ұста болған. Есепсіз
көп әңгімелер, мақал - мәтелдер, ел аузындағы шешендік сөздерді әңгімесіне
араластырып, орынды қолданып отырған. Әншілік өнері де болған. Қазақтың терме
сөздерін, терең мағыналы толғауларын жатқа айтқан.
«Майданға
хат» Қажымұқанды елі аса қадірлейді екен. Сталиннен телеграмма алысымен
Қажымұқан үлкен той жасаған. Тойға 4 ауданның кісілерін шақырып қонақ еткен.
Олар Арыс, Түркістан, Шәуілдір. Шаян аудандары және Шымкенттен келген қонақтар.
Тойдың аты Қажымұқандыкі де, заты халықтікі болған. Батыр өз атынан майданға
жауынгерлерге хат жолдады. Бұл хат тойға жиналған халыққа түгел жарияланып
оқылды.
Интерактивті
тақтада сол хаттың мәтіні берілген.
Тапсырма:
1. Хаттың толық нұсқасын оқып алыңдар.
Майдандағы балаларыма!
Майдандағы
балаларым, інілерім, сендердің өткен жолғы орасан зор жетістіктерің бүкіл жер
жүзін таңдандырды. Мұны еліміздің кәрі – жасы бірдей мақтан етеді. Сендердің
жауға берген соққыларыңның арқасында совет жері неміс - фашист басқыншыларынан
толық тазарды.
Майдандағы
балаларым, соғыс Германия жерінен, толық жеңіс күніне санаулы-ақ күндер
қалғанда, сендерге мынаны айтқым келеді. Бұдан 184 жыл бұрын орыс әскерлері
Берлинді алғанын тарих біледі. Міне сол орыс армиясының ұрпақтары, сіздер де
Берлинге барып жеңіс туын тігулеріңізге тілектеспін. Өз тарихымда мен де 1910
-1914 жылдары Берлин мен Гамбургке барып немістердің атақты Инструмент Ганс Том
Кеннеди сияқты палуандарын жауырынын жерге қақтырып өлтіре жыққанмын. Сол
жылдары-ақ Ресейдің, қазақ халқының намысын немістерге жібермегенмін.
Қазіргі ұрпақтың шешуші кезеңі бүкіл ел,
бала-шаға, әке-шешең, аға-інің, апа-қарындастарың, сүйген жарларың сендерді
жеңіспен келеді деп күтіп отыр.
2. Хатты оқып отырып алған әсерің
жайлы жаз.
Сабақты
қорытындылау.
Ә.Қоңыратбаев
туралы не білдіңдер?
Баһадүр
палуан естелігінде кім туралы жазған?
Қажымұқан
туралы айтылған жаңа деректер ұнады ма?
Үйге
Қажымұқан туралы деректер жинақтау. Қоңыратбаевтың әңгімелерін оқу.
|