Доспенбетова Мөлдір Жанатбекқызы Қызылорда қаласы №7 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мұғалімі Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 4 «В» Сабақтың тақырыбы: Ұсталық. Жіктік жалғаулары. Мақсыты: Білімділік: жіктік жалғаудаң мәнін ашу, қызметін меңгерту, теориялық білімді практикада қолдана білу. Ұсталық өнердің қыр-сырын түсіндіру. Дамытушылық: шапшаңдыққа, ойын жинақтап, нақты жеткізе білуге дағдыландыру. Тәрбиелік: тілдегі асыл сөздердің мәнін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік қасиеттерді ұялату. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығумен жұмыс, сөзжұмбақ, "Болжау" стратегиясы, топтастыру, бес жолды өлең, рафт әдісі, семнтикалық карта Көрнекілігі: интерактивті тақта, бағалау парақшасы Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу, орыс тілі Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Сәлемдесу 2. Түгелдеу 3. Оқушы назарын сабаққа аудару - Балалар, қазір бізде қазақ тілі сабағы және бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Өз қонақжайлығымызды ұйымшылдық, тәртіп, ең бастысы біліміміз арқылы көрсетейік. ІІ. Психологиялық дайындық Әрбір адам. (Туысым, досым, жұрағат) Әрбір сабақ. (Үйрену, ұғу, ұлағат) Әрбір ісің. (Тірлік, тірек, адамдық) Әрбір сөзің. (Шындық, бірлік, адалдық) - Балалар, бүгінгі сабаққа жұмыла, белсенді қатысуларыңызды сұраймын Сыныпты "Адасқан сөздер" әдісімен екі топқа бөлу 1. Қолың ұста болсын, Сөзің қысқа болсын. 2. Шешеннің сөзі ортақ, Шебердің қолы ортақ. (Топқа бөліп, топбасшысын сайлау. Топбасшысына бағалау парағын беру. Сабақ соңында топбасшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды.) ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. "Ойлан тап!" ойынымен сөзжұмбақ шешу Сөзжұмбақты шешу арқылы өткен тақырыптардан алған білімдерін тексеру. Кілт сөзді табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. 1. ҚР-ның рәміздерінің бірі 2. "Серьги" сөзінің баламасы қандай? 3. Бір заттың кімге меншікті екендігін білдіретін қандай жалғаулар? 4. "Кольцо" сөзінің аудармасы қандай? 5. Алатаудың етегінде орналасқан әсем қала 6. "Дрогоценный" сөзінің аудармасы қандай? 7. Қазақстан туында қандай құс бейнеленген? ІҮ. Жаңа сабақ 1. "Болжау стратегиясы" Тақтадан бейнеүзік көрсетіледі. Бейнеүзік арқылы оқушылар жаңа тақырыпқа болжау жасайды. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Ұста — шебер, ісмер адам. Түрлі материалдардан тұрмысқа, күнделікті өмірге қажетті заттар, бұйымдар жасаған. Ұстаның негізгі құралдары: көрік, төс, ерітетін ожау, балғалар, көсеу, бұрғы, қашау, егеу, шеге, сым, қалыптар. Ұста қалыпта құю, соғу, шегендеу, қара бағдар қондыру, зер жүргізу, сіркелеу сияқты тәсілдерді қолданған. Қазақстан аумағындағы ұсталық өнер қола дәуірінен бастап кеңінен дамыған. Жасайтын материалына не бұйымына қарай дәстүрлі қазақ қоғамында ұсталар мүйізші, ерші, тоқушы (шыбық тоқушы), ағаш оюшы, сазгер, майдагер, мыскер, балғашы, таспашы, бәдізші, темірші, т.б. болып бөлінген. Көпшілік ұсталар ұсталықтың бірнеше түрін меңгерген. Халық арасындағы мәліметтерге қарағанда ұсталықпен бастапқыда бақсылар айналысқан. "Тәңірдің өзі жіберген іс істеуші адамдар” деп оларға халық аса құрметпен қараған. 2. Топтастыру 3.Сөздікпен жұмыс ұсталық - кузнечный ағаш ұстасы - плотник, столяр күнделіктегі қолданыстағы бұйымдар - вещи повседневного употребления балтамен шабу - разрубить топором арамен кесу - пилит балғамен шегелеу - прибивание гвоздя молотком а) жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру, хормен қайталау ә) оқушылар кезек-кезек біреуі орысша, біреуі қазақша оқиды б) І топ. "Ұсталық" сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар ІІ топ. "Ұста" сөзін тәулдеңдер 4. Оқулықпен жұмыс 1- жаттығу. а) Мәтінді түсініп оқы. ә) Әр топ мәтінге үш сұрақ дайындайды. Бір - бірлерінің сұрақтарына жауап береді. "Ақылды болсаң, тауып көр..." 2 - жаттығу. Орындық жасауға қажетті құралдар мен қажет емес заттардың атауларын топтап жаз. І топ. Орындық жасауға қажетті құралдар: ІІ топ. Орындық жасауға қажет емес заттар: Сәйкестендір 3 - жаттығу. Дұрыс сөз тіркестерін құрастырып жаз ұстаның кітабың, дәптерің сенің атам, әжем баланың балтасы, шегесі менің үйіміз, көшеміз біздің ойыншығы, добы Сергіті сәті. 5. Грамматикалық тақырып кім? деген сұраққа жауап беретін зат атаулары және қимылды білдіретін барлық сөздер жіктеледі. Мысалы: І топ. Кім? деген сұраққа жауап беретін 3 сөзді жіктеңдер. ІІ топ. Қимылды білдіретін 3 сөзді жіктеңдер 6. Шығармашылық жұмыс 7. Бекіту. Семантикалық карта арқылы грамматикалық тақырыпты бекіту. "5 жолды өлең" әдісімен лексикалық тақырыпты бекіту 1. Зат есім Ұста 2. 2 Сын есім шебер, ақылды 3. 3 етістік жасайды, шабады, кеседі 4. Сөйлем немесе Ұста ағаштан орындық жасады сөзтіркесі 5. Синоним шебер 8. Қорытынды. Рефлекция әдісі бойынша бірнеше сұрақтар қойып сабақты қорытындылау 1. Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? 2. Несімен ұнады? 3. Бүгін сабақты жалғаудың қай түрімен таныстық? Сабақ соңында оқушылардың көңіл күйлерін бас бармақтарын көрсету арқылы анықтау. 9.Бағалау. Топбасшысы өз бағаларын айтады 10. Үйге тапсырма. 1. 2- жаттығу. 60 - бет. 2. "Ұсталық" туралы мақал - мәтел жаттау.
|