Үмбетова Аманкүл Қызылорда қаласы №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Пәні: математика Сынып: 2 Тақырыбы: Қайталау □ ± 9. Мақсаты: 1) Ондықтан аттап 9 санын қосу және азайтуды қайталау. 2) Еспетерді шығару, салыстыру, 2 амалмен шығарылатын есептерді шығаруға машықтандыру. 3) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Слайд, оқулық. Сабақтың барысы. 1)Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. - Балалар, қазір бізде қандай сабақ? - Математика. Біздің ұранымыз: Математиканы оқимыз, миымызға тоқимыз. Ендеше сабағымызды бастайық. (Мұғалім: Балалар күнделік) Слайд №1. 7+8 15-7 16-8 9+7 16-9 9+8 17-8 9+9 18-9 16-7 Т А Б И Ғ А Т А Н А Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ішетін суымыз. Осының бәрін қайдан аламыз? Ендеше, табиғатты асыраушы, қамқоршы анамыз деуге бола ма? Олай болса бүгінгі сабағымыз ерекше болайын деп тұр. Біз «Табиғат-Анаға» теңіз арқылы қонаққа барамыз. Теңіз арқылы болса, қандай көлікке мінуіміз мүмкін? Слайд №2. Кеме, теңіз. Саяхатымыз өте алыс және қызықты, бірақ қауіпті. Жолда әр түрлі қиындықтар кезігеді. Саяхатқа тек батыл, ержүрек, тапқыр математиктерді ғана аламыз.
|